Сөйлеу етістіктері. Сөйлеу етістіктерінін жалпылауыш семалары дыбыс арқылы бір нәрсені, хабарды екінші біреуге жеткізуді білдіретін сема. Олар мынадай кіші топтарға бөлінеді:
1.Хабарлау етістіктері. Бұл топқа енетін сөйлеу етістіктерінің негізгі ядросы болып саналады да бір информацияны екінші біреуге хабарлау, білдіру мәнін білдіреді: айту, сөйлеу, хабарлау, жеткізу, деректеу,дерек беру, хабар беру, аузынан шығып кету, арыз айту,тілге келді, сөзге араласты т. б.
Сөйдеу, солай деу. Осылай деп айту. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 486 -бет] Айтқыз, сөйлеткіз, сөйлеттір, сөйлет. Айтуға, сөйлеуге мүмкіндік беру. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 35 -бет] Айтқыш, айтымпаз. Келістіріп айта білетін. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 35 -бет] Сөйлесу,әнгімелесу, тілдесу, жауаптасу, мәслихаттасу, сұхбаттасу, лебіздесу. Отырыс жасап, өзара пікір алысу, ой бөлісу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 486-бет] Хабарлау,мәлімдеу, мағлұмдау, жариялау, құлақтандыру, әйгілеу, ақпарлау.Болған немесе болатын оқиғаның мән-жайын айтып беру, жеткізу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 576 -бет] 2. Сөйлесу етістігі. Бұл топтағы етістіктерде сөзге араласушы біреу болмай екеу не одан да көп болады. Бұл етістіктер көбіне ортақ етіс формасында қолданыла- ды: ақылдасу,амандасу ,сөйлесу, әнгімелесу, әзілдесу, айтысу, келісу, тартыcy т. б.
Ақылдасу, кеңесу, пікірлесу. Қандайда бір істі, мәселені көптің талқысына салып, солардың пікірлерімен есептесу, санасу. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 141 -бет] Азғыру, айналдыру, дөңгелету сөйл. Өзінің арам ойын іске асыру мақсатымен, біреуді алдап-сулап, айтқанына көндірмек болу. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 28 -бет]