Орындаған: Жолдыбай Г. Рахматулла А, Жиенбаева М. Қабылдаған


Т.Сайрамбаев, Ы.Е.Маманов, А.Хасенова, С.Аманжолов, Н.Оралбаева, Ə.Болғанбаев, М.Оразов, А.Ысқақов



бет3/11
Дата15.02.2024
өлшемі42.16 Kb.
#491956
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
дыбыс-сес, қозғалу етістіктері 2

Т.Сайрамбаев, Ы.Е.Маманов, А.Хасенова, С.Аманжолов, Н.Оралбаева, Ə.Болғанбаев, М.Оразов, А.Ысқақов т.б. ғалымдар. Етістіктердің семантикалық өрісін талдап, мағынасына қарай бөлу мəселесі “Современный казахский язык” атты еңбекте етістіктерді төмендегіше 7 топқа жіктелген:
1. Қимыл-əрекет мəнді етістіктер: /жаз, байла, ақта т.б/.

  1. Қимыл объектісі белгісіз мəнді етістіктер: /жүгір, жығыл, қозғал т.б/.

  2. Қалып- етістіктер: /отыр, тұр, жатыр, жүр /.

  3. Дерексіз күй мәнді етістіктер:/ұйымдастыр/баянда/көбейт/мақта/

  4. Еліктеуіш мәнді етістіктер: /қаңқылда/гүрілде/ шуылда/

  5. Қалыптасу мәнді етістіктер: /қоздады/

  6. Көмекшілік қызмет мәніндегі етістіктер: ет, де, т.б/ [М.Балақаева “Современный казахский язык” Алматы: Мектеп, 1959 жыл. 201-208 беттер]

Ы.Е.Маманов өз еңбегінде етістіктерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырып бөлу өте қиын, тіптен мүмкін де емес оларды мағынасы жағынан басты ерекшеліктеріне қарай, бірнеше топқа бөлуге болатындығын айта келіп, 8 топқа бөліп көрсеткен:
1. Іс-əрекеттік қимылды білдіретін етістіктер: жазу, сызу, көтеру, шашу.
2. Қозғалыс қимылын білдіретін етістіктер: жүгіру, еңбектеу, домалау.

  1. Қалып-күй процесін білдіретін етістіктер: тынығу, жүдеу, арықтау.

  2. Көңіл-күйді білдіретін етістіктер: қайғыру, қуану, күлу, жылау.

  3. Сапалық белгінің өзгерісін білдіретін етістіктер: ұзару, ағару, азаю.

  4. Еліктеу, бейнелеу етістіктері: жымыңдау, пысылдау, гүрсілдеу.

  5. Туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер: балалау, қоздау, боталау.

  6. Субъективтік реңді білдіретін етістіктер: азсыну, көпсіну, кемсіту [ Ы.Маманов «Қазіргі қазақ тілі. Етістік» – Алматы: Мектеп, 1966. – 156 бет]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет