Тарихи процеске структуралық көзқарастың қалыптасуы.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлемдік философияда өздерін структурашылдар деп атайтын топ пайда болды. Адамзат тарихында болып өткен уақиғалар қоғамдағы кездейсоқ құбылыстардың жиынтығы деп атауға болмайды. Кез-келген оқиға қоғамда болып жатқан күрделі құбылыстардың бір тетігі. Бірімен-бірі кезектесіп болып жатқан оқиғалар легі белгілі бір жүйені құрайды. Әрбір жеке-леген оқиға функциональды талдау жасауды қажет етеді.
Қоғамда макроструктура және микроструктура бар. Олар белгілі бір заңдылықтар негізінде өмір сүреді. Егер арасындағы байланыс үзілетін болса, немесе бұзылатын болса онда бүкіл структура жойылып кетуі мүмкін. Тарихшы әрбір процесті тек даму барысын зерттеп қана қоймай, олардың ішкі функциональды байланысын, себеп салдарларын да анықтауы қажет. Мұндай жағдайда процесс барысындағы жеке тұлғаның орны көрінбей қалуы мүмкін. Бірақ одан қауіптенудің қажеті жоқ.
Бұл теорияның негізін қалаушы француз ғалымы Ф.Де Сосюр синхрония және диахрония терминдерін ғылымға енгізді. 1951 жылы этнолог Леви-Стросс «Структуралық антропология» деп аталатын кітабын жарыққа шығарды. Ол структура теориясын зерттеу моделі ретінде қарастыруды ұсынды. Қоғамда болған фактілерді жинақтап, талдап оны логикалы түрде түзеу (құрастыру) қажет. 1973 жылы Халықаралық конгресте арнаулы баяндама жасап, бұл теорияны тарих ғылымында пайдалануды ұсынды.
Ресейде алғаш рет 1976 жылы Москва университетінің профессоры И.Д. Ковальченко осы әдіс негізінде тарихи зерттеулерде математика ғылымының мүмкіншіліктерін пайдалануды ұсынды. Бұл жөнінде келешекте оқылатын лекцияларда толық тоқталамыз.
Қорытынды
ааТарихи процеске структуралық көзқарастың қалыптасуы.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлемдік философияда өздерін структурашылдар деп атайтын топ пайда болды. Адамзат тарихында болып өткен уақиғалар қоғамдағы кездейсоқ құбылыстардың жиынтығы деп атауға болмайды. Кез-келген оқиға қоғамда болып жатқан күрделі құбылыстардың бір тетігі. Бірімен-бірі кезектесіп болып жатқан оқиғалар легі белгілі бір жүйені құрайды. Әрбір жеке-леген оқиға функциональды талдау жасауды қажет етеді.
Қоғамда макроструктура және микроструктура бар. Олар белгілі бір заңдылықтар негізінде өмір сүреді. Егер арасындағы байланыс үзілетін болса, немесе бұзылатын болса онда бүкіл структура жойылып кетуі мүмкін. Тарихшы әрбір процесті тек даму барысын зерттеп қана қоймай, олардың ішкі функциональды байланысын, себеп салдарларын да анықтауы қажет. Мұндай жағдайда процесс барысындағы жеке тұлғаның орны көрінбей қалуы мүмкін. Бірақ одан қауіптенудің қажеті жоқ.
Бұл теорияның негізін қалаушы француз ғалымы Ф.Де Сосюр синхрония және диахрония терминдерін ғылымға енгізді. 1951 жылы этнолог Леви-Стросс «Структуралық антропология» деп аталатын кітабын жарыққа шығарды. Ол структура теориясын зерттеу моделі ретінде қарастыруды ұсынды. Қоғамда болған фактілерді жинақтап, талдап оны логикалы түрде түзеу (құрастыру) қажет. 1973 жылы Халықаралық конгресте арнаулы баяндама жасап, бұл теорияны тарих ғылымында пайдалануды ұсынды.
Ресейде алғаш рет 1976 жылы Москва университетінің профессоры И.Д. Ковальченко осы әдіс негізінде тарихи зерттеулерде математика ғылымының мүмкіншіліктерін пайдалануды ұсынды. Бұл жөнінде келешекте оқылатын лекцияларда толық тоқталамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т., Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. Қостанай, 2009.
- Карр Э.Г. Что такое история? А., 1997
- Лаппо-Данилевский А.С. Методология истории СПб, 1910.
- Могильницкий Б.Г. Введение в методологию истории. М., 1989.
- Савельева И.М., Полетаев А.В. История и время (в поисках утраченного). М., 1997
- Тойнби А.Дж. Постижение истории. М., 1991
- Ясперс К. Смысл и назначение истории. М.,1994.
Достарыңызбен бөлісу: |