Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі Манипуляциялар тізбесі және олардың саны



бет13/16
Дата21.09.2022
өлшемі66.52 Kb.
#461063
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дамира Заманбекова

Емінің негізгі қағидалары. Жедел гломерулонефрит немесе созылмалы гломерулонефрит өршуі бар науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады.

  1. Аурудың жедел кезеңінде 4 – 6 аптаға созылатын төсек тәртібі тағайындалады. Науқастың гирозонтальды қалыпта болуы және бүйрек тұсына жылытқыштар қою бүйрек тамырларын кеңейтіп, бүйрек қан айналымын жақсартады. Сусіңдену кеткенде, қан қысымы қалыпқа келгенде және зәрдің құрамы жақсарғанда сәбиді жартылай төсек тәртібіне ауыстырады.

  2. Ем – дәм: ақ уыз, тұз шектелген арнайы ем – дәм қарастырылады, науқас сұйықты мөлшерлеп қабылдайды.Тәулік ішінде ішілетін сұйықтықтың мөлшері өткен күннің диурезіне және 300 мл – ді құрайды бүйректен тыс жоғалтқан сұйықтық мөлшеріне тең болуы керек. 3 – 7 күн көлемінде №7а диета қажет. Көп мөлшерде гормон қабылдайтын науқастарға бұл диета 10 күнге дейін ұзартылады. №7б диета 1 айға тағайындалады. №7 үстелді науқас ұзақ уақыт, 1 жыл көлемінде қабылдайды.

  3. Бүйректің қан ағысын жақсартатын препараттар: (курантил, трентал).

  4. Антикоагулянттар – гепарин.

  5. Стериоидты емес қабынуға қарсы препараттар – вольтарен, бруфен.

  6. Аурудың ауыр ағымында – кортикостероидтар.

  7. Цитостатиктер – циклофосфамид (ауыр жағдайда 8 аптаға дейін).

  8. Антибиотиктер – созылмалы инфекция ошағын жою үшін. Оның ішінде пенициллин тобының препараттары жоғары бағаланады.

№19 клиникалық тәжірибе тақырыбы.


Эндокриндік жүйе аурулары бар балалар күтімі.Көмек көрсету.


Эндокринді жүйе- ағзаның өсіп жетілуінің негізгі реттеушісі болып саналады. Эндокринді жүйеге жатады:гипофиз, эпифез, қалқанша, асқазан асты, қалқанша маңы, айырша, бүйрек үсті және жыныс бездері жатады. Кейбір эндокринді бездер эмбиональді даму кезеңінен бастап жұмыс істей бастайды.


Балалық шақтың әр кезеңінде белгілі бір эндокринді бездің қызметінің айрықша артуы байқалады. Мысалы, 5- 6 айлығында қалқанша бездің қызметі артады да, оның басты ролі 2- 2,5 жасқа дейін сақталады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің әсері 6- 7 жаста байқалады. Жыныстық даму кезеңінде ағзаның өсіп дамуына жыныстық бездер әсер етеді.
Гипофиз. Бұл эндокринді бездің қызметінен көбіне қалқанша, бүйрек үсті және жыныс бездерінің құрылымы мен жұмысы байланысты болады. Бала туған кезде гипофиз айқын секреторлы, белсенді болады.Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің артуы өсіп жетілуге әсерін тигізеді де гипофиз аралық алыптыққа (гигантизм) әкеледі, ал өсіп жетілуі аяқталғанда – акромегалияға әкеледі. Ал қызметінің төмендеуі – гипофизаралық нанизмге әкеледі.
Эпифез. Ересек адамдарға қарағанда бездің балалардағы мөлшері үлкен болады. Жыныстық циклға, лактацияға, көмір су және су- тұз алмасуға әсер ететін гормондар бөліп шығарады.
Қалқанша без. Нәрестеде құрылымы толық аяқталмаған. Нәресте туғандаға бездің салмағы 1- 5 грамм. 5- 6 жасқа дейін паренхимасының құрылуы және бөлінуі, салмағының қарқынды артуы байқалады. Көлемі мен салмағының тағы бір қарқынды артуы жыныстық даму кезеңіне дәл келеді. Негізгі гормондары: тироксин, трийодтиронин (Т3 4 ), тиреокальцитонин. Қалқанша бездің қызметі гипофиздің және бүйрек үсті безінің милы затының гормондарыменқадағаланады. Т3 және Т4 гормондары зат алмасуының, ағзаның өсіп жетілуінің және дамуының негізгі стимуляторлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет