Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі Манипуляциялар тізбесі және олардың саны



бет15/16
Дата21.09.2022
өлшемі66.52 Kb.
#461063
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дамира Заманбекова

Туберкулез-созылмалы инфекциялық-аллергиялық ауру,әр түрлі ағзаларда арнайы қабыну өзгерістердің болуымен сипатталады (туберкулездік гранулемалар).
Туберкулездің қоздырғышын алғаш рет неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылдың 24 наурызында ашты.
Қазіргі уақытқа дейін туберкулез жер шарында кең таралған аурулардың бірі болып саналады.
Соңғы жылдардағы туберкулез ауруының деңгейінің біршама төмендеуіне келесі іс-шараларды өткізі ықпал етті:
1. Барлық сау,жаңа туған нәрестелерге ауруға қарсы вакцинация және жоспарлы түрде белгілі жас шамасында ревакцинация өткізу.
2. Қауіпті топтағы балаларды диспансерлік бақылау.
3. Ошақтарда эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын өткізу.
4. Халықтың әлеуметтік-мәдени деңгейінің жоғарлауы.
Соған қарамастан кейінгі уақытта елімізде туберкулез ауруының таралуы қайтадан жоғарлаған.
Этиологиясы.
Туберкулездің қоздырғышы-микобактерия тобына жатады,сәулелі саңырауқұлақтар тектес.
Қоздырғыштың 4 түрі бар:
• Адам түрі-көбіне балаларда туберкулез тудырады;
• Өгіз түрі-ауру жануардың сүтін қолдану кезінде жұғады;
• Құс түрі – құс фермаларында жұмыс істейтін адамдар ауырады;
• Тышқан түрі-дала тышқандары ғана ауырады.
Қоздырғыштың негізгі қасиеттері
- сыртқы ортаға төзімділігі жоғары
-
төмен темперетураға төзімді
-
қышқылдар,сілті және спирттің әсеріне төзімді
-
тікелей күн сәуле,ультракүлгін сәуленің әсерінен,қайнатуда тез өледі-5-10 мин көлемінде
-құрамында хлор бар дезнфектанттарға сезімтал
-
сыртқы ортаның әр түрлі факторларының,арнайы бактерияға қарсы және химиопрепараттар әсерлерінен қасиеттерін өзгертеді және оларға төзімді түрлерін құрайды.


Аурудың көзі;
1. Туберкулездің бациллалы түрімен ауыратын ауру адам.
2. Ауру жануарлар
3. Ауру құстар
Инфекцияның негізгі таралу жолдары;
Ауа-тамшы
• Тағам арқылы
• Су арқылы
• Тұрмыстық түйісу
Құрсақішілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет