10 айлық бала көптеген заттарың, таныс адамдардың аттарын біледі, ересектердің айтқан сөздерін қайталайды, айтылған сөздердің кімге қатысты екнін ажыратады: итті «ав-ав», сиырды «му» дейді. Жетелегенде, қолдан ұстап жүреді.
11 айлығында бала өздігінен түрлі ойыншықтармен ойнайды: кубиктерді, пирамидаларды құрастыруға, ойыншықтарын сұрасан бермеуге тырысады. Өздігінен ұстамай тұра алады, алғашқы қадам басады.
1 жасқа толған бала көптеген заттардың атын біледі, оны көрсете алады, қарапайым тапсырмаларды орындайды. 10 – 18 шақты сөз біледі.
1,5-2 жасында қарапайым сөйлемдер құрастырып, әңгімелесе бастайды. Сөз қоры шамамен 300 сөзден тұрады.
2-3 жас аралығында сөз байлығы 900-1200 дейін жетеді, бала тақпақ, жеңіл өлеңдер үйренеді. Баланың қимыл дағдысы жақсы дамиды. Жүгіреді, секіреді, сатыға өрмелеп, велосипедпен жүре алады. Қолына қалам алып, «жазуға» тырысады.
3-5 жасында сөз байлығы артады, бала өлең, ертегі айтып, санап, жазуды, сурет салуды үйренеді. Осы жастарда сазды сезінуге, би өнеріне, шет тілдерін меңгеруге баулуға болады.
5-7 жасында үлкендермен әңгімелесіп, өзінің ойын, пікірін жеткізе алады. 7 жасында ми клеткаларының даралануы жетіледі, бала мектепке барады.
|
|
|
|
|
№3 клиникалық тәжірибе тақырыбы.
Дені сау нәресте.Күтімі.
Сау мерзіміне жетіліп туылған нәрестенің, орташа есеппен, дене салмағы 3200-3500 граммды, бой өлшемі 50-52 см құрайды.
Жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалау үшін, 1950 жылы америка акушері Вирджиний Апгар ұсынған, апгар шкаласы қолданылады.
Апгар шкаласы бойынша бағалау ең маңыздысы бес клиникалық белгілер бойынша өткізіледі:
1. тері қабатының түсі
2. Бұлшық ет тонусы
3. тыныс алуы
4. Жүрек қағысы
5. Рефлекторлы қозғыштығы
Әр белгі 3 баллдық жүйе бойынша бағаланады: 0, 1, 2.
Баланың жағдайы, Апгар шкаласы бойынша, туғаннан кейін 1 мин кейін бағаланады, қайталап – 5 мин кейін.
Жалпы баға әр белгі бойынша жеке жиналған баллдардың жиынтығынан құралады.
Кіндік кесілген сәттен және нәрестені анасынанбөлгеннен кейін нәрестелік кезең басталады, оның ұзақтығы 8 аптаны құрайды. Осы уақыт ішінде бала қоршаған сыртқы орта жағдайларына бейімделе бастайды: өкпемен тыныс алу, құрсақтан тыс қан айналымы қалыптасады, ас қорыту мүшелері қызмет ете бастайды, өзіндік жылу реттеу жүйесі пайда болады, зат алмасупроцестері жоғарылайды.
Нәрестелерде өмірдің жаңа жағдайларына бейімделу процесін көрсететін ерекше физиологиялық жағдайлар болады. Бұл жағдайларды шекаралықжағдайлар деп атайды, өйткені ол 2 кезеңнің арасында пайда болады, сондықтан физиологиялық болып табылады, қолайсыз жағдайларда патологиялық жағдайға ауысуы мүмкін. Ол қысқа уақытқа созылады, кейінде еш уақытта қайталанбайды және әдетте арнайы емді талап етпейді.
№4 клиникалық тәжірибе тақырыбы.
Шала туған бала.Күтімі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |