Орындаушы: Казбекова Наргиз, Тұралы Арайлым 9-сынып оқушылары Тақырыбы: Латын графикасына негізделген Қазақ тілі әліпбиін зерттеу Бағыты



бет4/7
Дата19.04.2023
өлшемі2.37 Mb.
#472454
1   2   3   4   5   6   7
Латын графикасына негізделген Қазақ әліпбиін зерттеу

1.1. Латын әліпбиінін шығу тарихы
Қазақ тiлi тарихындағы 1072-1940 жылдар аралығындағы алфавиттердiң ауысуы.Араб әліпбиі.Ежелгі Вавилондагы (б.з.б.2000-шы ж.) аккад, шуме тайпаларының жазба әрiптерi негiзiнде пайда болған көне жазулар. Оңнан солға қарай жазылады, бас әрiптерi болмайды. Араб жазуында бiр белгiше бар ()-"жогаргы һәмзә" бүкiл сөздегi жiңiшке дауысты дыбысты белгілеу үшiн, сөздiң басына қосылады. Олардың үшеуi (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты үстiне харакаттар (көмекшi белгiлер) қойылады, белгiлер Кұранда, сөздiкке, оқу құралдарында мiндеттi түрде койылып, ал қалган кездерде қойылмауы мүмкiн. Араб әлiпбиi қазақ халқының рухани өмiрiне, мәдениетiне, зиялы қауымның қалыптасуына ықпал етті. Әліпби баспа жұмысының жандануына игiлiктi қызмет етті. Араб жазуы алғашқыда "кадым", кейiн "төте" жазу үлгiлерi түрiнде Қазақстанда 1929 жылға дейiн пайдаланып келдi.[2] Ахмет Байтұрсынов әліпбиі. А.Байтұрсынов қазак тiлiнiң басқа түркі тiлдерiнен даралығын анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстық үнiн танытатын таңбаларын Әліпбиге енгiздi. Байтұрсынов Әліпбиінің тарихында "жана емле" (төте жазу) деп аталып, халықты сауаттандыруга iрi бетбұрыс жасады. Латын әліпбиі. Латын алфавиті - көне және халықаралық алфавит. Латындар римдiк көне тайпалар. Алфавиттерi бiздiң дәуiрiмiзден бұрын VIII-VII ғасырларда пайда болған. Кеңес Одағы кезiнде түркi тiлiнде сөйлейтiн халықтардың арасынан шыққан көрнекті ғылым кайраткері Н. Н.Нариманов араб алфавитінен жалпы түркiге ортақ жаңа алфавитке көшу қажеттiгi жайында ұсыныс жасады. Латын алфавиті 1928-1929 жылдары Қазақстанда қолданыла бастады. Сөйтіп, 1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба мәдениетiмiзде белгілі бір тарихи кезең болған. Х.Досмұхамедов мемлекет қайраткері ретінде қазақ тіліне үйлестіріп латын әліпбиін жасады. [3] Орыс әліпбиі. Орыс алфавиті негiзiнде қазақ әріптерін жасау 1939 жылы қолға алынды. Бұл графика- орыс алфавиті қазақтардың үйренуiне, оқуы мен жазуына аса қолайлы болды. Жаңа Алфавитке көшуге тіл білімінің көрнекті өкілдері ғалымдар С.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев және т.б. белсене қатысты. 1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті Әліпбиіді қолдануы қажет деген саясатпен орыс Әліпбиі қолданысқа енгiзiлдi. Орыс тiлiнде жоқ қазақ тiлi дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұксастырылып ( қ-к, ғ-г, ө-о, ң-н) кіргізілді. 1939-1940 жылдары түгелдей орыс алфавитіне көшу туралы үкіметіміз арнаулы қаулы алды. Латын сөздерін окуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. [4]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет