Орындаушы: Казбекова Наргиз, Тұралы Арайлым 9-сынып оқушылары Тақырыбы: Латын графикасына негізделген Қазақ тілі әліпбиін зерттеу Бағыты


Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі



бет5/7
Дата19.04.2023
өлшемі2.37 Mb.
#472454
1   2   3   4   5   6   7
Латын графикасына негізделген Қазақ әліпбиін зерттеу

1.2. Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі. Латын әліпбиіне көшудің тиімді тұстары:
Біріншіде, тіл тазалығы мәселесі.Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып,сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле,ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.[5]
Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашады.
Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі,негізінені,латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтеміз. Латын әліпбиіне көшу,сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру. Латын әліпбиіне көшу арқылы біз әлемдік деңгейге өзімізді таныта аламыз. [6]


Практикалық бөлім
2.1. Латын әліпбиін қолдану нәтижесі
Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу саясатын біз жетекшімен бірге ғылыми жоба жазу арқылы қолдаймыз. Себебі,біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немеме дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсақ, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. Жобаны жазу барсында жаңа латын әліпбиін іс жүзінде пайдалануын бастау қажеттігін түсіндік. Алғашқы тапсырма ретінде жетекшімізбен бірге латын әліпбиіне байланысты ақпараттар және мәліметтер жинадық. Екінші тапсырмамыз «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіннің 31 таңбасын таныстырды. Соңғы әліпбиде оңғы әліпбиде 31 әріп белгіленген. Сөздерді латиницамен оқу аса қиындық туғызған жоқ. Себебі, біз ағылшын тілін оқыған кезінен негізгі латын әліпбиімен таныспыз. Бірінші рет оқып тұрсақ та, әдемілеп оқып беруге тырыстық. Алайда, бірнеше мәрте қайталағаннан кейін есте сақталып, оларды шатастырмай оқу оңай бола бастады. Тәжірибеміздің келесі бөлімінде әр түрлі тақырыптарға Білім көкжиегі, Латын әліпбиі, Жазғы демалыс туралы шағын эссені дәптерге жаздық. Латын әріптерімен мәтін жазу қиындау тапсырма болды. Себебі, қолымыз жаңа әріптерге бейімделмеген,бірақ та екі-үш сөйлем жазғаннан кейін үйреніп кеттік. Тәжірбиеміздің нәтижесінде латын әріптермен мәтіндерді жиірек жазып, көз бен қолды жаттықтыру қажет екендігін түсіндік. Латын әліпбиімен жазылған мәтіндерді оқып-жазу деңгейіміз көтеріліп, оны пайдалану жеңіл болады. Демек, егер латын әліпбиіне көшсек, бізге оны қабылдау ойлағанға қарағанда, жеңілірек.
Сұхбаттар мен сауалнамалар алдық. Сұхбаттарды сыныптастар мен көршілерімізден алдық. Мысал Ыбырай Әминаның сұхбаты маған қатты ұнады. Жаңа Қазақстанда білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы , яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген сенімдіміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет