Мәселені шешудің нақты жоспары
1. Мектептерде оқушыларға латын әліпбиін насихатайтын еріктілер топтарын құру.
2.Латын әріпімен жазуға үйрететін факультативті сабақтар қою.
3.Шағын эсселер жазу.
4. Онлайн конвертер қазақ тіліндегі мәтіндерді кириллицадан латын әліпбиіне аударуға атсалысу.
5. Еліміздің ЖОО білім мекемелеріндегі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын «Латын әліпбиін оқыту әдістемесі» орталығын ашуға өтініштер жасау.
6.ЖОББМ аймағында оқыту зерттеуші топтармен тығыз байланыста жұмыс істейтін латын негізді қазақ әліпбиін оқыту орталықтарын ұйымдастыру.
Сауалнаманы 9 «А» сыныбынан алдық. Сыныпта 27 оқушы бар
Сауалнама сұрақтары
1.Латын әліпбиі туралы естідіңіз бе?
2.Латынша сөздерді түсінесіз бе?
3.Латын әліпбиі қай тілге жақын деп ойлайсыз?
4.Латынша жазылған сөзді қайдан көрдіңіз?
5.Латынша сөздік көмегінсіз түсінесіз бе?
6.Кириллицаның латын әліпбиіне өзгеретінін білесіз бе?
7.Латын әліпбиіне үлес қосқан зиялы қауымдарды білесіз?
8.Ахмет Байтұсыновтың қандай еңбегін білесіз?
9.Сіз қазақ тілін латын әлібиіне көшірідің қолдайсыз ба?
10.Сіз қандай үлес қоса аласыз?
Сараптаманың нәтижесі
60% - ия
30% - жоқ
10% - қиналамын
Зерттеулерден кейін сыныптастарым латын әліпбиіне көңіл аударады деген үміттемін. Әрине, аталған әліпби жобасының әлі бекітілмегенін, талқылауды екенін ескерсек, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, жалпы халықтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, қазақ тілінің заңдылықтарына сай әліпбидің өмірге келетініне шүбә болмауға тиіс деп ойлаймын.
Қорытынды
Жоба тақырыбын зерттеген кезде, латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз - кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті - латиницаны колданады. Бұл өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу аркылы тілдесуді қиындатады. Яғни латын әліпбиі - әлем казактарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.
Жаңа Қазақстан қуатты да табысты мемлекет болғандықтан мемлекеттік тілдің биік тұғырға көтерілуі маңызды. Латын әліпбиіне көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алуды дәлелдеу. Латын жазуына көшу арқылы бүгінгі техника жетістіктері мен ғаламтор жаңалықтарын ұтымды пайдалану. Латын қарпі түркі тілдес халықтарды жақындастыратын жазу. Латын әліпбиін қабылдай отырып тілдік ерекшелігімізді сақтаймыз.
Әліпбиге қатысты басты талап – қазақтың әр дыбысына жеке таңба беру. Себебі "бір таңба – бір дыбыс" принципі сақталуы шарт.
«Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады. Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз әркайсымызға байланысты және бұл уақыт еншісінде.
Бұл тақырып жалғыз оқушылырға ғана емес, мұғалімдерге де қызықты және кажетті деп ойлаймын. Осы жұмысымды жүргізу барысында мен өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |