Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «Қоршаған ортаны қОРҒаудың АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны



бет10/14
Дата08.06.2016
өлшемі5.6 Mb.
#122933
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ҚОСЫМША 2

Ресми емес аударма

БЕСІНШІ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАНЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ2

БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРҒА КІРІСПЕ


Ұлттық баяндамадағы ақпаратты орындау есебін ұсыну мақсаттары

  1. Конвенцияның 26 бабына және Тарап Конференциясының Х/10 шешіміне сай Тараптар өздерінің бесінші баяндамаларын 2014 жылдың 31 наурызына дейін тапсыруы тиіс.

  2. Ұлттық баяндамалар Конференция Тараптарына Конвенцияның үнемі орындалуын тексеруге, мүмкіндік беретін, сондай-ақ Биоәртүрлілік саласында Ғаламдық үміт дайындау материалдарын бақылауға мүмкіндік беретін басты құралы болып табылады. Конференция Тараптарының 12-ші отырысында жүргізілген бесінші ұлттық баяндама 2011-2020 жылдарға арналған Биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдаланудың Стратегиялық жоспарын орындауды аралық тексеру үшін қажет негізгі ақпараттың бірі болып табылады. Ұлттық деңгейде биоәртүрлілікті сақтау бойынша әрекеттерді жоспарлауға қажет құрал болып саналады, және шешімдердің бағытына қажет талдау және мониторинг нәтижелерін қамтамасыз етеді. Коммуникацияның маңызды құралы болып табылады.

Баяндама құрылымы

  1. Бесінші ұлттық баяндаманы құрастырудағы басты қағидалар негізгі үш бөлімнен құралуын ұсынады:

I бөлімде - биоәртүрлілік саласындағы беталыстар, қауіп-қатер және жағдайы туралы жаңартылған ақпаратпен және адамдардың тұрмысы үшін себеп-салдары;

II бөлімде - биоәртүрлілікті сақтау бойынша ұлттық стратегия және іс-әрекет жоспарлары (БСҰСӘЖ), олардың жүзеге асырылуы және биоәртүрлілік тематикасын есепке алуды қамтамасыз ету;



III бөлімде - Айтиде қабылданған биоәртүрлілікті сақтау бойынша және пайдаланудың 2015-2020 жылдарға арналған мақсатты міндеттерді жүзеге асырудың нәтижелері, және 2015 жылға белгіленген мыңжылдыққа даму Мақсаттарын жетудің мақсатты міндеттеріне үлес қосуы.

  1. III бөлім жоғарыдағы екі бөлімдегі ақпараттан туындайды, және де Конвенцияны орындау үшін ұлттық деңгейде қабылданған шаралар ретінде нәтижелерді көрсетеді, Айтиде қабылданған биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша және 2011-2020 жылдарға арналған Биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдаланудың Стратегиялық жоспарының стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетуге көмек көрсетеді, сондай-ақ, Мыңжылдық даму жоспарындағы мақсаттар мен мақсатты міндеттерге жетудің Стратегиялық жоспарын әске асыруға үлес қосу. Барлық үш бөлім бірге баяндаманың негізгі мазмұнын құрайды, және оларды атқарушы түйіндемені дайындау кезінде тұтас пайдалану керек. Атқарушы түйіндемеде баяндамадан шығатын негізгі қорытындылар мен тұжырымдарды ерекше атап өту керек, сондықтан ол коммуникацияның маңызды құралы болып табылады. Бұдан басқа, тараптар өздерінің баяндамаларына қосымшалар немесе жанама материалдарды қоса алады.

  2. Өздерінің баяндамаларында Тараптар ең соңғы жаңалықтарды (соңғы баяндаманы дайындағаннан кейінгі белгілі болған мәліметтерді), оның ішінде сәйкес бастапқы ақпаратқа сілтемелерді (мысалы 2010 жыл) көрсетіп Айтиде қабылданған биоәртүрлілікті сақтау бойынша және пайдаланудың 2015-2020 жылдарға арналған мақсатты міндеттеріне жету жолындағы нәтижелерді енгізу керек. Тараптар мүмкіндігінше индикаторларды қабылдап, алдынғы ұлттық баяндамаларда хабарланған ақпараттың қайталануын жою керек. Тараптар, сонымен қатар, өз баяндамаларында сипаттамаларға қарағанда, көбірек талдаулар мен себептеу нәтижелерін келтіріп, Конвенцияны орындау бойынша әрекеттер нәтижелерінің нақты мәліметтері мен мысалдарын келтіруі тиіс. Айтиде қабылданған биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша және 2011-2020 жылдарға арналған Биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдаланудың Стратегиялық жоспарын орныдау туралы нәтижелер мен шолу келтіру керек.

Жетекші қағидаларды пайдалану бойынша нұсқаулық

  1. Бесінші ұлттық баяндамада Тараптар Конвенцияның ұлттық деңгейде орындалуы туралы мәліметтерді сипаттама турінде ұсыну керек, және басты сұрақтарға нақты және шағын жауаптар түрінде әзірленуі тиіс. Тараптар сипаттама бөлімін келтірілген ақпаратты толықтыратын және тұсіндіретін кестелер, диаграммалар және суреттермен немесе сызбалармен, индикаторларментолықтырған дұрыс. Осындай ұсыныстармен анықтамалық құралға баяндаманың әрбір бөлігі бойынша кейбір ұсынылатын кестелер немесе матрицалар, диаграммалар, сызбалар, индикаторлар енгізіледі3. Бесінші ұлттық баяндаманың көлемі I - III жанамалармен бірге 40 беттен кем емес және 100 көп емес беттен тұрады. Егер баяндама бұл көлемнен асып кетсе, онда Тараптарға қосымшада жанама материал ретінде қосымша ақпарат келтіру керек.

  2. Тараптарға баяндаманың негізгі бөлімдеріне сай болып, ал бөлімшелерін бас қағидаларға сәйкесінше баяндалатын сұрақтарға ұқсас келтіру тиіс. Әрбір бөлімнің құрылымы өзгергіш сипатта болады. Ақпарат жартылай сай келсе, Тараптар қайталанудан құтылу үшін сілтемелерді көрсету керек.

  3. Тараптарға бесінші баяндаманы дайындау бойынша және бас қағидаларға қатысты кез-келген сұрақтар бойынша хатшылыққа хабарласса болады. Хатшылық және де осы қағидаларды пайдаланудағы кез-келген қиындықтарды шешуге, жетілдіруге көмектеседі. Мұндай ақпарат жанама құралдарды әзірлеуге қолданылады және келесі есептерге нұсқау болады.

Дайындау үрдісі

  1. Конференция Тараптарының отырысында түрлі талдаулар кезіндегі нұсқаулық көрсеткіштерде Тараптарға іс-әрекет субъектілерін, ҮЕҰ, азаматтық қоғам, тұрғылықты және жергілікті қауымдар, іс орталары және бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыру керек. Ұлттық баяндамалардың дайындалуына жауап беретін ұлттық үйлестіру орталықтары осыған ұқсас конвенцияларды орындайтын ұлттық орталықтармен бірлесе жұмыс істеу ұсынылады. Баяндамалардың дайындалуын үйлестіре отырып, түрлі конвенциялар бойынша үйлестіру орталықтары талдау нәтижелері мен мәліметтерімен алмасуы мүмкін, сондай-ақ баяндаманың келісімді болуын қамтамасыз ету керек. Мұндай үйлестіру жұмыстарын орындау ұқсас конвенцияларды орындау кезінде өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Тараптарға I Қоспада өз баяндамасына қысқаша сипаттама келтіру тиіс.

Ақпараттық-пропагандистский аспект

  1. Ұлттық баяндамаларды дайындау қоғамды Конвенция мақсаттарына жету нәтижелері туралы хабардар етеді және оларды қатыстырады. Сондықтан, іс-әрекет субъектілерін ұлттық баяндамаларға қатыстыру Тараптар өз баяндамаларын ұсынғанда ауқымды қоғамға биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдаланудың өздерінің оң нәтижелері мен жетпеген кедергілер мен тапсырмалар туралы хабарландыруы үшін өте маңызды. Коммуникацияның түрлі құралдарын, оның ішінде Биоәртүрліліктің Халықаралық күні ұлттық баяндамасын баспаға шығару; делдалдылықтың немесе басқа құралдардың ұлттық механизмдері көмегімен ұлттық баяндамаға қоғамның қолжетімділігін кеңейту; баяндамаға керек өнімдерді әзірлеу және тарату.

  2. Халықаралық деңгейде коммуникация құралдарының бірі бесінші ұлттық баяндамада көрсетілген ақпарат негізінде әзірленген Ғаламдық үміттің төртінші баспасы болады.

Бесінші ұлттық баяндаманы ұсыну

  1. Тараптарға өздерінің бесінші ұлттық баяндамасын Атқарушы хатшылыққа 2014 жылдың 31 наурызына дейін башылық қағидаларға сай формада өткізуі керек. Уақытынан ертерек бесінші баяндаманы тапсыру қолдау табады, себебі ол Биоәртүрлілік саласында Ғаламдық үміттің төртінші баспасын дайындауды және Конференция Тараптары мен жанама органдармен ұсынылатын нәтижелер, талдаулар мен себептер жүргізуді жеңілдетеді.

  2. Тараптарға баяндаманың көшірмесін Биологиялық әртүрлілік Конвенциясы бойынша Хатшылықтың электронды поштасына немесе дискке жазып жіберу керек. Электронды нұсқаны Ворд форматында, ал сызба элементтерін жеке файлдарға бөліп ұсыну баяндаманың баспаға шығарылуын жеңілдетеді.

  3. Жоғарыда аталған мерзімге дейін баяндамаларды тапсырудағы кез-келген қиындықтарды Траптар алдын ала білуі керек, осы мерзімге дайын болуы үшін дайындалу үрдісін ертерек бастаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет