Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «ТҰРАҚты өндіріс және тұтыну орталығЫ» корпоративтік қоры есеп қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы


Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдар аралығында жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 30 қыркүйек 2010 жылдағы № 1003 қаулысы)



бет2/3
Дата04.07.2016
өлшемі285.5 Kb.
#177505
1   2   3

Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдар аралығында жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 30 қыркүйек 2010 жылдағы № 1003 қаулысы);

  • Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдарға арналған құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 30 қыркүйек 2010 жылдағы № 1004 қаулысы)




    ҚР ауылшаруашылық министрлігі
    - Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 12 қазан 2010 жылдағы № 1052 қаулысы)
    ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі.
    «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 13 сәуір 2010 жылдағы № 301 қаулысы).
    ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі

    2015 жылға дейінгі энергияны сақтау бағдарламасы


    ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

    2015 жылға дейінгі кезеңге арналған «ЖасылДаму» бағдарламасы


    1.3. Аймақтық бағдарламалар тізбесі.

    • Ақмола облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы Ақтөбе облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Алматы облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Атырау облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Шығыс Қазақстан облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Жамбыл облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Батыс Қазақстан облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Қарағанды облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Қостанай облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Қызылорда облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

    • Маңғыстау облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Павлодар облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Солтүстік Қазақстан облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

    • Оңтүстік Қазақстан облысы аймағының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы;


    2. Мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аймақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігіне, ТӨТ принциптеріне сәйкестігіне анализ жасау.
    2.1. Қазақстан Республикасында өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жүйесінің жағдайы

    ТӨТ жетістіктерінің басты аспектілерінің бірі болып қоқыстармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру болып табылады.

    Қазіргі таңда ҚР-да жиналған қоқыс көлемі 22 млрд тоннадан асады, оның ішінде: 7 млрд. тонна қауіпті қоқыстар, 96 млн. тонна ҚТҚ, 250 мың. тонна құрамында СОЗбар қоқыстар. Жыл сайын 500 млн. тонна қоқыс жиналады, оның ішінде 5 млн. тоннасы ҚТҚ. 2020 жылға қарай бұл сан 28 млрд.тоннаға дейін өсуі мүмкін. Қоқыстарды қайта өңдеуге келетін болсақ, жыл сайын өндіріс және тұтыну қоқыстардың 20%-ы утилизациядан өтеді, оның ішінде 5%-н ҚТҚ құрайды.

    Қазіргі таңда Қазақстанда өндіріс және тұтыныс қоқыстарымен жұмыс істеуде жүйелік ыңғай жоқ, барлық қоқыстар қоқыс жинайтын жерлерге көму үшін әкелініп тасталынады, алайда, ешбір қоқыс тастайтын жер көмудің санитарлық нормалары мен экологиялық стандарттарына сәйкес келмейді. Барлық полигондардың қолданыс мерзімдері бітуде, оларды қалпына келтіру қажет, жаңа инженерлік полигондар салу қажет. Республикамызда қоқыстарды қайта тіркейтін (сұрыптайтын) станциялар жұмыс істемейді. Саны өсіп келе жатқан қораптама материалдарының көлеміне анализ жасалынбаған, сондай ақ екінші реттік шикізаттардан өндірілген тауарларға ішкі және сыртқы нарық қажеттіліктері есепелінбеген.

    Сондықтан, қоқыстармен жұмыс істеу саласы барлық жағынан алғанда өзекті болып табылады. Осылайша, Елбасышысы ҚР Үкіметінің 27 қаңтар 2012 жылдағы кеңейтілген отырысында ҚТҚ қайта өңдеуді дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Елбасының тапсырысына сәйкес ҚР ҚОҚМ Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу стратегиясын әзірлеуде. Бұл стратегияның басты бағыттарының бірі өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жүйесін жақсарту болып табылады.

    Институционалдық деңгейде ҚТҚ–мен жұмыс істеу сферасының инфраструктурасы құрылмаған, бұл мәселені шешуде бытыраңқылық байқалады, және қоқыстармен жұмыс істеу бойынша бірыңғай жүйе жоқ. Сектордағы мәселелерді шешу үшін қоқыстармен жұмыс істеу бойынша барлық технологиялық тізбекте аймақтық ыңғайды енгізу қажет.


    Заңнама

    Қатты тұрмыс қалдықтарын реттейтін басты құжат – экологиялық кодекс болып табылады. Экологиялық кодексті дамыту мақсатында 30–дан аса нормативтік актілер (ары қарай НҚА) әзірленген. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес қабылданған санитарлық ережлеер де өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуге қатысты санитарлы–эпидемиологиялық талаптарды бекітеді, «ҚР–да жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін–өзі басқару туралы» заң, 6 бап, 1 пункт, 2 подпункт; 27 бап, 1 пункт, подпунктілер: 1-5, 2, 8, 9.

    Экологиялық кодекстің 1 бабында ҚТҚ–мен жұмыс істеу сферасына жататын терминдер мен олардың анықтамалары берілген. Түсінікті аппаратты қолдану анализі «қайта өңдеу» және «утилизация» терминдерін сарапшылар арасында, сондай–ақ халық арасында түсінуге мүмкіндік береді. Қайта өңдеу ретінде қоқыстарды тауар немесе энергия өндіру үшін қолдануды түсінесіз, бұл Экологиялық кодекске сәйкес утилизация болып табылады. Осыған орай оларды дұрыстау қажет.

    Қоқыстармен жұмыс істеуге қатысты Экологиялық кодекс талаптарын үш бөлікке бөлуге болады:

    1. Іс–әрекеттері процесі салдарынан қоқыстардың пайда болуына дейін орындауға жататын қоқыстар пайда болатын жеке және заңды тұлғаларға қатысты экологиялық талаптар.

    2. іс–әрекетері процесі салдарынан қоқыстардың пайда болуынан кейін орындауға жататын және қоқыстардың жинақталуына, қайта өңделуіне, утилизациясыеа, залалсыздандыруына, тасымалдануына және сақталуына қатысты талаптарды қоса алғандағы жеке және заңды тұлғаларға қатысты экологиялық талаптар;

    3.  Іс–әрекеттері процесі салдарынан қоқыстарды көму кезінде және қоқыстарды полигондарға орналастыруға қатысыт талаптарды қоса алғандағы жеке және заңды тұлғаларға қрйылатын талаптар.

    Жоғарыда атап өтілген экологиялық талаптарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 3 желтоқсан 2011 жылдағы «ҚР–ның экологиялық мәселерге қатысты кейбір заң баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес бірінші және екінші категориядағы кәсіпорынларға, қоқысты шығарушлар мен қайта өңдеушілерге он жылдық қоқыстарды басқару бағдарламасын әзірлеуі қажет (ҚР Үкіметінің 30 наурыз 2012 жылдағы № 403 қаулысы). 2013 жылдың қаңтар айынан бастап қоқыстардың пайда болуы мен жиналуын азайту, және қоқыстардың утилизациясы мен қайта өңдеуін ұлғайту бойынша шаралар енгізілген бағдарламаларды іске асыру басталады.

    Жоғарыда атап көрсетілген ҚТҚ–мен жұмыс істеудің әрбір кезеңі белгілі бір НҚА–мен реттеледі. Осылайша, Қазақстан Республакасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (ары қарай ҚТҮКШІА) коммуналдық қоқыстардың пайда болуы және жинақталуының нормасын есептейтін типтік ережелер (ҚР Үкіметі 22 қараша 2011 жылғы №1370 қаулысы), сұрыпталған жинау кезінде қатты тұрмыс қалдықтарымен жұмыс істеу, ҚТҚ–ның морфологиялық құрамын анықтау, ҚТҚ–ны шығару тарифтерін есептеу бойынша ережелер әзірледі.

    ҚР денсаулық сақтау министрлігі «Өнідіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, пайдалану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуге қатысты санитарно-эпидемиологиялық талаптар» санитарлы ережелерін әзірледі (ҚР Үкіметінің 6 наурыз 2012 жылғы №291 қаулысымен бекітілген).

    Экологиялық кодекстің 301 бабына сәйкес арнайы (қауіпті) ҚТҚ-ны көмуге рұқсат берілмейді, алайда, бүгінгі таңда қоқыстың бұл түрін жинау және утилизация жасауға қатысты инфраструктура құрылмаған, қауіпті ҚТҚ-ны басқаруды реттеуге жол беретін заңнама толыққанды әзірленбеген. Арнайы қоқыстардың электронды және электронды жабдықтар, батарейкалар, люминисцентті лампалар сияқты бөлігі техникалық реттеуге жатады. Шиналарды қайта өңдеуге қатысты техникалық стандарттар, қораптама мен қораптама өнімдерін қайта өңдеу бойынша Кедендік Одақ елдеріне арналған техникалық регламент бекітілген. Электронды және электр тоғы жабдықтарынмен жұмыс істеуге қатысты техникалық стандарт бекітілу сатысында.

    Қауіпті ҚТҚ-ны жинау, уақытша сақтау және қайта өңдеу инфрақұрылымын құру үшін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару мәселесіне қатысты заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының концепциясын әзірледі. Оның басты бөлімдерінің бірі өндірушінің өнімнің өмір циклына кеңейтілген жауапкершілігі принципін іске асыру болып табылады.

    ҚТҚ-ның аймақтық және ауылдық полигондарын салу және қалпына келтіру бойынша техникалық регламенттер әзірленуде. Заңнаманы жетілдіру сондай-ақ қоқыстардың биобөлшекті бөлігін басқару бағытында жа жүргізіліп жатыр.

    Экологиялық кодекстің 287 бабының 2 пунктіне сәйкес қоқыстардың қауіптілігінің 3 деңгейі бекітіледі:

    1.     Жасыл - индекс G;

    2.     Янтарлы - индекс А;

    3.     Қызыл - индекс R.

    Қоқыстардың қауіптілігінің деңгейі мен кодталуы қоршаған ортаны қорғау саласында өкілетті орган бекітетін қоқыстардың классификаторы көмегімен іске асырылады. Классификаторда қоқыстың белгілі бір түрінің болмағаны жағдайында оның қауіптілігі деңгейі мен кодталуы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органмен әрбір нақты жағдайда негізделеді.

    ҚТҚ осы классификацияға сәйкес қоқыстардың жасыл тізіміне жатқызылған.

    Қазақстан Республикасында қоқыстармен жұмыс істеу саласындағы қолданыстағы заңнамаға анализ жасау келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

    Кәсіпорындарға қоқыстарды орналастыруға төлеу оларды утилизация жасауға қарағанда тиімдірек. Экологиялық кодексте қоқыстарды сұрыптап жинау және қайта өңдеуге экономикалық стимул қарастырылған, алайда, іс жүзінде ол қолданылмайды;

    Заңнамада қоқысты қайта өңдеу объектілеріне қатысты экологиялық талаптар жоқ;

    Тарифтерді есептеудің қолданыстағы методикасы тек қана ҚТҚ-ны шығаруды есепке алады, ал Экологиялық кодекстің 19-1 бабында айтылған қоқыстарды жинау, утилизация және көмуді қарастырмайды.

    Сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың барлық нормалары іс жүзінде іске асырылмайды, мысалы, сұрыптап жинауды енгізуді қарастыратын Экологиялық кодекстің 292 бап 1 пункті, ҚТҚ полигондарында арнайы (қауіпті) ҚТҚ-ларды көмуге тыйым салатын Экологиялық кодекстің 301 бабы, сондай-ақ биологиялық бөлшекті қоқыстарды көмуді қысқарту бойынша бағдарлама әзірлеу.

    ҚР-да жоспарлау жүйесінің өзгеруіне байланысты «Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» заңның 6 бабының 1 пунктінің 2 подпункті іске асырылмайд. Ол жерде қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарлама, оның ішінде қоқыстарды басқаруды аймақтық деңгейде басқару бойынша бағдарламаны әзірлеу туралы айтылған (Экологиялық кодекстің 20 бап 1 және 8 подпунттерін қара).
    Экологиялық кодексте мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау облысындағы функциялары анықталған. Оларды үш сфераға бөліп қарастыруға болады: саясатты құру, саясатты іске асыру және қадағалау.

    Саясатты іске асыру облысында:

    Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өнеркәсіптік қоқыстармен жұмыс істеу облысында мемлекеттік саясатты құрып, өткізеді, ҚТҚ-ны тиімді басқаруда іске асыруға үлкен жауапкершілікке ие. Министрлік сондай-ақ қоқыстарды басқару облысындағы орталық және жергілікті органдардың іс-әрекетін үйлестіреді, сәйкес аймақтық бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын үйлестіреді.

    Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі коммуналдық қоқыстар саласындағы мемлекеттік саясатты құрып, өткізеді.

    Саясатты іске асыру мен ҚТҚ-ны басқару саласында іс жүзінде жергілікті басқару органдары келесідей жауапкершіліктерге ие:

    - қоқыстарды басқару бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету;

    - ҚТҚ-ны утилизациялау үшін объектілерді салуға жер бөлу

    - көрсетілген объктілердің салынуын қамтамасыз ету;

    - осындай объектілердің экологиялық талаптарды орындауын қамтамасыз ету

    -пайда болып жатқан қоқыстардың көлемін қысқарту, қоқыстарды қайта өңдеуді ұлғайту әлде альтернативтік қолдану және қоқыс тастайтын жерлерге тасталынған қоқыстардың көлемін азайту үшін экономикалық стимулдарды қоса отырып, шаралар әзірлеу.

    - ҚТҚ-ны оларды сақтауға арналған жерлерге тасымалдау және қоқыстардың егесі есебінен арнайы органдар арқылы қоқыстарды залалсыздандыру

    - сұрыптап жинау жүйесін іске асыру және ҚТҚ-ның көп қолдануға жарамды фракцияларын қайта өңдеу және органикалық қоқыстарды ҚТҚ-ның басқа түрлерінен бөлек қолдану;

    - ҚТҚ полигонлдарын салу мен қолдануға жауапты компанияларды құру.

    Заңнаманың іске асырылуын қадағалау саласында:

    Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік экологиялық бақылау мен сараптама жүргізеді және ҚТҚ-ны басқару тәжірибесінің экологиялық талаптарға сай екендігін реттейді;

    Денсаулық сақтау министрлігі ҚТҚ-мен жұмыс істеу тәжірибе жүзінде санитарлық нормаларға сәйкес екендігін қамтамасыз етуге жауапты;

    Жергілікті басқару органдары коммуналды қоқыстарды жинау жүйесінің рационалды және экологияға қауіпсіз ұйымдастырылуына және коммуналды қоқыстармен жұмыстың экологиялық талаптарға сай болуына жауапты.

    Өнеркәсіптік қоқыстарға келетін болсақ, институционалды деңгейде қоқыстарды басқару процесі ҚОҚМ тарапынан үйлестіріледі. Кәсіпорындар қауіпті қоқыстардың паспортын, табиғатты қорғау шараларының бағдарламасын дайындауда және 2013 жылдың қаңтар айынан бастап қоқыстарды басқару бағдарламасын дайындайды.

    Өкінішке орай, 2008 жылдан бастап өндіріс қоқыстары бойынша есептің статистикалық формасы алынып тасталынды, ҚТҚ бойынша статистикалық есептің 2 формасы бар. Олар статистика органдарына жылына екі рет жергілікті тапсырылады.

    Орталық және жергілікті басқару органдарындағы бағдарламаларындағы өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу мәселелері
    ҚР ҚОҚМ әзірлеген «Жасыл Даму» салалық бағдарламасы шеңберінде қоқыстардың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету және оларды утилизациялау деңгейін көтеру бойынша шаралар кешені қарастырылған.

    Осылайша, қолданыстағы ҚТҚ полигондарында қоқыстық газды аулау, қыздырғыш лампаларын утилизациялау, ескірген пестицидтерді инвентаризациялау, СОЗ-ды жою зауытын соғу бойынша ұсыныстар енгізілген.

    Өнеркәсіптік және ҚТҚ (1 қосымша) басқару жүйесін дамыту бойынша бірінші реттегі жоспарлардың бірлекен жоспары әзірленіп, бекітілген (ҚОҚМ мен ҚТҮКША).

    2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылын модернизациялау бағдарламасына ҚТҚ-мен жұмыс істеу бөлігіне қатысты өзгерістер енгізіледі (ҚОҚМ мен ҚТҮКША кешенді жоспары).


    ҚТҚ-ны басқару саласындағы индикаторлар жүйесі

    Көлденең - су мен энергияны пайдалануды қоса алғандағы табиғи капиталды рационалды қолдану көзқарасы тарапынан

    Табиғи ресурстарды қолдануды төмендету, табиғи ресурстардың бөлігін ВМР-ға ауыстыру. Мысалы, аймақтар бойынша морфологиялық құрамын зерттеу анализі деректерде үлкен айырмашылықтар көрсетуде. ҚТҚ-ның орташа құрамы келесідегідей негізгі фракциялардан тұрады: ас қоқыстары – 30% , қағаз – 25 %, шыны – 9 %, металл – 4%, пластмасса – 12 %, тоқыма – 3%, құрылыс қоқыстары – 9%, ағаш қоқыстары – 3%, басқалар – 5 %. Осылайша, ҚТҚ құрамындағы екінші реттік материалдық ресурстар саны шамамен 1 млн тонна қағаз бен картон, 450 мың тонна шыны, 200 мың тонна металл, 600 мың тонна пластмасса. Сұрыптап жинауды енгізу арқылы қазіргі технологиялардың көмегімен ҚТҚ құрамындағы 85%-95 % екінші реттік материал ресурстарын алып, утилизация жасауға болады.

    Арнайы индикаторлар:

     ҚТҚ-ны жинау қызметімен халықты толық қамту

     инженерлі полигондар саны

     ҚТҚ-ны сұрыптап жинауды енгізу

     Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі принципін енгізу арқылы қауіпті ҚТҚ-ны полигондарда көмуді алып тастау

     Қайта өңдеу технологияларын қолдану арқылы полигондарға түсетін биобөлшекті қоқыстардың санын азайту



    2.2. Мемлекеттік ауылшаруашылық бағдарламаларына тұрақты өндіріс және тұтыну принциптерін ескере отырып мониторинг жасау

    Ауыл шаруашылығындағы өндіріс және тұтыну саласындағы ТӨТ мәселелерін қамтитын мемлекеттік бағдарламаларға анализ жасау үшін ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған салалық бағдарламалармен қатар аймақтық бірліктерді дамытуға бағытталған аймақтық бағдарламалар да таңдап алынған.

    Ауыл шаруашылығы саласы үшін тұрақты өндіріс және тұтыну индикаторлары

    Ауыл шаруашылығындағы ТӨТ тарапынан бағдарламаларға мониторинг жасау үшін бірнеше арнайы индикаторлар таңдап алынды. Арнайы индикаторлардың тізімі жобаны іске асыру барысында келесі жылдар шегінде аяқталынады.

    Алайда, төменде осы есептің үшінші пунктінде олардың ауыл шаруашылығын қамтитын мемлекеттік бағдарламалардағы төменде көрсетілген тізбемен сәйкес апробациясы көрсетілген.

    Кесте №1 Ауыл шаруашылығындағы ТӨТ индикаторлар тізбегі

    Ауыл шарушылыңындағы ТӨТ индикаторы

    Сипаттамасы

    Ауыл шарушылығын жүргізудің топырақты қорғау тәсілін енгізу және тарату

    Бұл индикатор құрамына келесі бағыттардағы шаралар бағдарламасы мәселелері кіреді:

    • Жалпы топырақтың органикалық заттарын, құрылымын және құнарлылығын сақтау үшін механикалық өңдеу арқылы топырақ жамылғысын бұзуды барынша азайту

    • Өсімдіктер, топырақты жабу дақылдарын қолдану арқылы топырақтың үстіндегі қорғаныс органикалық жамылғысын жақсарту және сақтау

    • Біржылдық және көпжылдық өсімдіктердің әртүрін өсіру. Олардың қосындысын қолдану арқылы егін өсірудің жалғасымдылығын өсімдіктердің қоректенуін жақсарту және жүйенің стресс факторларына төзімділігін арттыру үшін қамтамасыз ету.

    Гербицидтерді қолдану көлемін қысқарту

    Зиянкестермен күрестің кешенді тәсілдері мәселелерін бағдарламаларға енгізу пестицидтердің шектен тыс қолданылуын қысқарту үшін негіз ретінде табиғи басуға бағытталған. Бұл фермерлерге жоғары өнім алу үшін экожүйелік басқарудың бейімделген тәсілдерін және өндірістің басқа факторларын қолдануға мүмкіндік береді.

    Су ізі

    Су ізі адамның қолдануына қатысты су қолдану деңгейін көрсетеді. Елдің су ізі тауарларды өндіру мен қызметтерді көрсетуге қажет су көлемі ретінде анықталады.

    Су ізін төмендету мен су ресурстарын рационалды қолдануға бағытталған шараларды қосу қажеттілігіне қарай бағдарламаларға анализ жасалынуда.




    Көмірсутек ізі

    Көмірсутек ізі тауар немесе қызметтің климатты өзгертуге қосқан үлесі жайлы сандық ақпарат береді. Көмірсутек ізі тауар немесе қызметпен байланысты парниктік газдардың жалпы көлемі ретінде анықталады.

    Ауыл шаруашылығында көмірсутек ізін азайту бойынша шараларды қосу мүмкіндігіне қатысты бағдарламаларға анализ жасалынуда.




    ТӨТ индикаторлары негізінде мемлекеттік бағдарламаларға анализ жасау және ТӨТ принциптеріне сәйкес шаралар тізбегі

    2010 – 2014 жылдарға арналған ҚР-ның жылдамдатылған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы
    Аталмыш бағдарлама көпсалалы. Ауыл шаруашылығына қатысты бағдарлама ауылшаруашылық өнімінің бәсекелесті өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Осыған сәйкес ауыл шарушылығын дамыту бағдарламасы саланы әртүрлілендіру, жер дақылдарын көтеру, өндіріске қазіргі заманға сай технологияларды енгізу, кең химияландыру, айналымға жаңа және бұрын қолданыста болмаған суарылатын жерлерді тарту есебінен ауыл шаруашылық өнімдерін ұлғайтуға бағытталады.

    Ауыл шарушылығы үшін ТӨТ-тің келесі индикаторларын қолдану ұсынылады:
    - Ауыл шаруашылығын жүргізудің топырақты қорғау тәсілдерін енгізу және тарату

    - Гербицидтерді қолданудың санын азайту;



    - Су ізі (ылғалды сақтайтын технологияларды енгізуді қарастырады);

    - Көмірсутек ізі

    Осылайша, жоғарыда атап өтілген принциптерге сәйкес бағдарлама су ізін ылғалды сақтайтын технологияларды енгізу арқылы төмендетуді қарастырады, алайда бұл бағыт бойынша ұсынылатын шараларды енгізу механизмі көрсетілмеген.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2013-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «АГРОБИЗНЕС – 2020» АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

    Ас өнімдерін пайдаланудың қарқынды өсуі мен құрылымының сапасы жоғарырақ өнімдерді көбірек пайдалануға қарай өсуімен қатар елде халық санының өсіп келе жатқанына байланысты, бағдарлама сапалы өнімдерді өндіруді қарастырады. Алайда, ТӨТ тарапынан ол тұрақты өнімді қарастырмайды, және де тұрақты тұтыну мәселелерін де қарастырмайды.

    Бағдарлама дамыған елдерде ауыл шаруашылығының жеке бағыты – органикалық өнім бағыты қалыптасқанын айқындайды. Әлемде органикалық өнім нарығының дамуы дәстүрлі ауыл шаруашылық өнімдерімен салыстырғанда бағасының қымбатырақ және бірқалыпты болуына қарамастан бірқатар жоғары даму қарқынын көрсетуде. Әлемнәі дамыған елдерінде танылған органикалық өндірісті сертификациялау жүйесін ендіру арқылы отандық органикалық өндіріс өнімдері шет елдік тауарларға қарағанда бәсекеге қабілетті бола алады.

    Бұл ретте органикалық өнім өндірісі мен экспорты Қазақстанның аграрлық саласының мықты жағы ретінде қарастырылады. Осы жерде органикалық өнімді өндіру көмірсутек ізін дәстүрлімен салыстырғанда азайтатынын атап өткен жөн. Алайда, жергілікті нарықтың жоқтығы және оның тек экспортқа бағытталғандығы оны тасымалдау кезіндегі шығындылар есебінен ұлғайтады.

    Бағдарлама органикалық ауыл шарушылығын дамытуға жағдай жасауды қарастырады.

    Осы ретте органикалық өндірістің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайтын заңнаманы әзірлеу жоспарлануда. Органикалық өнімді өндірудің барлық кезеңдерінде тұтынушылардың органикалық деп маркіленген өнім мен шикізатқа деген сенімін қамтамасыз ету үшін, бағалау жүйесін ендіру.

    Органикалық ауыл шаруашылығының негізінде жоғарыда атап өтілген барша ТӨТ индикаторларына сәйкес келетін экожүйелік ыңғай жатқанын атап өткен жөн. Сондықтан да органикалық өнім өндірісіне қолғабыс көрсетудің мемлекеттік механизмдерін енгізу өте маңызды.

    Бағдарлама мәтінінде осындай механизмдерді енгізу қарастырылған. Алайда, бағдарламаның шаралар жоспарында бұл бағыт бойынша бірде бір шара жоқ.

    Бұл сондай ақ су ресурстарын рационалды қолдануға да қатысты. Бағдарлама сондай ақ ылғал сақтағыш технологияларға көшуді, ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді рационалды қолдануды қамтамсыз етуді қарастырады. Бірақ бұл шаралар тізімі мен бюджетте көрсетілмеген.
    Дамудың аймақтық бағдарламалары

    Жоғарыда көрсетілген индикаторлар бойынша аймақтық бағдарламалар анализі жасалынған.

    Кесте №3 ТӨТ индикаторлары бойынша аймақтық бағдарламалар анализі

    Облыс

    ТӨТ индикаторлары

    Бағдарламаға түсініктемелер

    ПМВСХ

    Пестицидтерді қысқарту

    Көмірсутек ізі

    Су ізі

    Ақтөбе

    -

    -

    +

    +

    Шығындылардың жалпы төмендеуін қарастырады, бірақ ауыл шаруашылыңы есебінен емес.

    Ылғал сақтағыш технологияларды қолдану арқылы аудандарды ұлғайтуды қарастырады



    Алматы

    -

    -

    +

    +

    Шығындылардың жалпы төмедеуін қарастырады, бірақ ауыл шаруашылығы есебінне емес.

    Атырау

    -

    -

    +

    +

    Ылғал сақтағыш технологияларды қолдану арқылы аудандарды ұлғайтуды қарастырады

    Қызылорда

    -

    -

    +

    +

    Ылғал сақтағыш технологияларды қолдану арқылы аудандарды ұлғайтуды қарастырады

    Маңғыстау

    -

    -

    +

    +

    Шығындылардың жалпы төмедеуін қарастырады, бірақ ауыл шаруашылығы есебінне емес.

    Оңтүстік Қазақстан

    -

    -

    +

    +

    Шығындылардың жалпы төмедеуін қарастырады, бірақ ауыл шаруашылығы есебінне емес. Ылғал сақтағыш технологияларды қолдану арқылы аудандарды ұлғайтуды қарастырады


     Осылайша, аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына ауыл шаруашылығы мәселелері қосылған. Бағдарламалар аграрлық сектордың дамуын қарастырады. Жалпы, бағдарламаларда даму индикаторларының бірдей жиынтығы бар. Тұрақты өндірістің астарында үздіксіз экономикалық өсу жатыр. Ауыанл шаруашылығының ТӨТ индикаторлары ылғал сақтағыш технологияларды есептемегенде қосылмаған.

    3. Тұрақты өндіріс және тұтыну принциптерін енгізудің артықшылықтарын көрсету үшін мемлекеттік және білім беру мекемелерінің, көпшілік қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізу
    ТӨТ-тің әлемде кең ауқымды таралған түрлерінің бірі органикалық ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл шаруашылығын жүргізудің органикалық тәсілдері тұрақты өндірісті қамтамасыз ету үшін жер, су ресурстарын, биоәртүрлілікті және экожүйе қызметтерін басқаруды біріктіреді. Экожүйе ыңғайы мен өндірістің жасанды факторларын қолдануды барынша азайтуға көп көңіл бөлінеді. Әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарының, жануарларының айналымы мен қосындысы есебінен бұл шаралар тағам мен өсімдік пен жануарлардың әр түрлерінің арасындағы бәсекелестікті оптимизациялауға мүмкіндік береді Топырақтағы органикалық құрамды көтеру оның құнарлылығын арттырады және суландыру, сондай ақ сжалпы агрожүйелік балансты қалпына келтіреді. Ал ол өз кезегінде зиянкестер мен аурулардың шығуының алдын алады.

    Дөңгелек үстелге барлығы 30 адам қатысты, оның ішінде МЕҰ, мемлекеттік органдар, фермерлік одақтар мен ұйымдардың басшылары, шаруашылық басшылары.

    Қазақстан Респпубликасында органикалық өнімді өндіру мен экспортқа шығаруды дамыту, органикалық ауыл шаруашылық өнімін сертификациялау бойынша халықаралық тәжірибе, фермерлер арасында ақпараттық компания өткізу сияқты басқа да мәселелер талқыланды.

    4. ТӨТ принциптерін есепке ала отырып бағдарламаны жетілдіру бойынша ұсыныстар
    ДКБ 2020

    «ДКБ 2020» міндеттерінің біріэкспортқа бағытталған өндірісті қолдау болып табылады. Елдегі әлеуетті ескере отырып, экономиканың келесі секторлары таңдалды:




    Код ОКЭД

    Атауы

    Агроөнеркәсіптік кешен

    01

    Өсімдік және жануар шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызмет көрсету, 01.11 алып тастағанда Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақ дақылдары мен май дәндерін өсіру

    02

    Орман шаруашылығы

    03

    Балық аулау шаруашылығы және аквакультура

    10

    Ас өнімдерін өндіру

    11.06

    Уытты өндіру

    11.07

    Минералды сулар мен өзге де алкоголсәз сусындарды өндіру

    Тау-кен өнеркәсібі

    09

    Тау-кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

    Жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз өндіру

    13

    Тоқыма өнімдерін өндіру

    14

    Киім өндіру

    15

    Былғары мен оған жататын өнімдерді өндіру

    16

    Ағаш және тығын бұйымдарын өндіру, жиһазды қоспағанда. Сабан мен өруге арналған материалдардан бұйымдар өндіру

    17

    Қағаз бен қағаз өнімдерін өндіру

    18

    Баспа және жазба материалдарды шығару

    20

    Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру

    21

    Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру

    22

    Резина және пластмасс бұйымдарын өндіру

    31

    Жиһаз өндіру

    Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру

    23

    Өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру

    Металлургия, металлды өңдеу, машина жасау

    24

    Металлургия өнеркәсібі

    25

    Дайын металл өнімдерін жасау, машина мен жабдықтардан басқа

    26

    Компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдерді өндіру

    27

    Электрикалық жабдықтарды өндіру

    28

    Басқа категорияларға қосылмаған машина мен жабдықтарды өндіру

    29

    Автотранспорт құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді өндіру

    30

    Өзге де транспорт құралдарын өндіру

    33

    Машина мен жабдықтарды жөндеу және орналастыру

    Өнеркәсіптің өзге де секторлары

    32

    Өзге де дайын бұйымдарды өндіру

    35

    Электрмен қамтамасыз ету, газ беру, бу және ауаны кондициялау

    36

    Суды жинау, өңдеу және тарату

    37

    Канализация жүйесі

    38

    Қоқыстарды жинау, өңдеу және жою, утилизациялау

    39

    Қоқыстарды жою саласындағы өзге де қызметтер мен топырақ құнарлылығын қалпына келтіру

    Тасымалдау және қаттап тастау

    45.2

    Транспорт құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

    49

    Жер беті тасымалы және құрбылар арқылы тасымалдау

    50

    Су транспорты

    51

    Ауа транспорты

    52

    Қойма шаруашылығы және қосымша тасымал қызметі

    53

    Пошта және курьер қызметтері

    Туризм

    55

    Тұрғын жерді ұйымдастыру бойынша қызметтер

    Ақпарат және байланыс

    59.14

    Бейнефильмдерді көрсету бойынша қызмет

    61

    Байланыс

    62

    Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе қызметтер

    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

    69.2

    Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық төлеу бойынша консультациялар

    71

    Архитектура, инженерлік іздеулер, техникалық тексерулер мен анализ саласындағы қызмет

    72

    Ғылыми зерттеулер

    74

    Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

    75

    Мал дәрігер қызметі

    81

    Ғимараттар мен аймақтарға қызмет көрсету бойынша қызметтер

    Білім

    85

    Білім

    Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

    86

    Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

    87

    Тұрғын жерді қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет жасау

    88

    Тұрғын жерді қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет жасау

    Өнер, көңіл көтеру және демалыс

    91

    Кітапханалар, архивтер, музейлер және басқа да мәдени қызмет көрсететін мекемелер

    93

    Спорт, демалысты ұйымдастыру және көңіл көтеру саласындағы қызмет

    Өзге де қызмет түрлерін көрсету

    95

    Компьютерлер, жеке қолданыс заттарын және тұрмыс тауарларын жөндеу

    96.01

    Тоқыма бұйымдары мен аң терісінен жасалған бұйымдарды жуу және химиялық тазарту

    «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушыларының зерттеулері нәтижесі туралы есепте» атап көрсетілгендей, егер елдің индустриалды кәсіпорындарының белсенділігін «ДКБ 2020» бағдарламасын іске асырудың 1,5 жылы ішінде қолдан келген болса, онда бүгінгі таңдағы инновациялық белсенділікті арттыру үшін қосымша күш қажет. Кәсіпкерлердің ойынша «ДКБ 2020» бағдарламасын іске асыруда жұмыс істеп жатқан мемлекеттік органдарға анықтамалық жұмыстарды белсендірек өткізу, өтініштерді қарау процесін оптимизациялау сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлгендері жөн. Жергілікті өндірушілердің инновациялық белсенділігін ғана емес, сондай ақ бәсекеге қабілеттілігін де арттыру үшін отандық тұтынушылармен қатар шетелдіктердің де талаптарын ескеру қажет. Қазір ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты әлемде кез келген тұтынушы өнім туралы қажет ақпаратты ала алады. Қазір экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне көбірек көңіл бөлінуде, тек қана денсаулыққа әсері тарапынан ғана емес, қоршаған ортаға әсері жағынан да. Осыған байланысты жергілікті өндірушілерге өнімнің экодизайны, экомаркировкасы сияқты ТӨТ инструменттерін қолдануды үйрену қажет. Жоба ұсыныстарын әзірлеу және бағалау кезінде де ТӨТ принциптарын ескеру қажет: жабық циклдарды енгізу, экологиялық қауіпсіз шикізатты қолдану, қоқыстарды басқару және т.б.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет