Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «ТҰРАҚты өндіріс және тұтыну орталығЫ» корпоративтік қоры есеп қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы


Қазақстан Республикасында химиялық өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы



бет3/3
Дата04.07.2016
өлшемі285.5 Kb.
#177505
1   2   3

Қазақстан Республикасында химиялық өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы


БҰҰ Конференциясының ТД туралы Рио+20 қорытынды құжатында атап көрсетілгендей «Біз қалаған болашақты» 2020 жылға дейін қамтамасыз ету керек. Шешімдерді іске асырудың Йоханнесбург жоспарында көрсетілгендей адам денсаулығы мен қоршаған ортаға химиялық заттардан келіп жатқан зиянды барынша азайту үшін химиялық заттарды бүкіл өмір циклы барысында рационалды қолдану қажет. Бүкіл елдер химиялық заттар мен барлық деңгейдегі қоқыстарды рационалды реттеу ыңғайы прогресіне жетуге шақырылған. Бұл жауапкершіліктерді орындаудағы кемшіліктерді жою үшін пайда болған мәселелерге тиімді, келісімді және үйлесімді жауап беруге мүмкіндік беруші еді. ҚР химиялық заттарды халықаралық реттеуге қатысты бірқатар халықаралық конвенцияларды ратификациялады. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды бақылау мен оларды жою туралы Базель конвенциясы, халықаралық саудада белгілі бір қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатыстыалдын ала негізделген келісім туралы Роттердам конвенциясы, берік органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвециясы, Монреал хаттамасы. Алайда, оларды орындау бойынша жауапкершілік атқарып жатқан жоқ.

Сонымен, қазіргі таңда ҚР-да хлор сілтілі өнімді өндіру жоқ, ал 2015 жылы 10 мыңдай тонна хлор өнімін қалыпқа келтіру жоспарлануда. Құрамында хлор бар өнімді өндіру бойынша жобаларды енгізу кезінде экологиялық аспектілерде ескерген жөн, өйткені хлор – рак ісіктері мен өкпенің туберкулезін тудыратын ең басты канцероген болып табылады.

ҚСҰ жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасын осы ұйымға енгеннен соң, химиялық саланы дамытуға мемлекеттік көмекті тек келесі формаларда көрсету мүмкін болады:

- ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық зерттемелерді жүргізу (ары қарай ҒЗТКЗ);


- персоналды оқыту;
-  администрациялық барьерлерді түсіру;
-  маркетинг, консултьтация, сауда өкілдері арқылы экспортты қолдау;
 - еркін экономикалық аймақтарды дамыту;
 - мемлекеттік сатып алулар.

Осы ретте республикада «Жасыл мемлекеттік сатып алуларды» енгізу отандық кәсіпорындарда экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуге стимул болып табылады. Мемлекеттік сатып алулар кезінде ТӨТ инструментін қолданудың жағымды тәжірибесі Норвегияда бар екенін атап өткен жөн.


Энергиялық тиімділікті арттыру бойынша жобаларға шалу

Қостанай облысы әкімшілігі «Қостанай облысының 2008-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеуі» аймақтық бағдарламасын іске асыруда. Аталмыш бағдарламаның мақсаты отын-энергетикалық ресурстарды тиімді қолдануды көтеру, облысты энергия тиімді жолда дамуға көшіруге қажет жағдай жасау және жалпы аймақтық өнімді өсіруді қамтамасыз ету; алдыңғы қатарлы энергия үнемдегіш технологияларды, жабдықтар мен экономика және әлеуметтік сфера салаларында шаруашылықты жүргізу тәсілдерін енгізуге бағытталған ұйымдастырушылық, нормативті-құқықтық, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық және ақпарат-білімдік кешендерін әзірлеу және іске асыру және т.б. Бағдарлама шаралары жоспарында өнекәсіптегі энергияны пайдалану бөлек блокта сызып көрсетілген.



Өндірістің энергиялық тиімділігінің нормативті көрсеткіштерін анықтау

2009 жылдың 7 ақпан айынан бастап Қазақстанда ҚР Үкіметінің 2009 жыл 26 қаңтар айындағы «Энергияны пайдаланудың нормативтерін бекіту туралы» № 50 қаулысы күшіне енді. Аталмыш қаулыда электр энергиясын, жылу энергиясы мен отынды сала, өндіріс, цех шегінде шығындаудың нормативі келесі салалар бойынша бекітілді: қара және түсті металлургия, тау-руда өнеркәсібі, отын өнеркәсібі, машина жасау, метал өңдеу және электро-техникалық өнеркәсіп, станок құрылысы өнеркәсібі, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, орман, ағаш өңдеу және қағаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен құрылыс өнеркәсібі, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, ас және ет-сүт өнеркәсібі және т.б. Барлық нормативтер өнім бірлігіне шығын мен өнім бірлігіне салыстырмалы шығын қатынасы бойынша есептелінген.



Энергия шығындарын нормалау Қазақстан үшін өте өзекті мәселе болып табылады. Энергияны артығымен қолдану бұл – қазақстан өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігінің басты себебі болып табылады.
Тұрақты өндіріс және тұтыну принциптерін ескере отырып аяқтауға болатын ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік салалық бағдарламалардың шегінде іске асырылып жатқан шаралар тізбегі

Жоғарыда көрсетілгендей, АПК даму бағдарламасы органикалық өнімді мемлекеттік қолдау механизмдерін енгізуді қарастырады. Бұл жерде қажетті шаралардың бірқатар спектрі атап көрсетіледі. Алайда, аталмыш шаралар бағдарлама жоспарына енгізілмеген. Бұл олардың іске асырылуы мүмкіндігіне күмән тудырады.

Жоғарыда атап өткендердің барлығын ескере отырып, біз қазіргі таңда Қазақстанда 2013-2023 жылдарға арналған органикалық секторды дамытуда ұзақ мерзімді кешенді бағдарламаны әзірлеп, іске асыру қажеттігі бар екендігі туралы қорытындыға келеміз.

Бұл бағдарлама органикалық өнім сұранысы мен өндірісін ындаландыруға бағытталған болуы қажет және келесі блоктардан тұруы қаджет: нормативті-құқықтық (халықаралық нормаларға сәйкес), ақпаратты-аналитикалық, өндірістік, маркетингтік, ғылыми-білімдік, қаржылық.

Бұл:

  • Ауыл шаруашылығының экономикалық дамуына жаңа вектор беруге;

  • Мемлекеттің органикалық өндіруші ретінде имиджін көтеруге

  • Ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті сапалы ауыл шаруашылық өнімінің тұрақты өндірісін көтеруге;

  • Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын әлемдік нарыққа экспорттауды көтеруге;

  • ҚР-да органикалық өнімді қолдану есебінен халықтың денсаулығын жақсартуға;

  • Қазақстанда жердің деградациясының алдын алуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісінің экологиялық тәсілдері мен ыңғайлары тәжірибесін күшейтуге жіне енгізуге;

  • Ауылшаруашылық өнім деңгейін бір шаруашылық шегінде диверсификациялау және оны сыртқы экономикалық әсерлерге тұрақты етуге;

  • Елдің ас қауіпсіздігін жоғарылатуға;

  • Ауыл шаруашылығы өнімінің полютандары мен басқа да қоқыстарынан қоршаған ортаның ластануын тоқтатуға;

  • Ауыл аудандарында жаңа "жасыл жұмыс" орындарын ашуға;

  • Климатты сақтауға үлес қосу мен климаттың өзгеруіне бейімделуге;

  • Биоәртүрлілікке теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді.

Органикалық ауыл шаруашылығына ауыл шаруашылығының ең болмағанда 30%-на жағдай жасау есебінен Қазақстанның тұрақты дамуына қомақты үлес қосылады. Ал бұл өз кезегінде органикалық өнім өндіруде әлемдік лидер болуға мүмкіндік береді.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасында экономикалық даму мәселелеріне, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне, жаңа жұмыс орындарын тудыруға үлкен мән беріледі. Оған мысал ретінде елде «2010 – 2014 жылдарға арналған ҚР-ның күшейтілген индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы», «2020 бизнес жол картасы», 2015 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламалары мен әртүрлі салалық бағдарламалар сияқты бағдарламалардың іске асырылуы болып табылады. Алайда, ТӨТ мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді.


2012 жыл маусым айында БҰҰ тұрақты даму (Рио+20 ) конференциясында өндіріс пен тұтынудың тұрақсыз модельдерін ауыстыру ең басты үш мақсаттың бірі болып табылатыны, және де тұрақты даму жолындағы басты талап болып табылатыны туралы тағы да атап өтілді. Мемлекет басшылары Тұрақты өндіріс және тұтыну бойынша 10 жылдық рамалық бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізі барлық қызығушы тараптардың қатысуы негізінде дамыған және дамушы мемлекеттерде тұрақты өндіріс пен тұтыну бағытында жылжуды тездететін аймақтық және мемлекеттік инициативаларды қолдау үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы ЮНЕП өзіне 10 жылдық рамалық бағдарламасының Секретариаты болуға және дамушы және өтпелі экономикадағы елдерде ТӨТ-ды енгізуге жауапукершілік алды. БҰҰ-ның жалпы ассамблеясының 67 седарлама үшін он адамнан тұратын кеңес бекітілді. Сондай-ақ халықаралық қауымға ақпаратты алу мен алмасу үшін интерактивті онлайн портал жіберіледі. Бұл ТӨТ-ті енгізу жұмысын жақсартады. Қазақстан ҚО мен ТД саласындағы халықаралық процестердің белсенді қатысушысы болып табылады.

Экономиканың басты салаларында ТӨТ модельдерін енгізу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қауымның өмір сүру сапасы мәселесін жүйелік деңгейде шешуге және барлық қызығушы тараптардың жұмысының үйлестірілуі есебінен жасыл экономикаға көшуге мүмкіндік береді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. «Қазақстан – 2030» Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы

  2. Жаңа мыңжылдық – жаңа экономикалық даму – жаңа мүмкіндіктер. ҚР Президентінің халыққа жолдауы, Астана қ., 29 қаңтар 2010 жыл.

  3. «ҚР-ның 2020 жылға дейінгі стратегиялық дамуы», 1 ақпан 2010 жыл № 922

  4. 2010 – 2014 жылдарға арналған ҚР-ның қарқынды индустриалды-инновациялы даму мемлекеттік бағдарламасы

  5. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы бәсекеге қабілеттілігі туралы есеп

  6. «ВЭФ 2012-2013 Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік индексінде» аналитикалық жазбасы

  7. 2011-2015 жылдарға арналған ҚР-ның аймақтарының даму бағдарламалары.

  8. «Қазақстанның 30 корпоративтік лидері» бағдарламасы.

  9. «2020 бизнес жол картасы» бағдарламасы

  10. 2015 жылға арналған энергияны үнемдеу бағдарламасы

  11. ««2020 бизнес жол картасы» бағдарламасына қатысушылардың зерттеулері нәтижесі бойынша есеп, АҚ «Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму», 2012

  12. ҚР Үкіметінің 26 қаңтар 2009 жылғы № 50 қаулысы

  13. ТД бойынша Рио+20 БҰҰ конференциясының қорытынды құжаты «Біз қалаған болашақ» (маусым 2012)

  14. Энергия тиімділігі саласындағы саясаттың жүйелі шолуы

  15. Нестеров П.М. Табиғатты қолдану экономикасы мен нарық. - М.: Альпина, 2001.

  16. Ресей мен Қазақстан кәсіпорындарының Экологиялық, Энергетикалық, Экономикалық тиімділігі

  17. «Қостанай облысының 2008-2015 арналған энергия үнемділігі» аймақтық бағдарламасы

  18. Медоуз,Д., Рандерс, Й. и Медоуз,Д, 2007. Пределы Роста. 30 Лет Спустя. ИКЦ «Академкнига», Москва, 119 стр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет