қолданылу мерзiмi
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жоба құжаттамасына оң қорытындысының берiлген күнiнен бастап, құрылыс басталғанынша екi жылға дейiн, ал жұмысы iстеп тұрған және салынып жатқан кәсiпорындар құжаттамасының бес жылға дейiн заңды күшi болады.
29-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қолдану
1. Қоғамдық экологиялық сараптама - кез келген қызмет түрiне экологиялық баға беру үшiн халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бiрлестiктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерiктi негiзде жүзеге асыратын қызмет түрi. Ол сол объектiлерге жүргiзiлетiн мемлекеттiк экологиялық сараптамаға қарамастан жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныстық сипатта болады.
30-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң экологиялық сараптама
саласындағы өкiлеттiгi
Қоғамдық бiрлестiктердiң басқару органдары экологиялық сараптама саласында экологиялық сараптама жүргiзудi олар туралы жарғылар мен ережелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
31-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама рәсiмi
1. Қоғамдық экологиялық сараптама рәсiмi:
1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң мемлекеттiк тiркелуiн;
2) оның басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мәлiмдеудi;
3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын дайындауды;
4) бұқаралық ақпарат құралдарына экологиялық сараптама нәтижелерi туралы хабарлауды қамтиды.
2. Мәлiмдемеде қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң бастамашысы, қоғамдық сараптамашы құрамалар мен экологиялық сараптама объектiлерiнiң орналасқан жерi туралы мәлiметтер хабарланады.
32-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудi
мемлекеттiк тiркеу
1. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудi мемлекеттiк тiркеудi аумағында сарапталатын қызмет көзделген жергiлiктi атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Тiркеу үшiн берiлген өтiнiмде қоғамдық экологиялық-сараптамалық құрамалардың құрамы туралы мәлiметтер, экологиялық сараптама жүргiзу көзделген объектiнiң атауы, оны жүргiзу мерзiмi көрсетiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |