тапсырысшыларының мiндеттерi
Тапсырысшылар:
1) экологиялық сараптамаға қажеттi материалдардың сапалы дайындалуы мен берiлуiн қамтамасыз етуге;
2) экологиялық сараптама субъектiлерiне сарапталатын объектiлер жөнiнде қажеттi материалдар мен консультациялар, мәлiметтер, есептеулер, қосымша талдамалар беруге;
3) қоғамдық пiкiрдi ескере отырып, сараптама объектiсiн одан әрi iске асыру жөнiнде шешiмдер қабылдауға мiндеттi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде:
1) белгiленген тәртiппен сарапшылық жұмыстарына ақы төлеуге;
2) сараптама қорытындысында баяндалған экологиялық сараптаманың нұсқауларын, ұсыныстарын орындауға, кемшiлiктер мен жаңсақтықтарды дер кезiнде жоюға;
3) сараптама органдары белгiлеген мерзiмде жобаларды экологиялық сараптамадан қайта өткiзуге табыс етуге мiндеттi.
7-тарау. Экологиялық сараптама саласында келiспеушiлiктердi
шешу
37-бап. Экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiнде
келiспеушiлiктердi шешу
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен тапсырысшылар арасында туындаған, хаттамамен ресiмделген келiспеушiлiктердi қорытынды берген органның, сондай-ақ тапсырысшының қатысуымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган қарайды.
2. Келiспеушiлiктердi қарау мерзiмi, әдетте, келiспеушiлiктер хаттамасы және басқа да қажеттi материалдар түскен күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ үш айдан аспауға тиiс.
3. Келiспеушiлiктер жөнiндегi шешiмге сотқа шағым жасауға болады, ол Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiп бойынша ұйымдар мен лауазымды адамдардың жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
4. Экологиялық сараптама саласындағы мүлiктiк даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
5. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезiнде туындаған келiспеушiлiктердi осы бапқа сәйкес шешуге болады.
Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
38-бап. Экологиялық сараптама қорытындыларын жарамсыз
деп тану
1. Экологиялық сараптама қорытындыларын әзiрлеу кезiнде мынадай кемшiлiктер жiберiлген жағдайда:
1) экологиялық сараптама жүргiзу рәсiмi бұзылғанда;
2) экология нормалары мен ережелерi, экологиялық қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану және молықтыру талаптары орындалмағанда немесе бұрмаланғанда;
3) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына жайлы қоршаған орта жөнiндегi құқықтары, халықтың басқа да экологиялық құқықтары мен мүдделерi, экологиялық сараптама процесiне қатысушылардың құқықтары бұзылғанда;
4) экологиялық сараптамаға қатысушы тараптардың құқықтары бұзылған өзге де жағдайларда олар жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Экологиялық сараптама органы өзi қабылдайтын шешiмдер үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
8-тарау. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарының
экологиялық сараптама саласында бұзылу түрлерi
39-бап. Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңдарының
Достарыңызбен бөлісу: |