Қоршаған ортаны қорғау туралы заң[өңдеу


-тарау. Экологиялық сараптаманы қаржыландыру



бет14/17
Дата15.09.2022
өлшемі52.64 Kb.
#460784
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
2 лекция

5-тарау. Экологиялық сараптаманы қаржыландыру


33-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыру қаражаты, сараптама жұмыстарын жүргiзгенi үшiн төленетiн төлемдер есебiнен жүзеге асырылады.
2. Экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс экологиялық сарапшылар (жеке және заңды тұлғалар) жүргiзетiн сарапшылық жұмыстарға шаруашылық қызметтiң бастамашысы (тапсырысшы) ақы төлейді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 334 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
34-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру қоғамдық экологиялық бiрлестiктер мен қорлардың өз қаражаты есебiнен немесе қоғамдық негiзде жүзеге асырылады.

6-тарау. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс құжаттама
тапсырысшыларының құқықтары мен мiндеттерi


35-бап. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс құжаттама
тапсырысшыларының құқықтары
Тапсырысшылардың:
1) сарапталатын объектiлерге қатысты немесе сараптама объектiлерiнiң жекелеген талдамалары мен негiздемелерi бойынша жазбаша немесе ауызша түсiндiрмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беруге;
2) экологиялық сараптаманың алдын ала және түпкiлiктi қорытындыларымен танысуға;
3) қосымша, қайталап немесе бақылаушылық экологиялық сараптама жүргiзудiң орындылығы туралы мәлiмдеуге;
4) егжей-тегжейлi зерттеулер мен есептеулердi талап етпейтiн түзетулердi, өзгерiстердi дер кезiнде енгiзуге;
5) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары, шарт ережелерi не өздерiнiң құқықтары бұзылған жағдайларда қоғамдық сараптама қызметiн көрсету кезiнде шартты бұзуға;
6) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа шағым жасауға құқығы бар.
36-бап. Экологиялық сараптама жасалуға тиiс құжаттама


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет