Қоршаған ортаны қорғау туралы заң[өңдеу



бет12/17
Дата15.09.2022
өлшемі52.64 Kb.
#460784
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
2 лекция

ұйымдық нысандары
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның сарапшылық қызметiнiң штаттағы қызметкерлерi, оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары штаттан тыс сарапшыларды тарта отырып құратын сарапшылық комиссиялары;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган құратын салааралық сараптама комиссиялары жүргiзедi.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
26-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу
мерзiмдерi
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмi үш айдан аспауға тиiс, қаралатын құжаттаманың көлемi мен күрделiлiгiне қарай бұл мерзiм алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмiн алты айдан астам уақытқа ұзарту құжаттама тапсырысшысының өтiнiшi бойынша ғана және оның сараптама жұмыстарына қосымша ақы төлеуге кепiлдiктерi болған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудiң басталу мерзiмi сарапшылық органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажеттi құжаттамалардың бәрi берiлген және тапсырысшы сараптама жұмыстарына ақы төленгенi туралы құжаттардың көшiрмесiн табыс еткен кезден бастап белгiленедi. Бұл орайда алдын ала сараптамадан өткiзу мерзiмi екi аптадан аспауға тиiс.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама мерзiмiн белгiлеу мен ұзарту қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органның құзыретiнде болады.
27-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы
1. Жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама нәтижелерi бойынша сараптама қорытындысы жасалады, онда экологиялық сараптама объектiлерiн iске асыру жөнiнде шешiмдер қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдар болуы керек.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары мен ұсыныстары қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган, оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары оны қабылдағаннан кейiн барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама терiс қорытынды берген жағдайда тапсырысшы сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес оларды пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгiлеген мерзiмде қайтадан экологиялық сараптама жүргiзуге барлық материалдарды табыс етуге немесе көздеп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi.
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама оң қорытынды бермейiнше жобаларды мемлекеттiк, коммерциялық банктердiң, сондай-ақ кез-келген меншiк нысандарындағы өзге де қаржы мекемелерiнiң қаржыландыруына және iске асыруға тыйым салынады.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысына сарапшылық бөлiмшелердiң басшылары белгiленген үлгiдегi бланкiде қол қояды.
Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
28-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет