Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері


Дәріс 4. Тақырыбы: Табиғи ресурстрады тиімді пайдаланудың мәсеселері



бет12/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Дәріс 4.

Тақырыбы: Табиғи ресурстрады тиімді пайдаланудың мәсеселері.

Табиғи ресурстар – қоршаған ортадағы адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланылатын құбылыстардың, заттардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға күн, ауа, су, жел, орман, жер, пайдалы қазбалар, табиғи құрылыс материалдары, тағы басқалары жатады.



Табиғи ресурстардың бірінші белгісі-олардың түрі. Осы белгіге сәйкес табиғи ресурстар пайдалы қазбалар (мұнай, алтын т.б. әр түрлі кендер), табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), табиғи заттар (су, ауа, топырақ), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі болып бөлінеді. Оның ішінде пайдалы қазбалар: пайдалануға дайын (көмір, тұз, бағалы тастар) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болып бөлінеді.

 Табиғи ресурстардың екінші белгісі-олардың қоры. Бұл белгісі бойынша оларды  сарқылмайтын және сарқылатын деп бөледі.



Сарқылмайтын табиғи ресурстар-табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға жел энергиясы, күн энергиясы, жер қойнауы энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы жатады. Қоршаған ортаның ауасы мен су саны бойынша өзгермеуі, бірақ адам тіршілігінің барысында сапасы төмендеуі әбден мүмкін. Бұл табиғи байлықтар қазіргі таңдағы техника мен технологияның көмегімен (газ, су, шаң тазалау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.

Сарқылатын табиғи ресурстар-табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.

Үшінші классификациялық белгі-сарқылатын табиғи ресурстардың орнына қайта келуі. Бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынандай түрлері бар:

1 Қалпына келетін-өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер;

2 Қалпына келмейтін-миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілетін пайдалы қазбалар (түсті, қара, асыл және сирек кездесетін металдар, радиоактивті материалдар кендері, мұнай, газ т.б.);

3 Салыстырмалы қалпына келетін-пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар (үлкен жастағы баобаб пен секвойя ағаштары, құнарлы қара топырақ).

Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Дүниежүзіндегі табиғат ресурстарының тендестігі, олардың корлары, жағдайы және пайдалану болашағы көрсетілген.

Қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану ауқымды проблеманы алып отыр.Себебі,табиғи қорлар қажетті деңгейде қорғалып жатқан жоқ. Елімізде көптеген құнды ресурстар бар,бірақ оны пайдалану деңгейі төмен және де оны жүзеге асыратын маман иелері елімізде тапшы болып отыр. Дамыған елдерде табиғат ресурстарын пайдалану жоғарғы деңгейде,себебі олар шикізат ресурсын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады.Өзіміздің елде де осы мәселені жолға қойсақ,елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалануда проблемалар болмайды.

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді.

Табиғат — бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  — бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады. Жоғарыда  аталған  мәселелерге  байланысты   адамды  қоршаған  ортаны  қорғау   және  табиғатты  қорғау  жайлы  пікірлер  туындады. Адамды  қоршаған  орта  адамға  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  табиғи , табиғи – антропогендік  және  антропогендік  обьектілер , құбылыстар  мен  процестердің  жиынтығын  қамтиды, адам  олармен  өз іс  әрекетін  жүзеге  асыру  процесінде  өзара  қарым –қатынасқа   түседі. Бұл  ұғымға  адамдар  өмірінің  қамсыздандырылуы   мен  өнім  өндіру   әрекетінің  аясы  кіреді. Қоршаған  ортаның   тұрақты  жағдайы  қамтамасыз  ету ,  оны  антропогендік  әрекеттің   жағымсыз  ықпалдарынан  қорғау  табиғатты  қорғаудың  маңызды  міндеті  болып  табылады.

Табиғатты  қорғау бұл  адам  әрекеті  мен  қоршаған  табиғи   ортаның  өзара  әрекетін  қолдауға  бағытталған , табиғи  ресурстардың  сақталуы  мен  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ететін , қоғам  қызметінің   нәтижесінің  табиғат пен  адам   денсаулығына  тікелей  және  жанама  әсерін ескертетін  шаралар  жүйесі.Қазіргі  кезеңде қоршаған ортаның  жағдайына  екі  түрлі  факторлар  тобы   шешуші  түрде  ықпал  етеді. Олардың   біріншісі  ғылыми-техникалық  революцияны  және  оның  негізінің  адамзат  қоғамының  өндірістік  қызметі  алғысындағы  көрінісін  қамтиды. Екіншісі  демографиялық  аспектілерді  қарастырады  және  жер  бетіндегі  тұрғындар  санының  көбеюі  мен  урбанизацияны  ( қала  тұрғындары санының  өсуі)  қамтиды. Бұл  факторлар  бірге  алғанда   өндіргіш  күштердің даму  қарқынына  тікелей  ықпал  жасайды, ол,  өз  кезегінде, табиғи  ресурстардың  интенсивті  түрде  азаюына  және  онымен  байланысты  қоршаған  ортаның  ластануына  әкеліп  соғады.[3]

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді

жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

Табиғат ресурстары бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:



  • Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылуы;

  • Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады.[4]

Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен  қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану. Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.  Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады.

Желді аудандарда (Шар, Жалғызтөбе, Жетіс қақпасы, Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.  4. Су қорлары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.  Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық және экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалық және табиғатын қорғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды.Су қорларын пайдаланудың  жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.[5]

Осымен, қортындылай келе біз табтғат ресурстарын тиімді пайдаланып, елімізде бар байлықтарды текке шашпаныздар дегіміз келеді. Табиғат біздің екінші анамыз! Сол себепті табиғат ананың бізге сыйға тартқан асыл байлығын тиімді пайдаланып,келесі ұрпаққа саф күміс қазынадай қалдырайық! Өз елімізде табиғат ресурстарын тиімді өндіру ақсақ болып тұр. Сондықтан,осы жұмысты игеретін мамандар иелерінің шығуына көптеп көңіл бөліп,қолға алғанымыз жөн. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған  гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. http://kk.wikipedia.org/wiki/

  2. http://referatkaz.kz/%D0%BF%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BD/

  3. http://bigox.kz/t

  4. https://www.topreferat.com

  5. http://referat700.ru/

Тәжірибелік сабақ 4

Тәжірибелік сабақ 4.



  1. Тақырыбы: Ауа ортасының газ құрамы және негізгі ластаушы компоненттері. Ауа ортасының жай күйін бақылау әдістері және аспаптары.

  2. 1) Атмосфералық ауаны қорғау шаралары.

  3. 2) Топырақ ресурстарын қорғау шаралары.

  4. 3) Су ресурстарын қорғау шаралары.

  5. Ақаба немесе шайынды, ағынды су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.

  6.       Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға  шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.

  7.       Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәрнәжістік ластанған және шаруашылық ластанған болып ажыратылады.

  8.       Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативтік таза болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер және қар суы болып бөлінеді.

  9.      Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш  заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық.

  10.      Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ  түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып  немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұңдырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын қолданып, ал беттік ластағыштарды-мұнайұстағыш, май мен смолааулағыш  жабдықтармен материалдарды пайдалану арқылы жояды.

  11.       Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.

  12.       Нейтралдау процесін құрамындағы қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6,5-8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданылады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл әдіспен әдетте, құрамындағы әр түрлі минералды қышқылдары бар ақаба сулары тазартады. Сілтілі суларды нейтралдау мақсатында құрамындағы СО, SО,NО оксидтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде бұл жағдайдың қолайлығы екінші жағынан тастандылардың құрамындағы зиянды заттардан құтылу мәселесіде шешіледі.

  13.       Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес  болғанда ғана қолданылады. Ақаба  суды тазалауүшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйытылған хлор, ауа оттегі, озон, сутек тотығы, калий перменганаты және басқа реагенттер пайдаланылады.

  14.  

  15.       Озондау ақаба суын мұнай өнімдерін , фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен, бірге суды озондағанда оған жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жоғалып, залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен электр тоғын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің соның ішінде мутагендер мен канцерогендер түзілуіне апрып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы.

  16.  

  17. Бақылау сұрақтары:

  18. 1) Ауаны таза ұстаудың шаралары.

  19. 2) Ластанған судың механикалық жолмен тазарту әдісі

  20. 3) Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі.

  21. 4) Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі.

  22. 5) Топырақты тұзданудан сақтау.

  23. 6) Жерді құмға айналудан сақтау.

  24. 7) Жерді батпақтанудан қорғау.

  25. 8) Топырақтағы қоректік заттарды сақтау.

  26. 9) Топырақты уланудан қорғау.

  27. 10) Топырақты қалпына келтіру (рекультивация).

  28. Әдебиеттер

  29. 4.1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.

  30. 4.1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с.

  31. 4.1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с.

  32. 4.2.4. Родионов А.И., Клушин В.Н., Торочешников Н.С. Техника защиты окружающей среды.М.:Химия, 1989.

  33. 4.2.5.Наркевич И.П. Классификация промышленных отходов //Хим.пром.1980.-№4.С.51-54.

  34. 4.2.6. Наркевич И.П.,Печковский В.В. Утилизация осадков сточных вод.Л.: Стройиздат, 1989.

  35. 4.2.7. Краснобородько И.Г. Деструктивная очистка сточных вод от красителей. Л


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет