Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттік реттеу Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару. Экологиялық мөлшерлеу негіздері



бет13/43
Дата21.01.2022
өлшемі157.93 Kb.
#454720
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
ГОС РЕГУЛИР КАЗ

Тапсырма 4.


Жоспарлы сұрақтар бойынша реферат немесе презентация түрінде студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындаңыз:

1. Атмосфераны қорғау шаралары.

2. Атмосфералық ауаны қорғау құқығының негізі.

Құрметті студенттер! Жұмысты аяқтағаннан кейін оны №1 СӨЖ түрінде жіберіңіз.

Дәріс 5.

Тақырыбы: Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану ұстанымдары. Жерді пайдалану мен қорғауды мем бақылау.

Жерді қорғау - оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау. ҚР Жер кодексінің 17-тарауы жерді қорғауға арналған, ал 139-бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес, жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды. Жерді ұтымды пайдалану ауыл және орман шаруашылығында топырақтың құнарлығын арттырумен байланысты агротехникалық шараларды жүргізу арқылы жер пайдалануды білдіреді.


Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар табылады: өндірістің экологиялық қауіпсі зтехнологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен бұлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау; тозған немесе бұлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету; жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу. Жерді қорғаудың аталған мақсаттары мен міндеттерінің барлығы нысаналы болып табылады, оларды жүргізу үшін жер туралы заңнамада ауыл және орман шаруашылығы өндірісі және құрылыс объектісі процесіне қатысатын жауапты тұлғалар белгіленген. Жерді ұтымды пайдалану мен оны қорғауға қатысты жүргізілетін бақылауды келесі түрлерге бөлуге болады:

  • мемлекеттік бақылау;

  • ведомстволық бақылау;

  • өндірістік бақылау;

  • қоғамдық бақылау.

Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 19-ақпандағы № 235 қаулысымен Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы ереже бекітілді. Бұл ережеде аталғандай, жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бакылауды жергілікті атқарушы органдар, жер ресурстарын басқару, табиғатты қорғау жөніндегі атқарушы органдар және өз құзыреті шегінде өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті органдардың қатарынан келесі органдар аталған:

Қазақстан Республикасының Денсаулық қорғау министрлігі;

Қазакстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі;



Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскесiне құқық табыстау жөніндегі құзыретiне сәйкес оның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мемлекеттiк емес жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстаған кезде уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешiм негiзiнде жер пайдаланушылармен жер учаскесiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға лицензия немесе келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимыл жасауға арналса, осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиiстi лицензия алынған немесе келiсiмшарт жасалған соң жүргізіледі.

Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi. Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықтық мәмiлелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негiзiнде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын белгiлi бiр мерзiмге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесiн уақытша өтеусiз пайдалану шартының негiзiнде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады. Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет