6-тарау. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалану тәртiбi
1589. Жылжымалы автожанармай құю станциялары арнайы бөлiнген алаңдарға орнатылады.
1590. Арнайы бөлiнген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:
1) бақылау-өлшеу аспаптары арқылы және көзбен станциялардың герметикалығы тексерiледi;
2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткiзгiшi алаңның жерге қосу құрылғысына қосылады;
3) көлiк құралының отын багының астына қою үшiн тұғырлар дайындалады;
4) көлiк құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуiн шектейтiн кемiнде 1 метр тосқауылдар орнатылады;
5) ескерту белгiлерi мен ақпарат қалқаны орнатылады.
7-тарау. Электр жабдығын пайдалану тәртiбi
1591. Автожанармай құю станцияларына қызмет көрсетудi осындай жұмыс түрiн жүргiзуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйым жүргiзедi.
1592. Электр желiлерi мен электр жабдығындағы барлық ақаулықтар дереу қалпына келтiрiледi. Электр желiлерi мен электр жабдығының ақаулы учаскелерi олар өртке қауiпсiз күйге келтiрiлгенге дейiн ажыратылады.
1593. Электр жабдығының бетi, электр шамшырақтары, электр сымдары, кабель желiлерi мен бөлу құрылғылары кiрден, тозаңнан және мұнай өнiмдерiнен жүйелi түрде тазартылады.
1594. Электр жабдығы электр қондырғыларын орнату ережесi бойынша жарылыс қауiптi аймақтың сыныбына сәйкес таңдап алынады. Дайындаушы зауыттың жарылыстан қорғау таңбалауы жоқ электр жабдығы жарылыс қауiптi аймақта пайдалануға жiберiлмейдi.
1595. Жарылыс және өрт қауiптi аймақтарда:
1) қорғағыш жерге қосқыш (нөлдiк сымға қосу) болмаған немесе ақаулы болған, бұғаттау құрылғылары жарамсыз, корпустың (қабықтың) бүтiндiгi бұзылған жағдайда қондырғыларға электр кернеуiн беруге;
2) ток өткiзетiн бөлiктерде кернеу болғанда электр қондырғысының корпусын ашуға;
3) электр жабдығы автоматты түрде ажыратылғаннан кейiн ажырау себебiн анықтамастан, оны қосуға;
4) қысқа тұйықталу және асқын жүктеме тогынан қорғалмаған электр қондырғыларын қосуға болмайды.
1596. Жөндеу және регламенттiк жұмыстар үшiн қолданылатын жылжымалы және тасымал электр қабылдағыштар үшiн иiлгiш кабельдер мен механикалық әсерге және мұнай өнiмдерiне төзiмдi, қабығында мыстан желiсi бар сымдар қолданылады.
1597. Жарылыс қауiптi аймақтары бар үй-жайларды, ашық технологиялық алаңдарды, аппаратура мен өзге де технологиялық жабдықты уақытша жарықтандыру үшiн жарылыстан қорғалған аккумулятор фонарлары қолданылады.
Бұл ретте, жарамды және электр қондырғыларын орнату ережесiнiң талаптарына сәйкес келетiн тасымал шамшырақтар қолданылады.
1598. Жылжымалы аккумулятор фонарлары жарылыс қауiптi аймақтан тыс iске қосылады және ажыратылады.
1599. Жұмыстан тыс уақытта қауiпсiздiк жүйесiнiң электр жабдығынан басқа, барлық электр жабдығы токтан ажыратылады.
Ажырататын электр аппаратурасына бөгде адамдардың өтуiне болмайды.
1600. Шамдар мен қоректендiру көздерiн шамшырақтар мен фонарлардың жарылыстан қорғағышының қалпына келтiрiлгенiн ескере отырып жүргiзiледi.
1601. Кабельдер мен сымдардың қысқа тұйықталуына, ұшқындауына, оқшаулағыштарының шамадан тыс қызуына, автоматты басқару және қорғау жүйелерiнiң тоқтап қалуына әкелуi мүмкiн электр желiлерi мен электр аппаратураларындағы барлық ақаулықтар дереу қалпына келтiрiледi.
1602. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру және жөндеу әзiрленген регламентке сәйкес жүргiзiледi.
Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру, сынау, сондай-ақ регламенттiк және жөндеу жұмыстарын жүргiзу нәтижелерi арнайы журналға жазылады.
8-тарау. Байланыс және өрт сөндiру құралдарымен жабдықтау тәртiбi
1603. Автожанармай құю станциялары өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу шақыру үшiн телефонмен немесе радио байланысымен, сондай-ақ дауыс зорайтқыш байланыс жүйесiмен жарақталады.
1604. Автожанармай құю станциясының өндiрiстiк және қоғамдық үй-жайлары өрт сөндiргiш қабiлетiне, алғашқы өрт сөндiру құралдарының қажеттi санын анықтау талаптарына және IV топтағы объектiлер мен көлiк құралдары үшiн «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 17-қосымшаына сәйкес өрттiң ауданы мен сыныбына байланысты өрт сөндiргiштермен қамтамасыз етiледi.
1605. Резервуарлардың электр пульттерi мен жануын сөндiру үшiн көмiрқышқыл немесе ұнтақты қол өрт сөндiргiштерi қарастырылады.
1606. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын сыйымдылығы 10 литр бiр ауа-көбiктi өрт сөндiргiшпен және сыйымдылығы 5 литр бiр ұнтақты өрт сөндiргiшпен жарақталады.
1607. Өрт сөндiргiштердi орналастыру орындары тиiстi сiлтеме белгiлермен белгiленедi.
12-бөлiм. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
1-тарау. Құрылыстың, ғимараттар мен үй-жайлардың аумақтарын ұстау тәртiбi
1608. Құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары басталғанға дейiн өртке қарсы алаңдардағы барлық құрылымдар мен құрылыстар бұзылып алынады.
1609. Жанатын жылытқышы бар металл немесе асбест-цемент табақтардан жасалған қорғалмаған көтергiш және қоршау құрылымдарымен ғимараттарды салу кезiнде жұмыс iстеу жобасында құрылыстың барлық кезеңiне өрт қауiпсiздiгi бойынша iс-шаралар қарастырылады.
1610. Құрылыс аумағында өндiрiстiк, қойма және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамында әзiрленген бас жоспарға сәйкес орналастырылады.
1611. Ауданы 5 гектар және одан астам құрылыс аумағында алаңның қарама-қарсы жағынан кiретiн кемiнде екi кiру жолы қарастырылады. Жолдар жылдың кез келген мезгiлiнде өрт сөндiру автомашиналарының өтуi үшiн жарамды жабынмен қамтамасыз етiледi. Кiру жолына арналған қақпаның енi кемiнде 4 метр етiп қарастырылады.
Құрылыс алаңына кiру жолының қасына салынып жатқан және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар, өту жолдары, кiреберiстер, су көздерi, өрт сөндiру және байланыс құралдары көрсетiлген жоспарлар қойылады (iлiнедi).
1612. Барлық салынып жатқан және пайдаланудағы (оның iшiнде уақытша) ғимараттарға, құрылыс материалдарын, құрылымдар мен жабдықты ашық сақтау орындарына еркiн қол жеткiзу қамтамасыз етiледi.
Салынып жатқан ғимараттарға кiреберiстер мен жолдар салу негiзгi құрылыс жұмыстары басталғанға дейiн аяқталады. Ғимараттардың бойымен енi 18 метрден астам өту жолдары екi жағынан бойлай, ал енi 100 метрден астам – ғимараттың барлық жағынан болады. Өту жолының шетiнен бастап ғимараттардың, құрылыстар мен алаңдардың қабырғаларына дейiнгi қашықтық 25 метрден аспайды.
1613. Ғимараттар мен өрт сөндiретiн су көздерiне өту жолдары мен кiреберiстер, сондай-ақ өрт құрал-сайманы мен жабдығына қол жеткiзу әрқашан бос ұсталады. Ғимараттар арасындағы өртке қарсы бөлiктердi материалдар, жабдық, буып-түю ыдыстарын жинауға және автомобиль тұрағы үшiн пайдалануға болмайды.
Темiржол арқылы өтетiн барлық жолдар, өткелдер мен кiреберiстер жарамды күйде ұсталады және өрт сөндiру автомобилдерiнiң кедергiсiз өтуi қамтамасыз етiледi.
Жолдар арқылы құбырлар немесе кабелдердi төсеу кезiнде өткелдер, көпiрлер немесе уақытша айналма жолдар орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргiзу немесе жолдардың, өткелдердiң уақытша жабылуы туралы бас мердiгер жақын маңдағы өрт сөндiру бөлiмiне дереу хабарлайды.
1614. Жанғыш материалдардың ашық алаңдары, сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған өндiрiстiк, қойма және қосалқы құрылымдар орналасқан алаң құрғақ шөптен, қурайдан, қабықтар мен жоңқалардан тазаланады.
1615. Ашық алаңдарда жанғыш құрылыс материалдары (ағаш кесу материалдары, толь, рубероид) жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар мен құрылымдарды, сондай-ақ жанғыш орамда жабдық пен жүктердi сақтау кезiнде 100 м2 аспайын алаңда қатарлап немесе тобымен орналастырылады. Қатарлар (топтар) арасындағы және олардан бастап салынып жатқан немесе қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға дейiнгi бөлiктер кемiнде 24 метр етiп қабылданады.
1616. Жеке блок контейнерлер мен тұрмыстық вагоншаларды топтағы саны 10-нан аспайтындай етiп тобымен орналастыруға болады. Осы құрылыстардың топтары арасындағы және олардан бастап басқа құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 18 метр етiп қабылданады.
Уақытша құрылыстарды салынып жатқан және өзге де ғимараттардан бастап кемiнде 18 метр қашықтықта немесе тұйық өртке қарсы қабырғалардың қасында орналастырылады.
1617. Салынып жатқан ғимараттарда осы бөлiмнiң талаптарын орындаған жағдайда уақытша шеберханалар мен қоймаларды (жанғыш заттар мен материалдардың қоймаларынан, қымбат тұратын және құнды жабдық, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдық қоймаларынан, өндiрiстiк үй-жайлар мен жанғыш материалдарды өңдеумен байланысты жабдықтан басқа) орналастыруға рұқсат берiледi.
Әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларды I типтi тұйық өртке қарсы қалқалармен және 3 типтi далдалармен бөлiнген ғимараттардың бөлiктерiнде орналастыруға болады.
Қорғалмаған көтергiш металл құрылымдар мен жанғыш полимер жылытқыштары бар панелдерден жаңадан салынып жатқан ғимараттарда уақытша қоймаларды (зат қоятын бөлмелердi), шеберханалар мен әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға болмайды.
1618. Құрылыс алаңында, жаңадан салынып жатқан және уақытша тұрмыстық ғимараттарда адамдардың тұруына болмайды.
1619. Ауданы 300 шаршы метр және одан астам асханалар дыбыстық және жарық сигналын құрылыстың қасбетiне немесе тiкелей қорғалатын үй-жайға (автономды өрт хабарлағыштары) шығару арқылы автоматты өрт дабылымен жабдықталады.
1620. Сөндiрiлмеген әк жабулы жеке тұрған қойма үй-жайларында сақталады. Бұл үй-жайлардың еденi жердiң деңгейiнен кемiнде 0,2 метр биiк етiп көтерiледi. Сөндiрiлмеген әктi сақтау кезiнде оған ылғалдың өтуiне жол берiлмейдi.
Әк сөндiруге арналған шұңқырлар оны сақтау қоймасынан кемiнде 5 метр және басқа да ғимараттардан, құрылыстардан және қоймалардан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады.
1621. Объектiлердi қайта жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, күрделi жөндеу және кезекпен пайдалануға беру кезiнде алынып жатқан бөлiгiн қолданыстағы бөлiгiнен 1 типтi уақытша өртке қарсы қалқалармен және 3 типтi далдалармен бөледi. Бұл ретте адамдарды ғимараттар мен құрылыстардың бөлiктерiнен қауiпсiз эвакуациялау шарттарының бұзылуына жол берiлмейдi.
1622. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан ғимараттар, құрылыстар мен қосалқы үй-жайлар үшiн алғашқы өрт сөндiру құралдары нормасына сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi (8-қосымша).
1623. Iшкi өртке қарсы су құбыры мен жобада көзделген автоматты өрт сөндiру жүйелерi объектiнi тұрғызумен қатар монтаждалады.
Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанда, ал автоматты өрт сөндiру жүйелерi мен дабылы жүйелерi iске қосу, реттеу жұмыстарын (кабель құрылыстарында – кабель төсегенге дейiн) жүргiзгенде қолданысқа енгiзiледi.
1624. Жобада көзделген өрт сөндiру депосы құрылыстың бiрiншi кезегiнде тұрғызылады. Депо ғимаратын басқа қажеттiлiкке пайдалануға болмайды.
1625. Негiзгi құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейiн өртке қарсы қызметтi немесе ерiктi өртке қарсы құралымдар мен өрт техникасын орналастыру үшiн арнайы жылытылған үй-жайлар қарастырылады.
2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
1626. Биiктiгi 3 қабат және одан астам ғимараттарды салу кезiнде сатылар саты торларын орнатумен қатар монтаждалады.
1627. Саты торларда ағаш басқыштар екi қабаттан аспайтын ғимараттарда ғана қолданылады.
1628. Құрылыс кезiнде жанғыш материалдармен зақымданудан қорғау үшiн жанбайтын сатылар жабылады.
1629. Жобада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тiреушелер, жең жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жабындарындағы қоршаулар көтергiш құрылымдарды монтаждағаннан кейiн бiрден орнатылады. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезiнде ағаштар мен көпiршелердi салу эвакуациялау жолдарына қойылатын осы Қағиданың ережелерiне, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
1630. Ғимараттарды үш қабат және одан астам етiп салу кезiнде құрал-саймандық металл ағаштар қолданылады.
Құрылыстың құрылыс ағаштары олардың периметрiнiң әрбiр 40 метр бiр сатымен немесе басқышпен, бiрақ барлық ғимаратқа кемiнде екi сатымен (басқышпен) жабдықталады.
Ағаш құрылымдарын жанғыш материалдармен жабуға (жылытуға) болмайды.
1631. Адамдарды биiк ғимараттар мен құрылыстардан (түтiн құбырларынан, мұнара градирнялардан, бөгеттерден, сүрлем үй-жайлардан) эвакуациялау үшiн құрылыстың барлық кезеңiне жанбайтын материалдардан жасалған кемiнде екi саты салынады.
1632. Жанғыш материалдардан жасалған қалыпты бiр мезгiлде үш қабаттан аспайтындай етiп жасалады. Бетонның қажеттi төзiмдiлiгiне қол жеткiзгеннен кейiн ағаш қалыптар мен тақтайлар ғимараттан шығарылады.
1633. Ғимараттар мен құрылыстардың iшiнде жанғыш заттар мен материалдарды ашық отты пайдаланумен байланысты басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар орындауға болмайды.
1634. Металл құрылымдардың отқа төзiмдiлiк шегiн арттыру мақсатында оларды қорғау жұмыстары ғимаратты тұрғызумен қатар жүргiзiледi.
1635. Ғимараттарда жанғыш материалдар болған жағдайда ойықтар арқылы қабырғалар мен далдаларға (iшкi және сыртқы қабырғалардың және қабат аралық далдалардың жапсарларын герметизациялау, қажеттi отқа төзiмдiлiк шектерiн қамтамасыз ете отырып, инженерлiк коммуникациялар өтетiн орындарда тығыздау) өрттiң таралуын болдырмау шаралары қабылданады.
1636. Жанғыш жылытқыштары бар құрылымдарды монтаждаумен немесе жанғыш жылытқыштарды қолданумен байланысты жұмыстар жұмысты орындаушыларға берiлетiн және құрылыстың өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты тұлға қол қойған рұқсат бойынша жүргiзiледi.
Жұмыс жүргiзу орындарында «Отқа қауiптi – тез тұтанатын жылытқыш» аншлагтар iлiнедi.
1637. Жабынға жанатын жылытқышты төсеу және гидро оқшаулағыш кiлемдi орнату, тартқышты цемент-құм ерiтiндiсiнен жасау, қорғайтын қиыршық тас қабатын төсеу, қоршау құрылымдарын монтаждау жанғыш жылытқыштарды қолдана отырып, ауданы 500 м 2 аспайтын учаскелермен және жануы қиын жылытқыштармен 1000 м 2 аспайтындай етiп жүргiзiледi.
1638. Жанатын жылытқыштарды темiр бетон плиталары бойымен пайдалану кезiнде кемiнде 30 миллиметр өндiрiстiк ғимараттардың жабындарында тартқышты цемент-құм ерiтiндiсiнен жасалады, темiр бетон плиталары арасындағы жапсарлар мұқият қаланады.
1639. Жұмыс жүргiзу орындарында жанғыш жылытқыштар мен жабынды рулон материалдары санының ауысым қажеттiлiгiнен артуына жол берiлмейдi.
1640. Ауданы үлкен ғимараттардың жабындарында жанатын жылытқыш ұзындығы бойымен 50 метр сайын (корпус 80 метр және одан артық созылып жатқанда) енi кемiнде 6 метр, керамзит қиыршық тасынан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы белбеулермен бөлiнедi.
1641. Жанатын жылытқыш салынып жатқан ғимараттан тыс, бөлек тұрған құрылыста немесе арнайы алаңда салынып жатқан және уақытша ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемiнде 18 метр қашықтықта сақталады.
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейiн пайдаланылмаған жанатын жылытқышты, осындай жылытқыштары бар жөнделмеген панелдер мен жабынды рулон материалдарын ғимараттардың iшiнде немесе жабындарында, сондай-ақ өртке қарсы бөлiктерде қалдыруға болмайды.
1642. Тоңазытқыш ғимараттар мен осыған ұқсас құрылыстарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, бөлiктер бойынша жүйелi түрде жүргiзiледi.
1643. Бөлiкте жылу оқшаулағышты орнатқаннан кейiн оның қалдықтары жиналады және дереу оттан қорғайтын қабатпен жабылады. Жұмыс iстеу үдерiсiнде қорғалмаған жанатын жылу оқшаулағыштың ауданы 500 м2 аспайтын және жануы қиын жылу оқшаулағыш ауданы 1000 м2 етiп қабылданады.
1644. Өртке қарсы белбеулердi, тоңазытқыш камераларда аймақтарды орнату кезiнде жылытқыштың жанбайтын материалдардан жасалған қоршау құрылымдарына тығыз қабысуы қамтамасыз етiледi.
Өртке қарсы белбеулерде, аймақтарда бекiтiлмеген тесiктер қалдыруға болмайды. Кезектi бөлiктiң жылу оқшаулағышын тек алдыңғы аймақтардың өртке қарсы белбеулерiн тексергеннен және қабылдағаннан кейiн ғана орнатуға кiрiсуге болады.
1645. Жанатын жылытқыштары бар панелдердiң металл қаптамаларын зақымдаған жағдайда механикалық (бұрандалы) қосқыштардың көмегiмен оларды жөндеу және қалпына келтiру бойынша шұғыл шаралар қабылданады.
1646. Полимерлi жылытқыштары бар панелдердi монтаждауды, жабынға полимерлiк жылытқыштарды төсеудi, жабындарды орнату ұмыстарын жүргiзудi бастағанға дейiн жобада көзделген барлық қоршаулар мен ғимараттардың жабынына шығу жолдары (саты торларынан, сыртқы сатылар арқылы) салынады. Өрт туралы хабарлау үшiн жабынға шығу жолдарына телефондар немесе өзге де байланыс құралдары орнатылады.
1647. Өрт сөндiру мақсатында жабында жанатын жылытқышты қолдана отырып, ауданы 1000 шаршы метр және одан астам жабын төсеу бойынша жабын жұмыстарын жүргiзу кезiнде уақытша өртке қарсы су құбыры қарастырылады. Өрт крандары арасындағы қашықтықты әрқайсысы секундына 5 литр шығынымен кемiнде екi ағыста су жабынның кез келген нүктесiне беру шартымен қабылданады.
1648. Жабында гидро және бу оқшаулауды орнатумен, жанғыш жылытқыштары бар панелдердi монтаждаумен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде электрлiк дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргiзуге болмайды.
Ашық отты қолданумен байланысты барлық жұмыстар жанғыш және жануы қиын материалдарды бастағанға дейiн жүргiзiледi.
1649. Бу оқшаулау қабатын жабыстыру кезiнде кескiнделген төсем қабырғаларын битум шайырымен толтыруға және жобадан ауытқып, шайыр қабатын қалыңдатуға болмайды.
1650. Қабаты қалың рулон материалдарын балқыту үшiн жабындарды темiр бетон плиталарына және жанбайтын жылытқыштарды қолдана отырып, бүркемелерге орнатқанда ғана агрегаттар қолданылады.
1651. Жабындағы агрегаттарға отын құю екi өрт сөндiргiшпен және құмы бар жәшiкпен қамтамасыз етiлген арнайы орында жүргiзiледi. Жабында агрегаттарға құюға арналған отынды және отыннан босатылған бос ыдысты сақтауға жол берiлмейдi.
3-тарау. Мастикалармен, битуммен, полимер және басқа да жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстеу тәртiбi
1652. Жарылыс, өрт қауiптi бу бөлетiн жанғыш заттар мен (құрамды дайындау және оны бұйымға салу) жұмыс iстейтiн үй-жайлар мен жұмыс аймақтары ағынды-сорғыш желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi.
Жұмысты қауiпсiз жүргiзу үшiн ауа алмасу еселiгi есепке сәйкес жұмыс iстеу жобасымен анықталады.
1653. Жанғыш заттарды пайдалану кезiнде оның мөлшерiнiң ауысым қажеттiлiгiнен асуына жол берiлмейдi. Жанғыш заттары бар сыйымдылықтар тек пайдалану алдында ғана ашылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылып, қоймаға тапсырылады.
Жанғыш заттардан босаған ыдыс жаңа құрылыстың үй-жайларынан тыс арнайы бөлiнген орында сақталады.
1654. Жанғыш заттардың қалдықтары арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, үй-жайлардан арнайы бөлiнген орынға шығарылады.
1655. Жанғыш бояулар еденге тек табиғи жарық көзi бар кезде осы жұмыстарды жүргiзуге жауапты тұлғаның бақылауымен 100 шаршы метрден аспайтын жердi қамти отыра жағылады. Жұмыстар үй-жайлардан шығу жолдарынан едәуiр қашық орындардан, ал дәлiздерде үй-жайлардағы жұмыс аяқталғаннан кейiн басталады.
1656. Эпоксид шайырларды, желiмдердi, мастикаларды, оның iшiнде синтетикалық шайырлар негiзiндегi лак, бояуларды жағуды және плита және рулонды полимер материалдарын жапсыру үй-жайларды түпкiлiктi сырламас бұрын барлық құрылыс-монтаждау және санитарлық-техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.
1657. Жанғыш заттарды пайдалана отырып жұмыс iстеу үшiн ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспап қолданылады. Жанғыш заттар мен жұмыс iстеу кезiнде қолданылған аспап пен жабдық ашық алаңда немесе желдеткiшi бар үй-жайда жуылады.
1658. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында отқа қауiптi заттар бар рулонды, плиталы, эпоксид шайырлармен, мастикалармен) жұмысты өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан және жұмыс басталар алдында өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтан өткен тұлғалар жүргiзедi.
Жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстейтiн үй-жайлар 100 шаршы метр үй-жайға екi өрт сөндiргiш және киiз есебiнен алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.
1659. Жанғыш сұйықтар желдеткiшпен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған құрылымдарда, сондай-ақ терезе ойықтары мен дербес эвакуациялық шығу жолы бар сыртқы қабырғаның қасында оқшауланған үй-жайларда сақталады.
1660. Өрт қауiптi заттармен және полимерлi материалдармен жұмыс тек құрылыстың өртке қарсы жай-күйiне жауапты тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiледi.
1661. Оқшаулағыш және битум мастикаларын қайнату және қыздыру жанбайтын материалдардан жасалған қақпақтары тығыз жабылатын арнайы жарамды қазандықтарда жүзеге асырылады. Қазандықтар олардың сыйымдылығының төрттен үш бөлiгiнен аспайтындай етiп толтырылады.
Битум қайнату қондырғысын тiкелей жабында орналастыруға болмайды.
1662. Битум қазандығын ашық ауада орналастыру кезiнде олардың үстiне жанбайтын материалдардан жасалған шатыр орнату қажет. Қайнату қазандығының айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндiргiштер, күректер мен құрғақ құм) болуы тиiс. Мастикалар мен битумдарды қайнатуға және қыздыруға арналған орын биiктiгi 0,3 метрден аспайтын бiлiкпен қоршалады. Қазандықтың от жағатын тесiгi жанбайтын материалдан жасалған қайырмалы күнқағарлармен жабдықталады. Битум құрамдары қыздырылатын қазандықтарды қараусыз қалдыруға болмайды.
1663. Қазандықтардың топтағы саны үшеуден аспаса және қазандықтардың топтары арасындағы қашықтық кемiнде 9 метр болғанда олар тобымен орналастырылады. Мастикалар мен битумдарды қайнату мен қыздыруға арналған орынды арнайы бөлiнген алаңдардан бөледi және мынадай:
1) отқа төзiмдiлiгi V, IV, IVа дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 30 метр;
2) отқа төзiмдiлiгi III, IIIа, IIIб дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 20 метр;
3) отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 10 метр қашықтықта орналастырады.
1664. Оттыққа мастиканың төгiлуiн және оның жануын болдырмау үшiн қазандықты оның оттықтың үстiнде орналасқан шетi қарсы жағынан 5-6 сантиметр жоғары болатындай етiп көлбеу орналастырылады.
1665. Жұмыс аяқталғаннан кейiн қазандықтардың оттықтары сөндiрiлiп, су себiледi.
1666. Сұйылтылған газда жылжымалы қазандықтар жұмыс iстеген кезде екеуден аспайтын мөлшердегi газ баллондары жұмыс iстеп тұрған қазандықтардан кемiнде 20 метр қашықтықта орнатылған, жанбайтын материалдардан жасалған желдетiлетiн шкафтарда орнатылады.
1667. Көрсетiлген шкафтар үнемi құлыппен жабылып ұсталады.
1668. Үй-жайлардың iшiнде битум құрамдары электр қыздырғыштары бар бөшкелерде қыздырылады. Қыздыру үшiн ашық отты пайдалануға болмайды.
1669. Битум мастикасымен жұмыс iстеу кезiнде:
1) жұмыс орындарына (қабаттарына) ыстық битум мастикасын қақпақтары тығыз жабылатын арнайы металл бөшкелерде механикаландырылған тәсiлмен жеткiзу жүзеге асырылады. Қақпақтар бак құлаған кезде ашылып кетуiн болдырмайтын ысырма құрылғыларымен қамтамасыз етiледi. Мастиканы ашық ыдыспен тасымалдауға болмайды;
2) құрылыс құрылымдарына тiгiнен орнатылған учаскелерге бекiтiлген сорғышпен ағып кетуiне жол бермей болат құбыр арқылы қолданылады. Көлденең учаскелерде мастиканы қызуға шыдамды шланг арқылы беруге болады.
1670. Шлангiнi болат құбырмен қосу орнында ұзындығы 40-50 сантиметр сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан жасалған) кигiзiледi.
1671. Мастика жағуға арналған қондырғының сыйымдылығын толтырғаннан кейiн мастика құбырдан ағызылады.
1672. Араластыру кезiнде қыздырылған битум ерiткiшке (бензин, скипидар) құйылады. Тек ағаш араластырғышпен ғана араластыруға болады.
1673. Битумды ерiткiштермен араластыру орнынан 50 метр радиуста ашық отты пайдалануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |