Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және мал азығын сақтау тәртiбi



бет12/23
Дата12.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#129782
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

11-тарау. Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және мал азығын сақтау тәртiбi

      1195. Ат қоралардың үй-жайларында кемiнде екi дербес қақпасы болуы қажет, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға жол берiлмейдi.


      Жылқыларды шығаруға арналған үй-жайлардың барлық қақпалары мен есiктерiнiң тек сыртқа қарай ашылуы қарастырылады. Қақпаны тек жеңiл ашылатын тиектермен ғана жабуға рұқсат етiледi. Жылдың қысқы мезгiлiнде ат қоралардың қақпалары мен есiктерiнiң алды қардан жүйелi түрде тазалап отырады.
      1196. Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бiр мезгiлде босатып шығаруға мүмкiндiк беретiн құрылғылар қарастырылады.
      1197. Ат қоралардың үй-жайлары тiзгiндермен, жүгендермен, жапқыштармен және жануарларды шығару мен байлау үшiн қажеттi басқа да құрал-саймандармен қамтамасыз етiледi.
      1198. Жануарларға жем дайындауға арналған үй-жайлар ат қоралардың басқа үй-жайларынан отқа төзiмдiлiк шегi ЕI-45 кем емес, жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен (қабырғалармен және далдалармен) бөлiнедi.
      1199. Ат қораларда электр желiлерi оқшаулағыштарға, арқандарға, болат құбырларға немесе кабельдерге ашық төселедi. Тек тозаң-су өткiзбейтiн немесе ылғал өткiзбейтiн электр шамшырақтарын ғана пайдалануға жол берiледi.
      Бөлу қалқандары, ажыратқыштар, сақтандырғыштар тамбурларда немесе ат қоралардың сыртқы қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылады.
      1200. Ат қорада тәулiктiк жемшөп қоры бар жемшөп орнын, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жайларды орнатуға болады.
      Жемшөптiң негiзгi қорлары арнайы қойма үй-жайларында сақталады.
      1201. Жемшөп үй-жайы, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жай басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындармен бөлiнедi және сыртқа дербес шығу жолымен қамтамасыз етiледi.
      1202. Ат қоралардан жылқыларды ойдағыдай эвакуациялау үшiн өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялаудың жоспары жасалады.
      1203. Ат қораларда электр желiлерiн пайдалану кезiнде:
      1) электр желiлерiн жануарлар тұратын орындардың үстiнен орналастыруға;
      2) электр желiлерiнiң астынан шөп, сабан жинауға;
      3) электр желiлерi мен кабельдерiн ат қоралардың бөлмелерi арқылы транзитпен төсеуге;
      4) қуаты осы шамшырақ түрi үшiн шектi рұқсат етiлгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;
      5) шамшырақтарды тiкелей желiлерге iлуге жол берiлмейдi.
      1204. Ат қоралардың үй-жайларында:
      1) шеберханалар, қоймалар, автокөлiк тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бiр жұмыс жүргiзуге;
      2) осы үй-жайларға iштен жану қозғалтқыштары бар, пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын өшiргiштермен жабдықталмаған көлiк құралдарының өтуiне;
      3) қақпаларда олардың автоматты түрде ашылуы үшiн серiппелер мен блоктар орнатуға;
      4) үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарларын қолдануға;
      5) уақытша пештердi орнатуға;
      6) тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға;
      7) темекi шегуге және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.

9-бөлiм. Көлiк объектiлерiн ұстау тәртiбi

10-тарау. Автомобиль көлiгi объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-параграф. Гараждар мен ашық тұрақтарды ұстау тәртiбi

      1205. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын басқа үй-жайлардан 2-типтi өртке қарсы қабырғалармен және 3-типтi жабындармен бөлiнедi.


      1206. Сақтау үй-жайлары мен өндiрiстiк және басқа да кәсiпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсететiн жылжымалы құрамының ағымдағы жөндеуi мен техникалық қызмет көрсету посттарының өндiрiстiк қойма үй-жайларын аталған үй-жайларды ғимараттың басқа бөлiктерiнен 2-типтi бiтеу өртке қарсы қабырғалармен және 3-типтi жабындармен бөлiнген жағдайда В1-В4, Г және Д санатты ұйымдар мен осы кәсiпорындардың отқа төзiмдiлiгi II-дәрежелi өндiрiстiк ғимараттарда орналастыруға жол берiледi.
      1207. Сұйылтылған көмiрсутектi газ бен қысымды табиғи газда жұмыс iстейтiн қозғалтқыштары бар автомобильдерден басқа жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын жалпы бiлiм беру мектептерiн, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн және стационарлары бар емдеу мекемелерiн қоспағанда, қоғамдық ғимараттардың жанында салынған құрылыстарда орналастыруға жол берiледi.
      1208. Жанында салынған және қоса салынған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайлары арқылы инженерлiк коммуникациялары (су құбыры мен электрмен қамтамасыз етудi қоспағанда) транзиттi төселген жағдайда олар, отқа төзiмдiлiк шегi ЕI-150 бiтеу құрылыс конструкцияларына бекiтiледi.
      1209. Құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларының қақпасы ойығының отқа төзiмдiлiгi ЕI-45, енi кемiнде 1 метр болатын көлемдегi күнқағарлар қарастырылуы тиiс, күнқағар шетiнен бастап қоғамдық ғимарат терезелерi ойығының шетiне дейiнгi арақашықтық 4 метр, құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау ғимаратының үстiңгi терезесiнен бастап қоғамдық ғимаратының астыңғы терезелерi ойығының шетiне дейiнгi арақашықтық 4 метрден кем болмауы тиiс.
      1210. Сыртқы қақпалар эвакуациялық шығу жолдары ретiнде:
      1) босағасы жоқ немесе биiктiгi 0,1 метрден аспайтын босағасы бар қақпалар болғанда кез келген үлгiдегi қақпаларды орналастырған жағдайда пайдаланылуы мүмкiн;
      2) қақпалар сақтау, техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттерiнiң (қақпа саны бiр бiрлiктен көп болғанда) үй-жайларында орналасқан жағдайда пайдаланылуы мүмкiн.
      1211. Майлауға арналған материалдарды сақтау үй-жайларында таза және пайдаланылған майларға арналған ыдыстар және оларды тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтар үй-жайдың сыртқы қабырғасында орналастырылуы және тiкелей сыртқа шығатын есiгi болуы тиiс.
      Жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу бекеттерiнiң үй-жайларында егер көлемi 5 текше метрден аспаса таза және пайдаланылған майларды сақтауға, сондай-ақ майлау материалдарын тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтарды орнатуға рұқсат етiледi.
      1212. Көлiк құралдарының барынша төмен өту енi:
      1) 6,5 метр сақтау орындарының қабырғалары мен дарбазаларына перпендикулярлы орналасқан кезде – енi 2,3 метр;
      2) 5,5 метр сақтау орындары үшiн дәл солай – енi 3,5 метр;
      3) 600 бұрышында автомобильдердi орналастырған кезде дәл солай – 4,5 метр;
      4) 450 бұрышында автомобильдердi орналастырған кезде – 3,0 метр қабылданады.
      1213. 10 және одан астам техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеу бекеттерi немесе 50 және одан астам автомобильдер қарастырылған кәсiпорын аумағының қоршауында кемiнде екi кiру (шығу) жолы болуы тиiс. Бекеттерi немесе автомобильдердi сақтау орындарының саны аз кәсiпорындар үшiн аумақта бiр кiру жолын орнатуға болады. Қоршаудағы қақпалардың ойығы 4,5х4,5 метрден кем емес етiп орындалады.
      1214. 10 және одан астам техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттерi немесе 25 астам автомобильдердi сақтау қарастырылатын автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда кемiнде екi қақпа болуы қажет.
      1215. 25 бiрлiктен астам мөлшерде көлiк сақтау үй-жайлары үшiн өрт болған жағдайда көлiк құралдарын эвакуациялау ретi мен тәртiбi көрсетiлген оларды орналастыру жоспары болады.
      1216. Жер астындағы гараж тұрақтарда машина орындары бөлiп қою үшiн өртенбейтiн материалдардан жасалған тор көздi қоршаулар қолдануға жол берiледi.
      1217. Гараждардың төбелерiн орнатып жөндеген кезде мемлекетаралық стандарт бойынша 1-РП төмен емес қабат бойымен оттың таралу топты жылытқыш пен гидро оқшаулағыш материалдар қолданылады.
      1218. Ашық тұрақ аумақтарында көлiк құралдарының шағын жөндеуi мен ағымды техникалық қызмет көрсету бетi қатты алаңшаларда жүзеге асырылады.
      1219. Көлiк құралдарының шағын жөндеуi мен ағымды қызмет көрсетуiн жүзеге асыруға арналған әрбiр алаңшада «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 17-қосымшасына сәйкес өртке қарсы құрал-сайман жиынтығы бар өрт сөндiру қалқаны орнатылуы тиiс.
      1220. Көлiк құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшаларын өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде көшiруге кедергi жасауы мүмкiн заттар мен жабдықтармен ыбырсытуға жол берiлмейдi.
      1221. Көлiк құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшалары таза ұсталады. Төгiлген жанар-жағармай материалдарына құм сеуiп, дереу жиналады.
      1222. Көп пәтерлi тұрғын ғимараттарға, қоғамдық ғимараттарға қоса салынған гараж тұрақтарының үй-жайларында көлiктiк құралдарға құрастырылған бактардағы отынды қоспағанда, жанар жағармайды сақтауға жол берiлмейдi. Кейбiр гараждарда бензин және дизельдi отын – 20 килограмм, майлар – 5 килограмнан аспайтын жанаржағар майдың қосымша мөлшерiн сақтауға жол берiледi. Бензин, дизельдi отын және майлардың аталған көлемiн тек металдан жасалған тығыз жабылатын ыдыста ғана сақтауға жол берiледi.
      1223. Гараждар мен ашық тұрақтарды олардың тура мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камералары және т.б.) қолдануға жол бер.
      1224. Автомобильдердi сақтау үй-жайларын жылыту құйылу желдеткiшi бар сулы немесе ауалы болып көзделуi тиiс. Күзет үй-жайларында иректелусiз бетi тегiс зауыттан шыққан жергiлiктi жылыту құралдарын пайдалануға жол берiледi. Бұл ретте бетiнiң температурасы 100ғC асуы мүмкiн жылыту құралдары жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қоршалады.
      1225. Үй-жайларда, шатыр астында және ашық алаңшаларда көлiк сақтауға:
      1) норма сақталмаған көлемде көлiк құралдарын орнатуға, оларды орналастыру жоспарын бұзуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;
      2) шығу қақпалары мен өту жолдарын ыбырсытуға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектердi шаюға;
      3) көлiк құралдарын отын бактарынан, отын өткiзгiштерi мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;
      4) көлiк құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды канализацияға немесе жақын аумаққа төгуге. Iстен шыққан жанар-жағар май материалдарын, сүзгiлердi, ескi-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған сыйымдылықтарға қарастыру керек;
      5) аккумуляторларды тура көлiк құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға;
      6) қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары), жарықтандыру үшiн ашық от көздерiн пайдалануға;
      7) жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшiн көлiк құралдарын пайдалануға;
      8) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сыйымдылықтарын сақтауға;
      9) көлiк құралдарын сырлауға, бөлшектерiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға;
      10) қозғалтқыштарын жылытуға, ашық отты қолданып, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге (шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары және басқа да от көздерi), сондай-ақ жөндеу және басқа да жұмыстар жүргiзген кезде жарықтандыру үшiн ашық отты көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
      1226. Газ тәрiздi отында жұмыс iстейтiн көлiк құралдарын пайдалану кезiнде:
      1) газды қоректену жүйесi техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлiк құралдарын жабық үй-жайға тұраққа қоюға жол берiлмейдi;
      2) көлiк құралын түнгi немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығын вентильдерiн жабу, магистралды газ құбырындағы барлық газды iстен шығару қажет, одан кейiн iске қосуды өшiрiп, магистралды вентильдi жауып, аккумуляторда «масса» ажыратылады;
      3) жабық үй-жайда көлiк құралының «өзiндiк жүру» қозғалысын тек сұйық отында жүзеге асырылады (бензин, дизельдi отын);
      4) көлiк құралдарын сақтауға арналған үй-жайларда сұйылтылған көмiрсутектi газ өшiктiрудi (КГӨ) жүзеге асыруға жол берiлмейдi;
      5) үй-жайларды олардың iшiнен көлiк құралдары шыққаннан кейiн мұқият желдетiледi;
      6) қыстың күнi көлiк құралдарын гараждан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргiзiледi;
      7) қысымды бақылаумен, газды өндiрумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әр түрлi отын түрлерiне ауыстырып қосу және газ жеткiзумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталады. КГӨ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандары, сондай-ақ отын жеткiзiлуiн бұғаттауды қамтамасыз ететiн электрлiк магниттi клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады. Баллондарды куәландыру екi жылда бiр реттен кем емес жүргiзiледi.
      8) КГӨ жабық гараж тұрақтарда және басқа да iшiндегi температурасы 250C асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдану және сақтау;
      9) қозғалтқышты iске қосуды тек отынның бiр түрiнде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол берiледi.
      1227. Жанар-жағармай материалдарын таситын автомобильдердi 600 текше метрден аспайтын аталған материалдарды тасымалдауға арналған жалпы сыйымдылықты топтарға бөлiп қарастыру қажет, бiрақ 50 автомобильден көп болмауы керек. Жанар-жағармай материалдарын тасуға арналған автокөлiктердiң, сондай-ақ басқа автокөлiктердi сақтауға арналған алаң арасындағы қашықтық 12 м кем болмауы тиiс.
      1228. 10 автомобильге дейiн және жалпы сыйымдылығы 30 текше метрге дейiн автоцистерналардың жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларында негiзгi қондырғылар тоқтап тұрған кезде автоматты түрде iске қосылатын үш қайтара ауа алмастыру көлемiнде жарылыстан қорғағыш механикалық ауа сорғыш желдеткiшiнiң қондырғысын орнату қажет.
      1229. Бояу және аккумуляторлық бөлiмшелердi (учаскелердi) орналастыруға арналған үй-жайлардың сорғыш желдеткiш жүйесiн бiр-бiрiмен және басқа үй-жайлардың сорғыш желдеткiш жүйесiмен бiрiктiруге болмайды.
      1230. Газ баллон автомобильдерiн жер асты гараж тұрақтарында сақтауға болмайды.
      1231. Көлiк құралдарын (жеке көлiк түрлерiнен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбiр 10 көлiкке бiреуден келетiн сүйреткiш арқандармен (штангалармен) жабдықталады.
      1232. Жеке қолданыстағы гараждарда бұрын көрсетiлген талаптарға қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға жол берiлмейдi.
      1233. Автомобильдердi жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерiнде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге (№1 ТҚК бойынша жұмыстардан басқа) жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
      Жұмыс аяқталғаннан кейiн үй-жай мен байқау шұңқырларын май сiңген, сүртiлген материалдардан тазартылады.

2-параграф. Аккумулятор станцияларын ұстау тәртiбi

      1234. Аккумулятор станциялары (шеберханалар) отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес үй-жайларда орналастырылады.


      Аккумулятор станцияларының есiктерiнде «Аккумулятор бөлмесi», «От қауiптi!», «Отпен кiруге болмайды!», «Темекi шегуге жол берiлмейдi!» деген жазулар iлiнедi.
      Аккумулятор станциялары үй-жайларының едендерi қышқылға төзiмдi (сiлтiге төзiмдi), ал қабырғалары, төбелерi, есiктерi, терезе ағаштары, желдеткiш қораптары мен басқа да жабдықтар қышқылға төзiмдi (сiлтiге төзiмдi) бояулармен сырланады. Терезелерi әйнекпен немесе күңгiрт әйнекпен әйнектеледi. Ыстық климатты аудандарда терезелерге көлеңкелi күнқағарлар орнатылады.
      1235. Қышқылды және сiлтiлi аккумуляторларды жөндеу, сақтау және зарядтау әр түрлi үй-жайларда жүргiзiледi.
      Жөндеу, зарядтау, генераторлық және электролиттi учаскелер жекешеленген қабырғалары жанбайтын үй-жайларда орналасады. Атқарылатын жұмыс көлемi шағын болса (бiр уақытта 10 аккумуляторға дейiн), аккумуляторларды зарядтау мен жөндеудi бiр үй-жайда арнайы зарядтау шкафында жүргiзуге рұқсат етiледi.
      Мұндай жағдайда зарядтау қалқаны зарядтау шкафына қарама-қарсы орнатылады. Мұндай үй-жайларда батареяларды зарядтау үдерiсiнде ашық отты пайдалануға болмайды.
      1236. Аккумулятор станцияларының электр жабдықтары мен шырақтары (оның iшiнде тасымалдаушы) жарықтан қорғағыш күйде ұсталады. Қосқыштар, штепсельдi розеткалар, тежегiштер аккумуляторлық станциялары үй-жайларының сыртында орналастырылады. Аккумуляторларға жарықтандыру сымдарын жалғау қышқылға төзiмдi (сiлтiге төзiмдi) қабықты сыммен орындалады.
      1237. Аккумулятор станцияларының үй-жайлары қышқылдық және сiлтiлiк аккумуляторлы учаскелерге арналған жеке тармақтық-сорғыш желдеткiшпен жабдықталады. Желдеткiштiң электр қозғалтқышын үй-жайдың сыртында орналастырылады. Зарядтау үй-жайы мен шкафының желдеткiш жүйесi аккумуляторлық станциялардың басқа үй-жайлардан оқшауланады.
      Желдеткiштiк арналары мен түтiн жолдарын жалпы желдеткiш жүйесiне шығаруға болмайды. Зарядтау үй-жайының (шкафының) желдеткiш жүйесi желдеткiш жұмысы тоқтаған жағдайда соңғысын сөндiру мақсатында зарядтау тогын беру қондырғысымен автоматты түрде қоршалған болуы тиiс.
      1238. Аккумулятор станцияларына орталық сумен немесе калорифермен жылу берiлуi тиiс. Орталық жылу беру құбырлары зарядтау үй-жайларының көлемiнде дәнекерлеу арқылы жалғанған және тегiс болуы тиiс. От жағу тесiктерi, тазалау есiктерi, ысырмалар және келтеқұбырлар үй-жайдың сыртында орналасқан болса, пешпен жылыту жүйесiн орнатуға болады. Аккумулятор станцияларында электр пештерiн орнатуға жол берiлмейдi.
      1239. Аккумулятор батареяларын зарядтау үдерiсiнде:
      1) ұшқын болмас үшiн сымдардың батарея клеммасына берiк жалғануын тексерiледi;
      2) батарея банкаларындағы тығындар ашық күйде ұсталады;
      3) зарядтау тогын қосу мен зарядталған аккумуляторларды сақтауға тек ағынды сорғыш желдеткiш жұмыс iстеп тұрғанда рұқсат берiледi;
      4) өткiзгiштi жеке аккумуляторлардан зарядтау тогы өшiрулi тұрғанда ажыратылады;
      5) зақымдалған өткiзгiштердi тез арада жаңасымен ауыстыру қажеттiгiнiң талаптары сақталады.
      1240. Аккумулятор станцияларының зарядтау үй-жайларында дәнекерлеу жұмыстарын немесе дәнекерлеу шамын қолданатын жұмыстар батарея зарядталып бiткеннен кейiн екi сағаттан соң және үй-жай мұқият желдетiлгеннен кейiн жүргiзiледi. Дәнекерлеу орнын үй-жайдың технологиялық жабдығынан отқа төзiмдi қалқандармен қоршалады.
      1241. Аккумулятор станцияларының үй-жайларында:
      1) темекi шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;
      2) бiр ауысымдық қажеттiлiктен артық қышқылды, сiлтiнi немесе электролиттi сақтауға;
      3) жұмыс орнында арнайы киiмдi және басқа да бөгде заттарды қалдыруға жол берiлмейдi.

3-параграф. Жуу және сырлау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      1242. Жуу және сырлау цехтерi, учаскелер мен бөлiмшелер отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес арнайы жабдықталған бiр қабатты ғимараттарда орналастырылады, iшкi қабырғасында терезе ойығы болады және жапсарлас өндiрiстiк үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен бөлiнедi. Жуу және сырлау цехтарынан жапсарлас үй-жайларға шығу ауа екпiнiнiң түсуiн қамтамасыз ететiн шлюздiң тамбуры арқылы жүргiзiледi.


      1243. Сырлау цехтерiн ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және сыртқы қабырғаға жақын орналасқан, бөлек оқшауланған үй-жайларда өртке қарсы қабырғалармен бөлiнген жапсарлас және баспалдақ алаңына шығатын жеке есiгi бар үй-жайларда орналастыруға болады.
      1244. Жуу және сырлау үй-жайларын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерiнде, астыңғы және бiрiншi қабаттарында орналастыруға жол берiлмейдi.
      1245. Бояу дайындайтын бөлiмшелер сыртқы қабырғасында терезе ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және жапсарлас үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.
      1246. Жуу және сырлау цехтерiнiң, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлiмшелердiң еденi жанбайтын, электр сымды, тұрақты және ұшқын шығармайтын, ерiтiндiлерге төзiмдi етiп орындалады.
      1247. Жуу және сырлау цехтерiнiң қабырғаларының үстiңгi қабаты кемiнде 2 метр және тазалануы оңай, жанбайтын материалдармен қапталған болуы қажет.
      1248. Жуу және сырлау цехтерiнiң, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң бөлмелерi дербес механикалық үрлеу-сору желдеткiшiмен және нүктелiк сору бояу камераларымен, малу ванналарымен, құю қондырғыларымен, қолмен бояу бекеттерiмен, кептiру камераларымен жабдықталады. Сырлау цехтарында ауаның ылғалдылығы автоматты түрде 65-75% мөлшерде болуы керек. Аталған үй-жайларда қауiптi жарылыс қосылыстарының пайда болуының алдын алуға арналған автоматты газ талдағыш орнатылады.
      1249. Жуу және сырлау цехтерiнiң және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылу беру аспаптарының бетi тегiс болуы және 950С артық қыздырмау қажет, қырлы радиаторларды қолдануға жол берiлмейдi.
      1250. Жуу және сырлау цехтерiнiң, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң электр жабдықтары мен шырақтарын тек жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол берiледi.
      Электрлiк iске қосатын қондырғылар, түймелi электр магниттiк жiбергiштер жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнатылады.
      1251. Жуу және сырлау цехтарында гидравликалық iлмектi тұндырғыштармен немесе тұзақтармен жабдықталған өрт қауiпсiздiгi канализациясы қарастырылады. Соңғысы жүйелi түрде бояу қалдықтарынан тазаланып тұрады.
      1252. Жуу және сырлау цехтары мен бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылжымалы технологиялық құралдары (сатылар, басқыштар, тақтайлар, арбалар) соққы және үйкелiс кезiнде ұшқын шығудың алдын алатын қорғаныс қондырғысымен жабдықталады.
      1253. Жуу және сырлау цехтерiнiң және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң және лакпен бояу зертханаларының үй-жайлары үнемi таза әрi реттелген күйде ұсталады. Үй-жайларды, жабдық пен жұмыс орындарын жинау ауысымына кемiнде бiр рет ылғалды тәсiлмен жүргiзiледi.
      Төгiлген лак, бояу материалдарын және ерiткiштердi ағаш үгiндiсiнiң мен сумен жуудың көмегiмен дереу жинап алынады.
      Едендер мен қабырғаларды, құралдарды жуу техникалық өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн сұйықтықтармен жүзеге асырылады. Бұл мақсатта өрт қаупi бар органикалық ерiткiштердi пайдалануға жол берiлмейдi. Сүрту материалдары пайдаланылып болғаннан кейiн жабылатын арнайы металл жәшiктерге салынып, ауысым соңында белгiленген орынға шығарылады.
      Лак, бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар цехтан шығарылып, қақпағы тығыз жабылып, арнайы белгiленген алаңдарға жиналады.
      1254. Жуу және сырлау үдерiсiнде статистикалық электр зарядын сөндiру үшiн барлық техникалық жабдықтар, бояу бүрiккiштер, ерiткiштер мен лак, бояуларға арналған құбырлар (иiлгiш шлангтар), сондай-ақ сырланатын және жуылатын жеке тораптар, бөлшектер мен басқа да бұйымдар берiк түрде жерге қосылады.
      Жерге қосатын электродтың кедергi мәнi 10 Ом аспайды.
      1255. Жеке тораптар мен бөлшектердi және басқа да бұйымдарды жууға және майсыздандыруға пайдаланылатын органикалық, өрт шығу қаупi бар ерiткiштерге статикаға қарсы қоспалар қосылады. Жуу мен майсыздандыруды жерге қосылатын нұсқаның сымымен жалғастырылған металл торға оралған мақта-мата майлықтармен жүргiзу ұсынылады.
      1256. Адамдарда статикалық зарядтардың пайда болуының алдын алу және тоқтату үшiн:
      1) жұмысшылар мен қызметшiлерге синтетикалық және жiбек маталардан киiм киюге, сондай-ақ жүзiктер мен бiлезiктер тағуға жол берiлмейдi;
      2) цех алаңдары мен жабдықтарда жерге қосылған аймақ қабаттарының қондырғысы қарастырылады;
      3) есiк тұтқалары, баспалдақ ағаштары, құралдардың саптары жерге бекiтiледi;
      4) жұмысшылар ток өткiзгiш аяқ киiмдермен және статикаға қарсы бiлезiктермен қамтамасыз етiледi;
      5) жұмысшылар (мүмкiндiгiнше жиiрек) өздерiнен статикалық электр зарядты жерге қосылған металл заттарға немесе жабдықтарға жалаңаш қолын тигiзу тәсiлiмен ауық-ауық, сондай-ақ өрт шығу қаупi бар органикалық ерiткiштер мен лак, бояулардың жанынан алыс жерлерде түсiрiп тұруға мiндеттеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет