10-бөлiм. Сақтау объектiлерiн ұстау тәртiбi
1-тарау. Жалпы ережелер
1381. Қоймаларда (үй-жайларда) заттар мен материалдар олардың өрт қауiптi физикалық-химиялық қасиеттерiн 5-қосымшаға сай (ылғал түскенде, ауамен араласқанда тотығуға, өздiгiнен қызуға және тұтануға қабiлетi), заттар мен материалдарды бiрге сақтау бойынша өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес өрт сөндiргiш заттардың қосылушылық және бiр тектiлiк белгiлерiн ескере отырып сақталады.
Қолданылатын өрт сөндiргiш заттардың бiр тектiлiгiне қарамастан, қандай да бiр материалдар мен тауарларды бiр секцияда каучукпен немесе авто резинамен бiрге сақтауға болмайды.
1382. Жанғыш газдары бар баллондар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтар (бөтелкелер, үлкен бөтелкелер, басқа да ыдыс), сондай-ақ аэрозоль орамдар күн сәулесi мен басқа жылу әсерiнен қорғалуы тиiс.
1383. Көп қабатты қоймаларда аэрозоль орамдарын өртке қарсы бөлiктерде тек жоғары қабатта ғана жинауға болады, бөлiктегi мұндай орамдардың саны 150000 аспауы қажет.
Қойманың оқшауланған бөлiгiнде 15000 аспайтын орамды (қорапты) сақтауға болады, ал қойманың жалпы сыйымдылығы 900000 орамнан аспауы қажет. Қойма ғимараттары шатырсыз, тез ашылатын жабынды болуы тиiс.
Жалпы қоймаларда 5000 данадан аспайтын мөлшерде аэрозоль орамдарын сақтауға болады.
1384. Ашық алаңдарда немесе шатырлар астында аэрозоль орамдарын тек жанбайтын контейнерлерде ғана сақтауға болады.
1385. Қойма үй-жайларында материалдарды стеллажсыз тәсiлмен сақтау кезiнде қатарлап жинау қажет. Қойма үй-жайларының есiк ойықтарына қарама-қарсы енi есiктiң енiне тең, бiрақ 1 метрден кем емес еркiн өту жолдары қалдырылады.
Қоймаларда әрбiр 6 метр сайын енi кемiнде 0,8 метр бойлық өту жолдары салынады.
1386. Қойма үй-жайлары iшiндегi есiк құрылымдары оттан қорғау құрамымен өңделедi.
1387. Транзиттiк электр кабельдерi, газ және өзге де коммуникациялар өтетiн үй-жайларда қоймаларды орналастыруға болмайды.
1388. Шамшырақтардан бастап сақталатын тауарларға дейiнгi қашықтық кемiнде 0,5 метр және жанғыш құрылыс құрылымдарының үстiне дейiн 0,2 метр етiп қабылданады.
1389. Тауар-материалдық құндылықтарын сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерiн, тамақ iшу басқа да қосалқы қызмет бөлмелерiн орналастыруға болмайды.
1390. Тауартанушылардың, сарапшылардың, қоймашылардың жұмыс орындарын қоршау үшiн қойма үй-жайларында орнатылатын шынылы қалқалар өрт туындаған жағдайда адамдар мен тауар-материалдық құндылықтарын эвакуациялауға кедергi келтiрмейдi.
1391. Қойма үй-жайларында және дебаркадерлерде тиеу-түсiру және көлiк құралдарының тұруына және оларды жөндеуге болмайды.
Рампаға (платформаға) түсiрiлген жүктер мен материалдарды жұмыс күнi аяқталғанда алып тасталады.
1392. Қоймалардың ғимараттарында ыдысты ашумен, жарамдылықты тексерумен және ұсақ жөндеумен, өнiмдi өлшеп ораумен, өрт қауiптi сұйықтықтардың жұмыс қоспаларын (нитро бояуларды, лактарды) дайындаумен байланысты барлық операциялар сақтау орындарынан оқшауланған үй-жайларда жүргiзiледi.
1393. Автомобильдер, мотовоздар, автотиегiштер мен автокрандар және жүк көтергiш техниканың өзге де түрлерi iрi жем-шөп, талшықты материалдар сақталатын маяларға, қатарларға және шатырларға оларда жарамды ұшқын өшiргiш болған жағдайда кемiнде 3 метр қашықтықта жiберiлуi қажет.
1394. Қоймалардың электр жабдықтары жұмыс күнi аяқталғанда токтан ажыратылады. Қойманы электрмен жабдықтауды ажыратуға арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс, жанбайтын материалдан жасалған қабырғаға немесе бөлек тұрған тiрекке орнатылады, шкафқа немесе пломбалауға арналған құрал-саймандары бар текшеге орналастырылып, құлыппен жабылады.
1395. Қоймалардың үй-жайларында кезекшiлiк жарықтандыруға, сондай-ақ газ плиталарын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалануға және штепсель розеткаларды орнатуға болмайды.
1396. Ашық алаңда материалдарды сақтау кезiнде бiр секцияның (қатардың) ауданы 300 шаршы метрден аспауы қажет, ал қатарлар арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 6 метр етiп қабылданады.
1397. База мен қоймалардың аумағында орналасқан ғимараттарда персонал мен өзге де тұлғалардың тұруына болмайды.
1398. А, Б және В1- В4 санатты қойма үй-жайларына локомотивтердiң өтуiне болмайды.
1399. Цех қоймаларында кәсiпорында белгiленген нормадан тыс мөлшерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға болмайды.
1400. Түтiн жою үшiн ойықтары бар терезелерi жоқ жертөле және цоколь қабаттардың үй-жайларында, сондай-ақ ғимараттардың жалпы саты торларын осы қабаттармен қосқанда жанғыш ыдыста жанғыш материалдарды немесе жанбайтын материалдарды сақтауға болмайды.
11-бөлiм. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоймаларын ұстау тәртiбi
1-параграф. Резервуарлық парктердi ұстау тәртiбi
1401. Мұнай базаларының (қоймалардың), құю және айдау станцияларының аумақтары биiктiгi кемiнде 2 метр жанбайтын дуалдармен қоршалады.
1402. Резервуарлық парк пен бөлек тұрған резервуарлар аумағына тәулiктiң түнгi және қараңғы уақытында шамшырақтармен немесе топырақ үйiп бекiтiлген жерлерден тыс прожекторлармен жарық беру қажет.
1403. Резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлген жерлерi осы топырақ үйiп бекiтiлген жердегi ең үлкен резервуардың көлемiне тең көлемдi қамтуы және жарамды күйде ұсталуы қажет. Топырақ үйiп бекiтiлген жердiң iшiндегi алаңдарды жоспарлап, құм себу қажет. Механикаландырылған өрт сөндiру құралдары үшiн топырақ үйiп бекiтiлген жер арқылы өту жолдарын салуға кәсiпорын басшылығы рұқсат беруi мүмкiн. Бұл ретте топырақ үйiп бекiтiлетiн жердiң тұтастығы мен биiктiгi, сондай-ақ резервуарлық парктiң шекарасымен өту жолдары бұзылмауы қажет.
1404. Толтыруды және деңгейдi өлшеудi бақылау мен автоматтандыруға арналған құрылғылардың желiлерiнен басқа, резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлiген жерi iшiнде және тiкелей резервуарларда электр жабдығын орнатуға және электр желiлерiн төсеуге болмайды.
Көрсетiлген электр аппаратурасы мен сымдарды Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол берiледi.
1405. Резервуарлық парктегi құбырлардың коммуникациясы резервуармен авария болған жағдайда мұнайды бiр ыдыстан келесiсiне қотарып алу мүмкiн болатындай болуы қажет.
1406. Жылдың қысқы мезгiлiнде резервуарлардың төбесiнен қарды дер кезiнде алу, сондай-ақ резервуарлық парктiң аумағына жолдар мен өрт сөндiруге өту жолдарын қардан тазартылады.
1407. Қыздыруға немесе жазғы уақытта ұзақ мерзiмдi пайдалануға жататын резервуарға мұнай немесе мұнай өнiмiн толтыру кезiнде сұйықтықтың деңгейi (резервуардың шамадан тыс толтырылуын болдырмау үшiн) қыздыру кезiнде сұйықтықтың кеңеюiн ескере отырып белгiленедi. Суық мұнай өнiмiнiң ең жоғарғы деңгейi сыйымдылықтың биiктiгiнен 95%, ал сұйытылған газдардiкi 83% аспауы қажет.
1408. Резервуардың төбесiнде төгiлген мұнай деңгейiн өлшегеннен немесе сынама алғаннан кейiн дереу алынады, ал резервуардың қақпағы құрғақ етiп сүртiледi. Төбеде сүртiлген материалдар мен қандай да бiр заттарды қалдыруға болмайды.
1409. Жарылыс және өрт қауiптi үй-жайлар мен резервуарлық парк аумағында көмiрсутектер қосылымын тұрақты бақылау үшiн жарық және дыбыс дабылы бар газ талдағыштар орнатылады.
1410. Әрбiр резервуар жиналып қалған шөгiндiлерден жүйелi түрде (кестеге сәйкес) тазалануы тиiс.
1411. Резервуарлардағы мұнайды қыздырғыштардың үстiндегi сұйықтық деңгейi кемiнде 50 сантиметр болғанда (белгiленген шектерде) қыздыруға болады.
1412. Резервуарлардағы жабысқақ мұнайды қызмет көрсетушi персонал тұрақты қадағалағанда бу ирек түтiктерiмен ғана қыздыруға рұқсат берiледi.
1413. Мұнай өнiмдерi толтырылған резервуарларда жұмыс тек ұшқынға қауiпсiз аспапты пайдаланып қана жүргiзiледi.
1414. Резервуарлық парктегi өнеркәсiптiк канализация желiсiнде кемiнде 0,25 тұрақты су деңгейi болатын және арнайы құдықтарда орнатылатын, арқанмен басқарылатын сақпандармен жабдықталған, резервуарлардың топырақ үйiп қоршалған жерiнен тыс шығарылған гидравликалық ысырмалары болуы қажет. Сақпандардың қалыпты күйi – жабық.
1415. Жiктерде немесе корпустың негiзгi металында немесе түбiнде сызаттар пайда болғанда қолданыстағы резервуар дереу босатылып тазартылады.
Мұнай толтырылған резервуарда сызаттарды жою бойынша отты және механикалық жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi.
1416. Резервуарлық парк пен бөлек тұрған резервуарлардың барлық аумағында көрiнетiн жерлерде белгiленген өртке қарсы режимдi бұзуға жол бермеу туралы жазулар болуы қажет.
1417. Металл резервуарларда күкiрттi мұнайларды сақтау кезiнде пирофор шөгiндiлерiнен болатын жарылыстар мен өрттердiң алдын алу мақсатында «Мұнай өнiмдерi бар резервуарларды пайдалану кезiнде пирофор шөгiндiлерiмен күресу жөнiндегi нұсқаулық» талаптарына сәйкес қорғау iс-шаралары жүзеге асырылады.
1418. Статикалық электр зарядтарының түзiлуiн болдырмау үшiн:
1) соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалған және сынама алғыштарға дәнекерленген ток өткiзетiн кiшкене арқандары бар сынама алғыштарды қолдану;
2) статикалық электр зарядтарын жинамайтын маталардан жасалған киiмдi пайдалану қажет.
1419. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерi сынамаларын оларды ағызу немесе құю кезiнде алуға жол берiлмейдi.
1420. Сынама алу мен деңгейiн өлшеуге мұнай өнiмдерiнiң қасиеттерiн және олармен жұмыс iстеу кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережесiн жақсы бiлетiн адамдар жiберiледi.
1421. Тек өлшеу құрылғыларының тұрақты жүйелерiмен ғана мұнай өнiмдерiнiң деңгейiн өлшеу және сынама алу қажет. Ерекше жағдайларда газ кеңiстiгiнiң артық қысымы 2,10 Па дейiн резервуарларда өлшеу люгi арқылы қолмен деңгейдi өлшеуге және сынама алуға болады.
1422. Деңгей өлшеу және резервуарлардан сынама алу үшiн қызмет ететiн люктер герметикалық қақпақтармен, ал өлшеу тесiктерiнде iшкi жағынан ұшқын түзiлуiн болдырмайтын металл шығырмен жабдықталады.
1423. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндiру және салқындату жүйелерi ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.
1424. Күкiрттi мұнай өнiмдерi сақталатын резервуарлар үшiн пирофор күкiрттi темiр шөгiндiлерiнен тазалау бойынша жоспарлы жұмыстардың кестесi әзiрленедi.
1425. Пайдаланылатын резервуар парктерi аумағындағы ашық отты (дәнекерлеу, кесу) қолданумен байланысты барлық құрылыс және монтаждау жұмыстары кәсiпорынның бас инженерiнiң жазбаша рұқсаты негiзiнде ғана жүргiзiледi.
1426. Топырақ үйiп бекiтiлген жерлердiң iшiнде және топырақ үйiп бекiтiлген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезiнде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейiн дереу көмiледi, ал топырақ үйiп бекiтiлген жер қалпына келтiрiледi. Жұмыста ұзақ мерзiмге үзiлiс болғанда уақытша топырақ үйiп бекiтiлетiн жер қалпына келтiрiледi.
1427. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндiру және салқындату жүйелерi ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.
1428. Деңгей өлшеудi және сынама алуды, әдетте, тәулiктiң жарық уақытында орындау қажет. Түнгi уақытта сынама алу немесе деңгей өлшеу кезiнде жарық беру үшiн жарылыс қауiптi аймақтан тыс жерде ғана қосуға және ажыратуға рұқсат берiлетiн жарылысқа қауiпсiз аккумуляторлық фонарларды ғана қолдану керек, қалта фонарларын пайдалануға жол берiлмейдi.
1429. Авария кезiнде төгiлген мұнай өнiмiн жою үшiн, сондай-ақ топырақ үйiп бекiтiлген жерлерден канализация жолдарда нөсер суын ағызу үшiн топырақ үйiлiп бекiтiлген жерлердiң шектерiнен тыс қолданысқа келтiрiлетiн сақтан клапандар түрiндегi ысырма құрылғылар орнатылуы қажет.
1430. Мыналарға:
1) герметикаланбаған жабдық пен тиек арматурасын пайдалануға;
2) жобалық құжаттамада белгiленген топырақпен үйiп бекiтiлетiн жердiң биiктiгiн азайтуға;
3) қисық тұрған және сызаттары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықты, бақылау-өлшеу аспаптарын, өнiм өткiзгiштердi және тұрақты өртке қарсы құрылғыларды пайдалануға;
4) топырақ үйiп бекiтiлген жерге ағаш, бұта, шөп отырғызуға;
5) жанғыш негiзге сыйымдылықтарды орнатуға;
6) резервуарлар мен цистерналарды асыра толтыруға;
7) мұнай мен мұнай өнiмдерiн ағызу немесе құю кезiнде резервуарлардан сынама алуға;
8) найзағай кезiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiн ағызуға және құюға болмайды.
1431. Тыныс алу клапандары мен от бөгегiштердi дайындаушы кәсiпорынның техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес тексеру қажет.
Тыныс алу арматурасын тексеру кезiнде клапандар мен торларды мұздан тазарту қажет. Оларды тек өртке қауiпсiз тәсiлдермен ғана жылыту керек.
1432. Резервуарлық парктiң қоймаларында өрт сөндiргiш заттардың қоры болуы, сондай-ақ ең үлкен резервуарда өрт сөндiру үшiн қажеттi мөлшерде оларды беру құралдары болуы қажет.
1433. Резервуарлық паркте жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлген аумағына пайдаланылған газдар шығатын құбырында ұшқын өшiргiштерi бар тракторлар мен автомобильдердiң ғана өтуiне болады, автокөлiк пайдаланылатын немесе қорғалмаған резервуарға 20 метрден артық жақындамауы керек.
Әр жағдайда көлiктiң өтуiне кәсiпорын немесе объект басшысы белгiленген тәртiппен рұқсат бередi.
1434. Резервуарлық парктiң жұмыскерлерi пайдалану үдерiсiнде, сондай-ақ ықтимал авария немесе өрт болғанда қажеттi ауыстырып қосуды жылдам әрi мүлтiксiз жүргiзу үшiн құбырлардың орналасу сызбасы мен барлық ысырмалардың мақсатын бiлуi қажет.
1435. Топырақ үйiп бекiтiлген жерлердiң iшiнде және топырақ үйiп бекiтiлген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезiнде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейiн дереу көмiледi, ал топырақ үйiп бекiтiлген жер қалпына келтiрiледi.
1436. Егер жөндеу жұмыстары алдында мұнай құбырын мұнайдан толығымен босату мүмкiн болмаса, онда мұнайдың төгiлуiн болдырмау шаралары қабылданады.
2-параграф. Мұнай өнiмдерiн ыдыста сақтау тәртiбi
1437. Тұтану температурасы 120 0С жоғары сұйықтарды 60 текше метрге дейiн мөлшерде еденi жанбайтын материалдардан жасалған және бетi қалыңдығы кемiнде 0,2 метр тегiстелген топырақ қабатымен төселген жағдайда жанғыш материалдардан жасалған жер асты қоймаларында сақтауға болады.
1438. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды олардың жалпы саны 200 текше метр тез тұтанатын сұйықтықтардан немесе 1000 текше метр жанғыш сұйықтықтардан аспаған жағдайда ыдыста бiр үй-жайда бiрге сақтауға болады.
1439. Қойма үй-жайлары басқа үй-жайлардан отқа төзiмдiлiк шегi ЕI-45 кем емес өртке қарсы қалқалармен бөлiнедi.
1440. Қоймаларда тез тұтанатын сұйықтықтары мен жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелердi қолмен жинау кезiнде еденге 2 қатардан аспайтындай етiп, жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелердi механикалық жинау кезiнде 5 қатардан, ал тез тұтанатын сұйықтықтармен 3 қатардан аспайтын етiп орналастырылады.
Қатардың енi 2 бөшкеден артық етiп орындауға жол берiлмейдi. Бөшкелердi тасымалдау үшiн бөшкелер арасындағы негiзгi өту жолдарының енiн кемiнде 1,8 метр, ал қатарлар арасында кемiнде 1 метр қарастырылады.
1441. Сұйықтықтарды тек ақаусыз ыдыста сақтау керек. Төгiлген сұйықтық дереу сүртiледi.
1442. Ыдыста мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған ашық алаңдар топырақ бiлiгiмен немесе биiктiгi кемiнде 0,5 метр, алаңға өтуге арналған пандустары бар, жанбайтын тұтас қабырғамен қорғалуы тиiс.
1443. Алаң деңгейi жапсарлас аумақтан 0,2 метр жоғары етiп орналастырылуы және ағынды суды бұру үшiн ормен қоршалуы тиiс.
1444. Топырақпен үйiп қоршалған бiр алаңның шегiнде 4 қатардан аспайтын қатарлар арасындағы бөлiктерi кемiнде 10 метр, ал қатар мен бiлiк (қабырға) арасында кемiнде 5 метр, мөлшерi 25х15 метр және биiктiгi 5,5 метр бөшкелердi орналастыруға болады.
Екi аралас алаңдардың қатарлары арасындағы бөлiктер кемiнде 20 метр болуы қажет.
1445. Алаңдардың үстiнен жанбайтын материалдардан жасалған бастырмаларды орнатуға болады.
1446. Қоймаларда тiкелей және топырақпен үйiп қоршалған алаңдарда мұнай өнiмдерiн құюға, сондай-ақ буып-түю материалдары мен ыдысты сақтауға болмайды.
3-параграф. Газ баллондарын сақтау тәртiбi
1447. Жанғыш газдары бар баллондарды сақтауға арналған қоймалар жеңiл ашылатын жабындары бар, бiр қабатты, шатырсыз ғимараттарда орналастырылады.
Газы бар баллондар сақталатын үй-жайлардың терезелерi ақ бояумен сырланады немесе күннен қорғайтын жанбайтын құрылғылармен жабдықталады.
Баллондарды ашық алаңдарда сақтағанда оларды жауын-шашын мен күн сәулесiнiң әсерiнен қорғайтын бастырмалар жанбайтын материалдардан жасалады.
1448. Баллондарды сақтау орындарының айналасында 10 метр қашықтыққа қандай да бiр жанғыш материалдарды сақтауға және отты жұмыстарды жүргiзуге болмайды.
1449. Баллондар орналастырылатын шкафтар мен будкалар жанбайтын материалдардан жасалуы және олардың iшiнде жарылыс қауiптi қоспалардың түзiлуiн болдырмайтын табиғи желдеткiшпен қамтамасыз етiледi.
1450. Жанғыш газдары бар баллондар оттегi, сығылған ауа, хлор, фтор және басқа да тотықтырғыштары бар баллондардан, сондай-ақ улы газдары бар баллондардан бөлек сақталады.
1451. Сығылған, сұйытылған және ерiтiлген күйдегi газ қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату және қауiпсiз пайдалану талаптарына сәйкес баллондарда сақталуы тиiс. Баллондардың сыртқы қабаттары сол газға үшiн белгiленген түспен боялады.
1452. Оттегi бар баллондарды сақтау және тасымалдау кезiнде майдың түсуiне және баллон арматурасының майлы материалдармен жанасуына жол беруге болмайды.
Баллондарды домалатқанда тиек арматурасын қолмен ұстауға болмайды.
1453. Баллондарды жинау кезiнде бiр-бiрiне соғылуына, қақпақтар мен баллондардың жерге құлауына жол беруге болмайды.
1454. Газдар сақталатын үй-жайларда жарылыс қауiптi қосылымдарға дейiн жарамды газ талдағыштармен жабдықталады. Газ талдағыштар болмаған жағдайда объектiнiң басшысы сынама алу және бақылау тәртiбiн белгiлейдi.
1455. Баллондардан газдың шығуы анықталғанда оларды қоймадан қауiпсiз орынға шығарылады.
1456. Жанғыш газдары бар баллондар сақталатын қоймаға табанында металл шеге немесе таға қағылған аяқ киiм киген тұлғаларға кiруге болмайды.
1457. Тежегiштерi бар жанғыш газ баллондары тiгiнен, олардың құлап қалуын болдырмайтын арнайы ұяшықтарда, торларда немесе басқа да құрылғыларда сақталады.
Тежегiштерi жоқ баллондар көлденеңiнен рамаларда немесе стеллаждарда сақталады. Қатардың биiктiгi бұл жағдайда 1,5 метрден аспайтындай етiп қабылдануы, ал клапандар сақтандыру қалпақтарымен жабылады және бiр жағына қарай бұрылады.
1458. Қоймаларда қандай да бiр басқа заттарды, материалдар мен жабдықты сақтауға болмайды.
1459. Жанғыш газдары бар қоймалардың үй-жайлары табиғи желдеткiшпен қамтамасыз етiледi.
3-тарау. Ауылшаруашылық өнiмiн сақтау тәртiбi
1-параграф. Iрi жемшөптердi сақтау тәртiбi
1460. Iрi жемшөп қорын ферма ғимараттарынан тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) және отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-45 жабындармен бөлiнген қосымша (жапсарлас салынған) құрылыстарда сақтауға болады.
1461. Қосымша құрылыстар (жапсарлас салынған) тек сыртқа қарай шығу жолымен жабдықталады.
1462. Шөп жинау орны топырақ бiлiгiмен және сым қоршаумен қоршалуы керек. Таразыны шөп жинау орнынан тыс орналастыру қажет.
Iрi жемшөптердiң кебендерi (маялары), бастырмалары мен қатарлары электр беру желiлерiне дейiн кемiнде 15 метр, жолдарға дейiн кемiнде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейiн кемiнде 50 метр қашықтықта орналастырылады.
1463. Шөп қоймалары қоршауларынан бастап жақын орналасқан орман алқаптарына дейiнгi қашықтық кемiнде 20 метр етiп орындалады, енi кемiнде 4 метр жолақ периметрi бойымен жыртылады.
1464. Өндiрiстiк-шаруашылық кешеннiң аумағындағы iрi жемшөп қоймаларын арнайы бөлiнген алаңда орналастырылады. Кебендердi (маяларды), сондай-ақ кебен (мая) жұптарын немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдарды енi кемiнде 4 метр жолақтың периметрiмен жыртылады. Жолақтың шетiнен бастап алаңда орналасқан кебенге (маяға) дейiнгi қашықтық кемiнде 15 метр, ал бөлек тұрған кебенге (маяға) дейiн кемiнде 5 метр болуы қажет.
1465. Бiр кебен (мая) орналасқан ауданның 150 шаршы метрден, ал престелген шөп (сабан) қатарының 500 шаршы метрден асуына жол берiлмейдi.
1466. Жекеленген қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 20 метр болуы қажет. Қатарларды, бастырмаларды мен кебендердi (маяларды) жұптап орналастырғанда қатарлар мен бастырмалар арасындағы қашықтықты кемiнде 6 метр, ал олардың жұптарының арасы кемiнде 30 метр етiп қабылданады.
1467. Кварталдар арасындағы өртке қарсы бөлiктер (бiр кварталда 20 кебен немесе қатар орналастыруға болады) кемiнде 100 метр болуы қажет.
1468. Ылғалдылығы жоғары шөптердi конус маяға (шөмелеге) аралары кемiнде 20 метр бөлiп жиналады. Өздiгiнен жануға бейiм ылғалдылығы жоғары шөп маяларында дюймдi қималы металл құбырларға салынатын және әр түрлi тереңдiкте маяға орналастырылатын кәдiмгi сынап термометрлерiнiң көмегiмен температураны тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
Температура 600С астам жоғарылағанда жанған шөп қазып алынады.
1469. Жемшөп қоймаларында жұмыс iстейтiн тракторлар мен автомобильдер ұшқын өшiргiштермен жабдықталады, ал автомобильдерде сөндiргiш бампердiң астынан алдына қарай шығып тұруы қажет. Ұшқын өшiргiштерiмен жабдықталмаған тракторлар мен автомобильдер қоймаға жұмыс iстеуге жiберiлмейдi. Қоймаға кiрер алдында жүргiзушiлер ұшқын өшiргiштiң жарамдылығы және нығыз бекiтiлуi тексерiледi.
1470. Шығыңқы құбырлармен, коллекторлармен немесе ажыратқыштармен, сүйретпе тракторлармен мен түсiру жұмыстарымен айналысып жатқан автомобильдермен тiкелей жанасуынан жемшөптiң тұтануын болдырмау үшiн маяларға 3 метр жақын барады.
1471. Жемшөптi тиеу кезiнде автомобиль шанағына тiкелей оның қозғалтқышы сөндiрiледi. Қоймадан шығуға автомобильдiң тұрған орнын тексергеннен және өткiзу құбырына жақын шөптi (сабанды) жинағаннан кейiн ғана рұқсат берiледi.
1472. Iрi жемшөп қоймаларында өрт шыққан жағдайда кемiнде 50 текше метр су қоры болуы тиiс.
2-параграф. Астық сақтау тәртiбi
1473. Егiн жинау басталмас бұрын астық қоймалары мен астық кептiргiштердiң пайдалануға жарамдылығы тексерiледi. Анықталған ақаулықтар астық кептiру мен қабылдау басталғанға дейiн жойылады.
1474. Астық қоймаларын оқшау тұрған ғимараттарда орналастырылады. Оларға кiретiн қақпалар сыртқа қарай ашылатындай етiп орындалады және үймеленбейдi.
1475. Астықты үйiп сақтағанда үйменiң төбесiнен бастап жабынның жанғыш құрылымдарына дейiнгi, сондай-ақ шамшырақтар мен электр өткiзгiштерге дейiнгi қашықтық кемiнде 0,5 метр етiп орындалады.
Ойықтар арқылы астық тасымалдау орындарында өртке қарсы қалқаларда от бөгегiш құрылғылар орнатылады.
1476. Мыналарға:
1) басқа материалдар мен жабдықты астықпен бiрге сақтауға;
2) қойма үй-жайлары iшiнде қолданылатын астық тазалау және iштен жану қозғалтқыштары бар басқа да машиналарды қолдануға;
3) қойманың екi жағынан қақпалары жабық болғанда жылжымалы тетiктермен жұмыс iстеуге;
4) қатты отынмен жұмыс iстейтiн кептiргiштердi тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың көмегiмен, ал сұйық отынмен жұмыс iстейтiндердi алаудың көмегiмен жағуға;
5) температураны бақылау аспаптар мен оттықтағы алау сөнгенде отын берудi ажырату автоматикасы, электрмен тұтандыру жүйесi ақаулы немесе оларсыз кептiргiштерде жұмыс iстеуге;
6) астықты транспортер лентасының деңгейiнен биiк етiп үюге және лентаның транспортер құрылымына үйкелуiне жол беруге болмайды.
1477. Кептiргiш жұмыс iстеп тұрғанда астық температурасын бақылауды кемiнде әрбiр 2 сағат сайын сынама алу арқылы жүзеге асырған.
Кептiргiштiң тиеу-түсiру тетiктерiн тозаң мен астықтан тазарту оның жұмысынан бiр тәулiктен кейiн жүргiзiледi.
1478. Жылжымалы кептiру агрегаты астық қоймасы ғимаратынан кемiнде 10 метр қашықтықта орнатылады.
Кептiргiштердiң оттықтарын орнату кезiнде ұшқын шығуды болдырмайды. Түтiн құбырлар ұшқын сөндiргiштермен жабдықталады, олардың жанғыш құрылымдар арқылы өту орындарында өртке қарсы бөлiктер орнатылады.
1479. Астық қоймаларында астықты желдеткенде желдеткiштер жанғыш қабырғалардан кемiнде 2,5 метр қашықтықта орнатылуы тиiс. Ауа өткiзгiштер жанбайтын материалдардан жасалады.
1480. Кептiргiштердегi мойынтiректер мен тетiктердiң басқа да үйкелетiн бөлшектерiн пайдалану нұсқаулығына сәйкес жүйелi түрде майланады.
1481. Астық кептiргiш жұмыс iстеп тұрған кезде оған қызмет көрсетушi тұлғалар кептiру ғимаратында тапжылмай болуы және оның жұмысын бақылау жүзеге асырылады.
1482. Механикаландырылған астық қоймаларында:
1) төменгi тасымалдау галереясы жанбайтын материалдардан жасалуы және тиiмдi желдеткiшпен қамтамасыз етiледi;
2) төменгi тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдарының саны екiншi галереяның басында және соңында орналасқан терезеден кемiнде екеу етiп қарастырылады. Бiрнеше секциялы қоймаларда төменгi тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдары бiр-бiрiнен 60 метрден аспайтын етiп орналастырылады;
3) отқа төзiмдiлiгi III және IV дәрежелi қоймаларда жоғарғы конвейерлiк галереялар (алаңдар) жанғыш материалдардан дайындалуы мүмкiн, ал отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттарда тек қана жанбайтын материалдардан дайындалады;
4) галереяның өту жолдарындағы енi кемiнде 0,7 метр етiп жасалады.
1483. Бұғатталған механикаландырылған астық қоймаларында:
1) қоймалар, ғимараттар арасындағы жанғыш қосқыш галереяларда жанбайтын материалдарды қолдана отырып, 6 метрлiк өртке қарсы аймақтарды орнатуды көздеу қажет;
2) төменгi және жоғарғы галереялардағы, өртке қарсы қабырғалар арқылы ленталар өтетiн орындарда транспортерлердiң тұғырлары ұзындығы кемiнде 6 метрлiк жанбайтын материалдардан қарастырылуы қажет;
3) тасымалдау лентасының өтуiне арналған өртке қарсы қабырғадағы ойықтың өлшемi енi мен биiктiгi бойынша ең қысқа және астық лентасының еркiн өтуi үшiн қажеттi жолдан үлкен емес болуы қажет.
Ойық оны автоматты түрде жабатын өртке қарсы құрылғымен жабдықталуы қажет;
4) төменгi және жоғарғы галереяларда қызмет көрсетушi персоналдың өтуi үшiн өртке қарсы қабырғаларда отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-60, сәл жабылатын жерлерi тығыздалған өртке қарсы өздiгiнен жабылатын есiктерi бар ойықтарды орнатуға болады.
1484. Қолда бар астық қоймаларында тұрақты механизацияны орнату кезiнде:
1) норий мұнаралары немесе кептiру-тазалау мұнараларының құрылғысы жобалық құжаттамаға сәйкес болуы қажет;
2) норий және өздiгiнен ағатын құбырлар, норий бастиектерi мен башмактары бақылау люктерiнде дәл сондай қақпақтары бар жанбайтын материалдардан жасалуы қажет.
1485. Өндiрiстiк және қойма үй-жайларының iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты пайдалануға үзiлдi-кесiлдi жол берiлмейдi.
1486. Астық сақтау үшiн ауданы 1200 м2 дейiн жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған шатырларды салуға болады.
1487. Астық тұқымының әр түрлi сұрыптарының кiшiгiрiм париясын қоймада сақтау кезiнде осы мақсат үшiн бұл жағдайда тұтас қойманың бойымен ортасына енi кемiнде 1,5 метр бiр өту жолын және қойманың қарама-қарсы қабырғаларында орналасқан қақпаларға қарсы, енi қақпалардағы ойықтардың енiне тең тура жүретiн екi өту жолын орната отырып, бөлек ларь салуға болады.
1488. Астық жекелеген партияларын бөлу үшiн стандартты ағаштан жасалған бидай қалқандарын қолдануға болады.
1489. Жапсарлас бункерлер мен қойма қабырғалары арасында өту жолдары болған жағдайда олардың енi кемiнде 0,7 метр етiп қабылдануы тиiс.
1490. Барлық ғимараттар мен үй-жайларда ашық қыздыру элементтерi бар электрмен қыздыру аспаптарын, ал жарылыс, өрт қауiптi үй-жайларда электрмен қыздыру аспаптарын пайдалануға мүлде жол берiлмейдi.
1491. Өнiмдi қаптарда, пакеттерде, қораптарда сақтауға арналған қоймаларда қатарлардың биiктiгiн қаптардың жоғарғы қатары мен жабынның шығыңқы бөлiктерi немесе жамылғы, сондай-ақ электр желiлерi, шамшырақтар арасында кемiнде 1 метр саңылау қалдыра отырып, тиiстi биiктiкке электрлiк тиегiшпен кедергiсiз төсеудi ескере отырып, қабылдау қажет. Ыдыстағы өнiм тұғырларда немесе стеллаждарда сақталуы қажет.
1492. Нан пiсiру және макорон кәсiпорындарында ұнды қаппен жинау кезiнде өту жолдары мен өткелдердiң енi:
1) қатарлар арасындағы өту жолдары, кемiнде 12 м сайын – 0,8 метр;
2) қатарлардан бастап қабырғаларға дейiнгi қашықтық – 0,7 метр;
3) электрлiк тиегiштер үшiн өткелдер – 3,0 метр;
4) көтергiш платформасы бар арбалар үшiн өткелдер – 2,0 метр кем емес қабылдануы тиiс.
1493. Астық өнiмдерi саласының қалған кәсiпорындарының ыдыста өнiм сақтауға арналған қойма iшiнде:
1) қойманың ортасында, бойлай, енi тетiктердiң жұмысын қамтамасыз ететiн, бiрақ 1,25 метр кем емес – бiр;
2) қойма қақпасына қарсы, тура жүретiн, енi қақпалардың енiнен кем емес екi көлденең
3) қатарлар мен қойма қабырғасы арасында – енi 0,7 метр кем емес өту жолы болуы қажет.
1494. Астық қабылдау және астық өңдеу кәсiпорындарында ыдыста өнiм сақтауға арналған қойманың әрбiр жағынан тура жүретiн өту жолдары бар екi қақпа қарастырылады. Қақпалар қойма тура жүретiн өту жолдарымен қақпаларға қарсы өнiм жиналуы мүмкiн әр түрлi үш бөлiкке бөлiнетiндей етiп орналастырылады.
1495. Жылу беру аспаптарының бетi тегiс болады және оларды тозаңнан жүйелi түрде тазалау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн биiктiкте орналастырылады.
1496. Жылу беру аспаптарына еркiн қол жеткiзiледi. Жылу беру аспаптарын бөгде заттармен немесе материалдармен жабуға жол берiлмейдi.
1497. Кеңейту ыдыстарын орнатуға арналған шатырлардағы кабиналар жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |