Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Ағаш материалдарын сақтау тәртiбi



бет15/23
Дата12.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#129782
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

4-тарау. Ағаш материалдарын сақтау тәртiбi

1-параграф. Ағаш материалдар қоймаларын ұстау тәртiбi

      1498. Сыйымдылығы 10000 текше метрден астам ағаш материалдарының қоймалары құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес қарастырылады.


      1499. Сыйымдылығы 10000 текше метрден кем ағаш материалдары қоймаларында сақталатын материалдардың шектi көлемiн, өртке қарсы бөлiктер мен қатарлар арасындағы, сондай-ақ қатарлар мен көршiлес объектiлер арасындағы өту жолдарын көрсете отырып, қатарларды орналастыру жоспарлары әзiрленедi.
      1500. Қатарлар арасындағы өртке қарсы бөлiктерде ағаш материалдарын, жабдықты жинап қоюға болмайды.
      1501. Қатарларға арналған орындар шөп жамылғысынан, жанғыш қоқыс пен қалдықтардан топыраққа дейiн тазартылады, жердiң немесе қиыршық тастың қалыңдығы кемiнде 0,5 метр болуы қажет.
      1502. Әрбiр қойма үшiн кәсiпорын жұмыскерлерi мен техникасын тарту мүмкiндiгiн ескере отырып, қатарларды, баланс үймесi, жоңқаларды бұзу өрт шыққан жағдайда қатарларды артып әкету, техниканы, баланс қорларын, жоңқаларды бұзу шараларын анықтап, жедел өрт сөндiру жоспары әзiрленедi. Жыл сайын өрт қауiптi маусым басталмас бұрын кәсiпорынның барлық ауысымы мен өртке қарсы қызметтiң тиiстi бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн тарта отырып, жоспар пысықталады. Жазғы уақытта қойма аумағын мерзiмдi суару қажет.
      1503. Қоймаларда алғашқы өрт сөндiру құралдарынан басқа бекеттер(бекеттер) жедел өрт сөндiру жоспарларында анықталатын мөлшерде әр түрлi өрт техникасы түрлерi қорымен жабдықталады. Ағаш материалдарының қоймаларында өрт сөндiру үшiн қажеттi су қоры болуы қажет.
      1504. Қоймада ағаш материалдарын сақтаумен байланысы жоқ жұмыстарды атқаруға болмайды.
      1505. Ағаш материалдары қоймаларындағы жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайлар өртке қарсы бөлiктердi сақтай отырып, бөлек ғимараттарда ғана орналастырылуы мүмкiн.
      Бұл үй-жайларға жылу беру тек зауытта дайындалған электрмен жылыту аспаптарын қолдануға болады.
      1506. Iштен жану қозғалтқыштары бар шығырлар дөңгелек ағаш қатарларынан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады.
      Шығырдың айналасындағы алаң кесек қалдықтардан, қабықтардан және өзге де жанғыш қалдықтар мен қоқыстардан босатылуы қажет. Қозғалтқыштарға құюға арналған жанар-жағармай материалдарын бiр бөшкеден аспайтын мөлшерде және шығырдан кемiнде 10 метр және жақын орналасқан қатардан 20 метр қашықтықта сақтауға болады.

3-параграф. Ағаш материалдары қоймаларын ұстау тәртiбi

      1507. Ағаш материалдары қатарларын төсеу және бұзу кезiнде тасымалдау пакеттерiн өту жолының бiр жағынан ғана орнату қажет, бұл ретте жолдың қалған бөлiгiнiң енi кемiнде 4 метр етiп орындалады. Қатарларға төселмеген ағаш материалдарының жалпы көлемi олардың тәулiктiк қоймаға түсуiнен артпауы қажет.


      1508. Тасымалдау пакеттерiн өртке қарсы бөлiктерде, өту жолдарында, өрт сөндiру су көздерiне кiреберiстерге орнатуға болмайды.
      1509. Тетiктердiң жұмысы уақытша тұрып қалған жағдайда пакеттердi iрiктеу және орнату, құрал-сайман және төсеу материалдарын сақтау арнайы алаңдарда жүргiзiледi.
      1510. Тасымалдау пакеттерiн су өткiзбейтiн қағазбен орау (бұл операция бiрыңғай технологиялық үдерiсте болмағанда) арнайы бөлiнген алаңдарда жүргiзiледi.
      1511. Пайдаланылған су өткiзбейтiн қағаз, оның қиындылары мен кесiндiлерi контейнерлерге жиналады.
      1512. Жабық қоймаларда қатарлар мен ғимарат қабырғаларының шығыңқы бөлiктерiнiң арасындағы өту жолының енi кемiнде 0,8 метр болуы қажет. Қойманың есiк ойықтарына қарсы енi есiктердiң енiне тең, бiрақ кемiнде 1 метр өту жолдары қалдырылады.
      1513. Жабық қоймаларда қалқалары мен қызмет бөлмелерi болмауы керек.
      1514. Жабық қоймалар мен бастырма алаңдарының едендерi жанбайтын материалдан жасалады.

4-параграф. Жоңқа қоймаларын ұстау тәртiбi

      1515. Жоңқаны жабық қоймаларда, бункерлерде және еденi жанбайтын жасалған ашық алаңдарда сақтауға болады.


      1516. Жоңқа беру конвейерлерiнiң электр қозғалтқыштары орнатылған будкалардың отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес етiп қарастырылады.
      1517. Жоңқаның қызу температурасын бақылау үшiн кертпектiң iшiнен жылу электрлiк түрлендiргiштердi орнату үшiн жанбайтын материалдардан жасалған құдықтар қарастырылады.

5-тарау. Көмiр қоймаларын ұстау тәртiбi

      1518. Көмiр жинауға арналған алаңдар оларды жауын-шашын немесе топырақ суларының басуын болдырмайтындай етiп жоспарланады.


      1519. Мыналарға:
      1) жаңа қазылып алынған көмiрдi бiр айдан артық жатқан ескi көмiр үйiндiсiне жинауға;
      2) қоймаға өздiгiнен тұтану ошақтары анық байқалатын көмiрдi қабылдауға;
      3) жанып жатқан көмiрдi транспортер ленталары арқылы тасымалдауға және оларды темiржол көлiгiне немесе бункерге артуға;
      4) көмiр қатарларын жылу көздерiнiң (бу құбырлары, ыстық су құбырлары, қызған ауа арналары) үстiне, сондай-ақ төселген электр кабельдерi мен мұнай-газ өткiзгiштердiң үстiне орналастыруға болмайды.
      1520. Көмiрдi жинау және оны сақтау кезiнде қатарларға ағаштың, матаның, қағаз бен өзге де жанғыш материалдардың түсуiне жол берiлмейдi.
      Әр түрлi маркалы көмiр бөлек қатарларға жиналады.
      1521. Ұзақ мерзiмдi сақтау үшiн қоймаға түсетiн көмiр мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде оның вагондардан түсiрiлуiне қарай қатарлап жиналады. Түсiрiлген көмiрдi екi тәулiктен астам формасыз үйiп және төгiп сақтауға болмайды.
      Қатарлармен регламенттiк жұмыстарды орындау, сондай-ақ тетiктер мен өрт сөндiру машиналарының өтуi үшiн қатарлар төменгi шетiнен бастап қоршайтын дуалдарға немесе кран жолдары iргетасына дейiнгi қашықтық кемiнде 3 метр, ал рельс бастиегiнiң сыртқы шетiне немесе автожолдың жиегiне дейiн кемiнде 2 метр етiп қарастырылады.
      Өту жолдарына қатты отын төгуге және оларды жабдықпен үймелеуге болмайды.
      1522. Қоймада жиектерiне бақылау темiр құбырлары мен термометрлердi орнату арқылы немесе өзге де қауiпсiз тәсiлмен көмiр қатарларындағы температураны жүйелi түрде бақылау қамтамасыз етiледi.
      Температура 600С астам жоғарылағанда температура жоғарылаған жерлерде қатарларды нығыздау, қызған көмiрдi қазу немесе температураны төмендету бойынша өзге де қауiпсiз әдiстер қолданылады.
      Температураның жоғарылауы байқалған қатарлар ең алдымен жұмсалады.
      1523. Көмiрдi тiкелей қатарларда сумен сөндiруге немесе салқындатуға болмайды. Жанған көмiрдi қатардан қазып алғаннан кейiн ғана сумен сөндiрiледi.
      1524. Өздiгiнен тұтанған көмiрдi салқындатқаннан немесе сөндiргеннен кейiн қатарларға қайта салуға болмайды.
      1525. Өндiрiстiк ғимараттардың жертөле немесе бiрiншi қабатында орналасатын, көмiр сақтауға арналған үй-жайлар өртке қарсы бөгеттермен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлiнедi.

6-тарау. Жанғыш талшықты материалдар қоймаларын ұстау тәртiбi

      1526. Барлық талшықты материалдар жабық қоймаларда сақталады, ерекшелiк ретiнде, ашық алаңдар мен шатыр астында сақтауға жол берiледi.


      1527. Талшықты материалдар бумасын түсiру, тиеу және төсеу кезiнде бумалардың металл орамына iлмектердiң соқтығысуына жол берiлмейдi.
      1528. Талшық қатарлары мен бастырмалары рет-ретiмен ұяшықтарға, топтарға және секторларға қойылады.
      1529. Қатардағы талшық массасының 300 тоннадан артуына жол берiлмейдi.
      1530. Қатарлардың өлшемдерi 22 х 11 метрден аспайтындай, биiктiгi бойынша 8 метрден аспайтындай етiп қарастырылады.
      1531. Ұяшықта алты қатардан немесе бастырмадан аспайтындай етiп қарастырылады, бұл ретте қатарлар арасындағы аралықтар – кемiнде 15 метр, бастырмалар арасында барлық бағыттар бойынша – 20 метр.
      1532. Топта төрт ұяшықтан аспайтындай (24 қатар немесе бастырма) етiп қарастырылады, ұяшықтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемiнде 30 метр.
      1533. Секторда төрт топтан аспайтындай (96 қатар немесе бастырма) етiп қарастырылады, топтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемiнде 50 метр.
      1534. Секторлар арасындағы аралықтарды 100 метрден кем болуына жол берiлмейдi.
      1535. Талшықты материалдар сақтауға арналған қоймалар, бастырмалар және ашық алаңдар орналасқан учаскелер қоршалады, бұл ретте қоршаудан бастап қашықтықтың 5 метрден кем болуына жол берiлмейдi.
      1536. Тез жанатын талшықты материалдарды тек бумаларда ғана сақтауға жол берiледi. Бұзылған бумалар бөлек учаскелерде немесе арнайы бөлiнген алаңдарда сақталады. Олар қайта өңдеуге ең алдымен жiберiледi.
      1537. Жабық қоймаларда талшықты материалдар бумаларын жинау енi 2 метр бiр бойлық өту жолы мен енi дәл сондай болатын әр есiкке қарсы көлденең өту жолдары қалатындай етiп жүргiзiледi. Биiктiгi бойынша бумалар буманың үстiнен бастап электр шамдарына дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр болатындай етiп жиналады.
      1538. Өндiрiстiк қалдықтарды шикiзатпен және дайын өнiммен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.
      1539. Ашық алаңдардағы талшықты материалдардың қатарлары жабылады, ал бастырмалар барлық жағынан брезентпен тартылады.
      1540. Автомашиналармен, тракторлармен (тартқыштармен) тасымалдау кезiнде талшықты материалдар брезентпен жабылады. Оларды тасымалдау кезiнде темекi шегуге жол берiлмейдi.
      1541. Жабық қоймалардағы және шатыр астындағы өту жолдары, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлар арасындағы аралықтар бос ұсталады.
      1542. Талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына ұшқын өшiргiштерсiз темiр жол (паровоздардан басқа) және автокөлiктiң 5 метр, ал тракторлардың 10 метр жақын келуiне жол берiлмейдi. Бұл орындарда шектеу бөренелерi орнатылады. Автокөлiк жабық қоймаларға, талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына пайдаланылған құбырға қарама-қарсы жағынан өтедi, бұл ретте ажыратқыш жарамды ұшқын өшiргiшпен жабдықталады.

11-бөлiм. Автожанармай құю станцияларын ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1543. Автожанармай құю станциялары штаттық қызметкерiнiң саны кемiнде екi адам болғанда автожанармай құю станцияларын пайдалануға болады.


      1544. Осы бөлiмнiң ережелерi негiзiнде автожанармай құю станцияларының иелерi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықтар әзiрлейдi, онда мыналар көрсетiледi:
      1) мұнай өнiмдерiн қабылдау тәртiбi, оны сақтау және тұтынушыларға жiберу шарттары;
      2) аумақты ұстау тәртiбi;
      3) өрт сөндiру құралдарын ұстау, оларды iске қосу және өрттi байқаған кезде өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру ережесi;
      4) май сүртiлген материалдар мен құмды жинау, сақтау және шығару, арнайы киiмдi сақтау, үй-жайларды жинау және технологиялық жабдықты тазалау тәртiбi;
      5) өрт шығу қаупi бар жағдайлар мен өрт туындағанда өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн автожанармай құю станциясы персоналының мiндеттерi мен iс-әрекеттерi;
      6) автожанармай құю станцияларының өзге де өзiндiк ерекшелiктерi.
      1545. «Өрт шығу қаупi бар жағдайлар мен өрт туындағанда автожанармай станциялары персоналының мiндеттерi мен iс-әрекеттерi» деген бөлiмде мiндеттi түрде автожанармай құю станциялары жұмыскерлерiнiң мынадай iс-әрекеттерi регламенттеледi:
      1) автожанармай құю станцияларында өрт шығу қаупi бар жағдайлар туындағанда технологиялық жүйелердiң электр қоректендiргiшiн (аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерiнiң электр қоректендiргiшiнен басқа) ажыратып, автожанармай құю станцияларын пайдалануды тоқтатады және оның аумағын көлiк құралдары мен келушiлерден босатады және сонымен қатар өрт шығу қаупi бар жағдайды жоюға кiрiседi;
      2) отын 4 м 2 кем алаңға отын төгiлген кезде тез арада отын аққан жердi бекiтiп, өрт шығу қаупi бар жағдайды жоюға кiрiседi;
      3) отын 4 м 2 астам алаңға отын төгiлген кезде тез арада барлық алаңға ауа-механикалық көбiктi төгiп, кейiн төгiлген көбiктiң қабатын отын авариялық резервуарға толық құйылып болғанша кемiнде 0,05 метр қалыңдықта ұстайды;
      4) отын автоцистернаға тiкелей жақын жерге төгiлгенде (бензин төгiлгенде бұл қашықтық төгiлген жерден бастап автоцистернаның габаритiне дейiн 6 метрге дейiн және дизелдiк отын төгiлгенде 3 метр етiп қабылданады) автоцистерна қозғалтқышын қосуды және оны автожанармай құю станцияларының аумағынан шығаруды (егер бұл адам өмiрiне қауiп төндiрмесе) тек төгiлген отын тұтанғанда ғана немесе өрт шығу қаупi бар жағдайды жою үшiн төгiлген отын көмiлген ластанған құм шығарылғаннан кейiн жүргiзедi. Едәуiр қашықтықта төгiлгенде автоцистерна бензин төгiлген шеттен кемiнде 6 метр қашықтықта және дизелдiк отын төгiлген шеттен 3 метр төгiлген жердi айналып өтiп, дереу шығарылады;
      5) автоцистерна жабдығы жанғанда әрқайсысының көлемi кемiнде 50 литр ұнтақты өрт сөндiргiштердiң көмегiмен және автоцистернаның штаттық өрт сөндiргiштерiмен отты сөндiруге, ал отын жанғанда қосымша әрқайсысының көлемi кемiнде 100 литр ауа-көбiктi өрт сөндiргiштермен кiрiседi;
      6) автожанармай құю станцияларында өрт шыққан жағдайда өрт туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлап, аумақты келушiлер мен көлiк құралдарынан босату шараларын қолданумен қатар, алғашқы өрт сөндiру құралдарымен отты сөндiруге кiрiседi.
      1546. Автожанармай құю станцияларының барлық жұмысшылары мен автоцистерна жүргiзушiлерi өртке қарсы нұсқаулықтан (алғашқы және қайта және өрт-техникалық минимумы сабақтары) тұратын арнайы өртке қарсы дайындықтан өтедi.

2-тарау. Автожанармай құю станцияларының үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын және аумағын ұстау тәртiбi

      1547. Автожанармай құю станцияларының аумағы жоспарланады және көрiктендiрiледi, жанғыш қоқыс пен төгiлген мұнай өнiмдерiнен тұрақты тазартылады.


      1548. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы бөлiктердi әр түрлi заттар мен материалдарды жинау үшiн, көлiк құралдарын орналастыру және күрделi және уақытша объектiлердi салу үшiн пайдалануға болмайды.
      1549. Автожанармай құю станцияларының аумағы арқылы көлiк құралдарының қозғалысы бiр жақты етiп қарастырылады. Бұл ретте бөлек кiру және шығу жолы қамтамасыз етiледi.
      1550. Автожанармай құю станцияларының аумағына кiру алдында оның аумағында көлiктiң қозғалысын ұйымдастыру сызбасы мен жүргiзушiлер мен жолаушылар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау туралы талаптары бар стенд iлiнедi.
      1551. Автожанармай құю станцияларының аумағына өту жолдары, су көздерiне кiреберiстер мен алғашқы өрт сөндiру құралдарына бару жолдары әрқашан бос етiп ұсталады. Қысқы уақытта өту жолдары мен өтетiн жерлер қардан тазартылады.
      1552. Пайдаланылған сүрту материалдары мен мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен құмды жинау үшiн қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшiктер орнатылады. Сүрту материалдары мен мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен құм аптасына кемiнде бiр рет автожанармай құю станцияларынан (бұдан әрi - АЖС) тыс шығарылады.
      1553. АЖС аумағында темекi шегуге болмайды.
      1554. АЖС барлық үй-жайларына кiретiн есiктерде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:
      1) «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiне сәйкес жарылыс қаупi мен өрт қауiптiлiгi бойынша үй-жайлардың санаты;
      2) Электр қондырғыларын орнату қағидасы бойынша жарылыс қауiптi және өрт қауiптi аймақтардың сыныбы;
      3) өртке қарсы жай-күй үшiн жауапты жұмысшының тегi, аты-жөнi;
      4) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру телефондарының нөмiрлерi көрсетiлген жазбалар дайындалады.
      1555. АЖС үшiн мыналар әзiрленедi және көрiнетiн жерлерде iлiнедi:
      1) өрт қауiпсiздiгi шаралары жөнiндегi нұсқаулықтар;
      2) қолда бар үй-жайлар, эвакуациялық шығу жолдары, өрт сөндiру құралдары мен дабылды орналастыру орындары көрсетiлген ғимараттардың жоспарлары.
      1556. АЖС автожанармай құю станцияларының аумағынан жанып жатқан көлiк құралын шұғыл эвакуациялау үшiн ұзындығы кемiнде 3 метрлiк қатты буксирлеу штангiсiмен қамтамасыз етiледi.
      1557. АЖС қауiпсiздiк белгiлерiмен және жол белгiлерiмен қамтамасыз етiледi, оның қатарында темекi шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салатын, жолаушылар мен жанармай құйылатын көлiктiң қозғалысын реттейтiн белгiлер болады.
      1558. Автожанармай құю станциясында АЖС персоналы үшiн мынадай қызметтiк және тұрмыстық ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға болады: оператор бөлмесi, әкiмшiлiк, тамақ iшу, күзет қызметi, сондай-ақ санитарлық тораптар, арнайы киiм, құрал, қосалқы бөлшектер, аспаптар мен жабдық үшiн қойма. Көрсетiлгендерден басқа, АЖС аумағында жер асты резервуарларымен қатар жолаушыларға, жүргiзушiлер мен олардың көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету ғимараттарын (үй-жайларын) орналастыруға болады.
      Жолаушылар мен жүргiзушiлерге сервистiк қызмет көрсетуге бөлiнген үй-жайларда iлеспе тауарлардың дүкенiн, дәмхана мен санитарлық тораптарды, көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету үшiн – автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жуу посттарын орналастыруға болады. Жер бетi резервуарлары бар АЖС аумағында автожанармай құю станциясының персоналына арналған үй-жайлармен қатар сауда залысыз iлеспе тауарлар дүкенiнiң үй-жайын орналастыруға болады.
      1559. Бiр ғимаратта:
      1) көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету үй-жайлары мен жүргiзушiлер мен жолаушыларға сервистiк қызмет көрсету үй-жайларын;
      2) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сату қарастырылған дүкен үй-жайы мен қоғамдық тамақтану үй-жайын бiрiктiруге болмайды.
      1560. АЖС ғимараты орталық жылу жүйесiмен жабдықталады.
      Автожанармай құю станциясының үй-жайларында зауытта дайындалған, өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай майлы электрмен жылыту аспаптарын жанғыш құрылымдар мен материалдарға дейiнгi тиiстi қашықтықты сақтай отырып орнатуға болады. Жылыту аспаптары мен әр түрлi құбырларға жанғыш материалдарды (арнайы киiмдi, сүрту материалын) қоюға, сондай-ақ жылыту аспаптарында киiм мен аяқ киiмдi кептiруге болмайды.
      Автожанармай құю станциясының аумағы мен ғимараттарында жылу беру қондырғылары мен ашық от қолданылатын құрылғыларды пайдалануға болмайды.
      1561. Қызмет көрсетушi персоналдың арнайы киiмi металл шкафтарда iлiнген күйде сақталады.
      1562. Автожанармай құю станциясын жалынның таралуы мүмкiн (дәндi дақылдар, мақта егiсi) ауылшаруашылығы дақылдары егiсiне немесе егiстiктер мен дала алқаптарына iргелес дала алқаптары бойымен жақын орналастыру кезiнде АЖС шекаралары енi кемiнде 4 метр жыртылады.

3-тарау. Технологиялық жабдықты пайдалану тәртiбi

      1563. АЖС технологиялық жабдығы:


      1) жобалық, техникалық-пайдалану құжаттамасына және техникалық шарттарға сәйкес болуы тиiс;
      2) бақылау және реттеу аспаптары жарамды болуы тиiс;
      3) герметикалық болуы тиiс.
      1564. Технологиялық жабдықты:
      1) отынның ағуы болғанда;
      2) бақылау және реттеу құралдары болмағанда, ақаулы болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзiмi өтiп кеткенде;
      3) кез келген жарамсыздық кезiнде пайдалануға болмайды.
      1565. Технологиялық жабдыққа автожанармай құю станциясының өрт қауiптiлiк дәрежесiнен артық құрылымдық өзгерiстер енгiзуге болмайды.
      1566. Бақылау-өлшеу аспаптарына пломба салынады және технологиялық жабдықтың өртке қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн анық белгiленген шектi рұқсат етiлген өлшемдермен (қысым, температура, қосылым, құю деңгейi) белгiленедi.
      Рұқсат етiлген шектерден тым болмаса бiр өлшемi ажыратылған болса, автоматты түрде ескерту (жарық немесе дыбыс) сигналдары берiледi.
      1567. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерiн дайындаушы зауыттың келiсiмiнсiз аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерiнiң жұмыс iстеу өлшемдерiн өзгертуге болмайды.
      1568. Негiзгi және қосалқы технологиялық жабдықта статикалық электрден қорғағышпен қамтамасыз етiледi.
      1569. Отын сақтауға арналған резервуарлар 90 %-ға дейiн толғанда автоматты түрде сигнал (жарық немесе дыбыс) берудi, ал АЖС 95%-ға дейiн ең жоғарғы рұқсат етiлген дәрежеге дейiн толтырғанда 5 секунд бұрын автоматты түрде резервуарды толтыруды тоқтатуды қамтамасыз ететiн, олардың шамадан тыс толтырылуын болдырмау жүйелерiмен жабдықталады.
      1570. Фланецтердiң, келте құбырлардың, штуцерлердiң және атмосферадан отын мен оның буын бөлетiн басқа да құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасу орындарында ұшқын шығармайтын және мұнай өнiмдерi мен қоршаған ортаның әсерiне тұрақты төсемдермен жабдықталады.
      Пайдалану кезiнде ашу үшiн көзделген көрсетiлген қақпақтар мен бiтеуiштер ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.
      1571. Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желiлерiмен жабдықталады.
      Деаэрация желiлерiнiң құбырлары от бөгегiштермен немесе қосымша от бөгегiштерi бар тыныс алу клапандарымен жарақталады.

4-тарау. Жөндеу және регламенттiк жұмыстарды жүргiзу тәртiбi

      1572. Жанғыш бу-ауа қоспалары түзiлуi мүмкiн аймақтарда жұмыстар ұшқын шығармайтын киiм мен аяқ киiмде ұшқынға қауiпсiз аспаппен орындалады.


      1573. Бұрын пайдалануда болған резервуарларды отын толықтай шығарылғаннан, су буымен буландырғаннан, жылу сумен жуғаннан, инерттi газбен үрлегеннен және газ талдағыштың көмегiмен отын буының бар-жоғына тексерiлгеннен кейiн ғана тасымалдау, алаңда орындарын ауыстыру, орнату, жөндеу жүргiзiледi.
      Сыйымдылықтағы отын буы қосылымының төменгi тұтану қосылымы шегiнен 20 % артуына жол берiлмейдi.
      1574. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерiнiң  герметикалығына пневматикалық сынақтар жүргiзу үшiн (резервуардың қабырға аралық кеңiстiгi, резервуардың iшкi кеңiстiгi, құбырлар) жанбайтын газдар (азот, көмiр қышқыл газы) пайдаланылады. Жабдықтың герметикалық емес екендiгi анықталған жағдайда автожанармай құю станциясын пайдалану тоқтатылады.
      1575. Қатты бөлшектердi (шламдарды) iске қосып, барлық резервуар түрлерiнен тауар суын шығару жабық тәсiлмен жүргiзiледi. Осы мақсатта қолданылатын жабдық ұшқын шығармайтын материалдан жасалады және бензинмен және дизелдiк отынмен жұмыс iстеуге арналады. Қол сорғыштарды пайдалану кезiнде шлам булану алаңы мүмкiндiгiнше ең аз ашылған, жабық сыйымдылыққа ғана ағызылады. Шламдарды шығару кезiнде осы операциямен байланысты емес барлық люктер мен штуцерлер жабық болады. Шламға арналған сыйымдылық резервуарға жапсарлас аумақтағы тұғырға орнатылады және жерге қосылады. Бiрнеше камералы резервуарлардан шламдарды шығару әр камера үшiн бөлек-бөлек жүргiзiледi.
      Шлам шығару аяқталғаннан кейiн шлам автожанармай құю станциясынан тыс шығарылады.
      1576. От бөгегiштi немесе онымен жабдықталған тыныс алу клапанын деаэрация жүйесiн құбырының шығу жолында осы құбырды тығын арматурасымен герметикалық жабынсыз алуға болмайды. От бөгегiштiң түрi пайдалану аймағының климат жағдайларында оның қалыпты жұмыс iстеу жағдайларына сәйкес орындалады.
      1577. Технологиялық жүйенiң құрылымында резервуарға көлiк құралының отын багынан шығатын отын буын рециркуляциялау желiсi болған жағдайда отын буын рециркуляциялауды жүзеге асыру үшiн резервуарды деаэрация құбырын жабуға болмайды.
      1578. Автожанармай құю кешендерiнiң жабдығына техникалық қызмет көрсету, аспап және сақтандыру жабдығын метрологиялық сынау қатаң түрде осы жұмыстардың кестесiне сәйкес жүргiзiледi. Технологиялық жабдыққа техникалық пайдалану құжаттамасында көрсетiлмеген қандай да бiр регламенттiк жұмыстарды жүргiзуге болмайды. Мұндай жұмыстар жөндеу шеберханаларында жүргiзiледi.
      1579. Автожанармай құю кешендерiнiң аумағында, ғимараттарында, құрылыстарында, үй-жайларында, технологиялық жүйелерiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге объектiнiң басшысы жазбаша рұқсат ресiмдейдi.

5-тарау. Отын қабылдау мен беруге арналған жабдықты пайдалану тәртiбi

      1580. Автоцистерналардан отын құю жабық сызба бойынша орындалады. Резервуарлар мен автоцистерналардың тыныс алу құрылғыларынан басқа, қоршаған ортаға отын буының шығуына жол берiлмейдi.


      1581. Автоцистерналардан отын құймас бұрын резервуардағы отын деңгейi өлшенедi және қорғағыш құрылғылардың жарамдылығы тексерiледi. Құю үдерiсiн автожанармай құю станциясының жұмысшылары немесе автоцистерна жүргiзушiсi бақылайды.
      1582. Резервуардағы отын түрiн ауыстыру кезiнде (бензин – дизелдiк отын) соңғысы бұдан бұрын сақталған өнiмнен мұқият тазартылуы және резервуардың корпусында немесе жер асты резервуарларының құятын құбырларының көрiнетiн жерлерiнде сақталған отынның түрiн көрсетiлген жазба болады.
      1583. Бiрнеше камералы резервуарда егер технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасымен көзделген жағдайда бензин мен дизелдiк отынды бiр мезгiлде сақтауға болады.
      1584. Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар өтерде оны аумағынан барлық көлiк пен бөгде адамдар шығарылады. Бiр мезгiлде екi және одан астам автоцистерналардың болуына жол берiлмейдi.
      1585. Автоцистернадан отын құю операциясын автожанармай құю станциясының кемiнде екi жұмысшысы және мынадай талаптарды орындағанда жүргiзiледi:
      1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында әрқайсысының көлемi кемiнде 100 литр жылжымалы ауа-көбiктi өрт сөндiргiш орнатылады;
      2) автоцистерналардың жанармай құю алаңдарынан мұнай өнiмдерiмен ластанған атмосфералық жауын-шашын қалдықтарының науасы жабылады және отын төгiндiсiн авариялық резервуарға бұру құбыры ашылады;
      3) автоцистерна жерге орнатылады, одан кейiн автожанармай құю станциясының резервуарларына отын құю операциясына кiрiсуге болады.
      Автопойыздан мұнай өнiмiн құю кезiнде әр цистерна оны әбден босатқанға дейiн жеке-жеке жерге орнатылады.
      1586. Иiлгiш жерге қосатын мыс сым автоцистернаның корпусына тұрақты қосылады және ұшында жерге қосылатын құрылғыға қосуға арналған құрылғы (қысқыш, бұранда ұштығы) болады.
      Жерге қосатын сымдарды автоцистернаның сырланған және ластанған металл бөлiктерiне қосуға болмайды.
      1587. Автожанармай құю станциясында көлiк құралдарына жанармай құю кезiнде:
      1) мотоциклдер мен мотороллерлер отын құю колонкаларына қозғалтқыштары өшiрiлiп берiледi, оларды iске қосу және тоқтату колонкалардан кемiнде 15 метр қашықтықта жүргiзiледi, автомобильдер өздiгiнен жүредi;
      2) қозғалтқышты қосқанға дейiн жүргiзушi немесе автожанармай құю станциясының қызмет көрсетушi персоналы көлiктiң мұнай өнiмдерiмен ластанған бөлiктерiн құрғатып сүртедi;
      3) жерге төгiлген мұнай өнiмдерi құммен жабылады, ал былғанған құм мен май сүртiлген материалдарды қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшiктерге жинау қажет және жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн автожанармай құю станциясының аумағынан шығарылады;
      4) жанармай құятын жерде тұрған автомобильден бастап кезекте  тұрған келесiсiне дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр етiп қарастырылады.
      1588. Автожанармай құю станциясында:
      1) қозғалтқыштары жұмыс iстеп тұрған көлiк құралдарына жанармай құюға;
      2) егер белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген, қолданылатын технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделген болса, жер асты резервуарларымен көлiк құралдарының өтуiне;
      3) найзағай болғанда және атмосфералық разрядтардың пайда болуы қауiптiлiгi болғанда резервуарларға отын құюға және тұтынушыларға отын беруге;
      4) бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясына ұшқын өшiргiштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуiне;
      5) автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тiкелей байланысы жоқ жөндеу жұмыстарын жүргiзуге;
      6) жолаушылары бар көлiк құралдарына (кемiнде төрт есiктi жеңiл автомобильдерден басқа) жанармай құюға;
      7) жарылғыш заттар, сығылған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар, тез тұтанатын материалдар, улы және радиоактивтi заттар мен басқа да қауiптi бұйымдар мен материалдар артылған көлiк құралдарының кiруiне болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет