Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


Ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділігіне және өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



бет4/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#170012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
3.3.3. Ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділігіне және өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      225. Ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділік деңгейі олардың қабатына, функционалдық өрт қауіптілігіне, өрт сөндіру бөліктерінің ауданына және онда орналастырылған технологиялық процестердің өрт қауіптілігіне байланысты белгіленуге тиіс.
      226. Құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділік шектері ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділік деңгейіне сәйкес болуы керек.
      Құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділік шектері ғимараттар, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінің отқа төзімділік деңгейі, сондай-ақ онда қолданылатын құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділік деңгейі осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасының 1-кестесінде берілген.
      227. Ойықтарды толтырудың отқа төзімділік шектері (есіктерді, қақпаларды, терезелер мен люктерді, сондай-ақ қолшамдарды, оның ішінде учаскелердің зенитті және басқа жарық түсетін жабын төсемдерін) өртке қарсы кедергілердегі ойықтарды толтыруды қоспағанда, нормаланбайды.
      228. Өртке қарсы аймақтардың және тамбур-шлюздардың өртке қарсы қабырғалары, аражабындары, жабындары, құрастырылымдары, сондай-ақ өртке қарсы кедергілердегі жарық түсіру ойықтарын толтырулар (өртке қарсы есіктер, қақпалар, люктер, клапандар, терезелер, перделер) жанбайтын материалдардан орындалуға тиіс.
      229. Ғимараттың, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінің құрастырылымдық өрт қауіптілік класы олардың қабатына, функционалдық өрт қауіптілігіне, өрт сөндіру бөліктерінің ауданына және онда орналастырылған технологиялық процестердің өрт қауіптілігіне байланысты белгіленуге тиіс.
      230. Құрылыс құрастырылымдарының өрт қауіптілік класы ғимараттардың, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінің құрастырылымдық өрт қауіптіліктің қабылданған класына сәйкес болуы керек.
      Ғимараттардың, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінің және онда қолданылатын құрылыс құрастырылымдарының өрт қауіптілігі кластарының құрастырылымдық өрт қауіптілігі класына сәйкестігі осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасының 2-кестесінде берілген.
      231. Ғимараттың қоршайтын құрастырылымдарындағы ойықтарды толтырудың өрт қауіптілігі (есіктер, қақпалар, терезелер мен люктер) өртке қарсы кедергілердегі ойықтарды толтыруды қоспағанда, нормаланбайды.
      232. Құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділік шектері және өрт қауіптілік кластары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарда және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарда берілген әдістер бойынша, стандарттық сынаулар жағдайында анықталуға тиіс.
      233. Құрылыс құрастырылымдарының отты сынаулардан өтілген формасы, материалдары, құрылыс құрастырылымдарының құрастырылымдық орындауы бойынша ұқсас отқа төзімділік шектерін және өрт қауіптілік класын белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарда белгіленген есептік-аналитикалық әдістер бойынша анықтауға рұқсат етіледі.

3.3.4. Ғимараттарда, құрылымдар мен өрт сөндіру бөліктерінде өрттің таралуын шектеуге қойылатын талаптар



      234. Ғимараттар, құрылымдар, өрт сөндіру бөліктері, сондай-ақ функционалдық өрт қауіптілік кластары әр түрлі үй-жайлар бөліктері өзара отқа төзімділік шектері және құрастырылымдық өрт қауіптілік кластары нормаланған қоршау құрастырылымдарымен немесе өртке қарсы кедергілермен бөлінген болуы керек. Өртке қарсы кедергілердің осындай қоршау құрастырылымдары мен типіне қойылатын талаптар үй-жайдың функционалдық өрт қауіптілігі, өрт жүктемесінің шамасы, ғимараттың, құрылымның, құрылыстың, өрт сөндіру бөлігінің отқа төзімділік деңгейі және құрастырылымдық өрт қауіптілік класы ескеріліп белгіленеді.
      235. Өртке қарсы кедергілер қызметін орындайтын құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділік шектері және типтері, ойықтар мен тамбур-шлюздарды толтыратын олардың тиісті типтері осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасының 1-кестесінде берілген.
      236. Өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырудың тиісті типтеріне арналған отқа төзімділік шектері осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасының 2-кестесінде берілген.
      237. Әр түрлі типтегі тамбур-шлюздардың элементтеріне қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 15-қосымшасының кестесінде берілген.
      238. Өртке қарсы қабырғалар ғимараттың, құрылымның барлық биіктігіне салынып, өрттің аралық өрт сөндіру бөлігіне, оның ішінде өрт ошағы жағындағы құрастырылымның бір жақты қирауы кезінде таралмауын қамтамасыз етуге тиіс.
      239. Өртке қарсы қабырғалардың, аражабындар мен бөлгіштердің ғимараттың, құрылымның, құрылыстың, өрт сөндіру бөліктерінің басқа қоршау құрастырылымдарымен жанасатын жерлерінде жанасатын кедергілердің отқа төзімділік шегінен кем болмайтын отқа төзімділік шегі болуы керек.
      Өртке қарсы қабырғалардың ғимараттар мен құрылымдардың басқа қабырғаларымен жанасу орындарының құрастырылымдық атқарылуы өрттің осы кедергілерді айналып таралу мүмкіндігін болдырмауы керек.
      240. Өртке қарсы кедергілерде терезелер ашылмайтын, өртке қарсы есіктер, қақпалар, люктер мен клапандардың өздігінен жабылуға арналған құрылғылары болуға тиіс.
      Ашық күйінде пайдаланыла алатын өртке қарсы есіктер, қақпалар, перделер, люктер мен клапандар олардың өрт кезінде автоматты жабылуын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталған болуы қажет.
      241. Өртке қарсы кедергілерде ойықтардың жалпы ауданы олардың ауданының 25 %-ынан аспауға тиіс.
      242. А және Б санатты үй-жайларды басқа санаттағы үй-жайлардан, дәліздерден, басқыш шабақтарынан және лифтілік холлдардан бөліп тұратын өртке қарсы кедергілерде үнемі ауа тіреліп тұратын тамбур-шлюздар қарастырылуы керек. Жалпы тамбур-шлюздарды А және Б санатындағы екі және одан артық аралық үй-жайларда орнатуға тыйым салынады.
      243. Өртке қарсы кедергілердегі тамбур-шлюздарды А және Б санатты үй-жайларды басқа санаттағы үй-жайлардан немесе өртке қарсы кедергілердегі өртке қарсы есіктерден, қақпалардан, перделерден, люктер мен клапандардан, В1 - В4 санатты үй-жайларды бөліп тұратын басқа үй-жайларда орнату мүмкін болмаған кезде, аралық қабаттар мен үй-жайларға өрттің таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар кешені қарастырылуға тиіс.
      244. Өртке қарсы қабырғалар мен аражабындарда өртке қарсы есіктермен немесе қақпалармен жабыла алмайтын ойықтарды жобалаған кезде В1 - В4, Г және Д санатты аралық үй-жайлар арасында қатынасу үшін, осы ойықтар орындарында тамбурдың 1 м 2 еденінде 1 л/с судың көлемді шығыны болатын, ұзындығы 4 м учаскеде автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған, ұзындығы 4 м кем болмайтын ашық тамбурлар (есіктерсіз немесе қақпаларсыз) қарастырылуы керек. Тамбурдың қоршау құрастырылымдары RЕІ 45 отқа төзімділік шегі болатын өртке қарсы болуға тиіс.
      245. Өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтыру жанбайтын материалдардан орындалуға тиіс.
      246. Өртке қарсы есіктер, қақпалар, люктер мен клапандар осы құрастырылымдардың отқа төзімділік шегінің нормативтік мәнін қамтамасыз етуге тиіс.
      247. 1-типті өртке қарсы қабырғалар мен аражабындарды арналармен, шахталармен және жанғыш газдарды, ауа-тозаң қоспаларда, сұйықтықтарды, өзге заттар мен материалдарды тасымалдауға арналған құбыр желілерімен кесіп өтуге тыйым салынады. Осындай өртке қарсы кедергілерді арналармен, шахталармен және түтінге қарсы жүйелердің арналарын қоспағанда, жоғарыда аталғандардан ерекше заттар мен материалдарды тасымалдауға арналған құбыр желілерімен қиып өтетін жерлерде жану өнімдерінің арналар, шахталар және құбыр желілері бойынша таралуының алдын алатын автоматты құрылғыларды қарастыру қажет.
      248. Басқыш шабақтарынан және лифтілердің машиналық бөлімшелерінің (төбеде орналасқандарынан басқа) үй-жайынан, сондай-ақ коммуникацияларды төсеуге арналған арналар мен шахталардан тыс орналасқан лифті шахталарының қоршау құрастырылымдары өртке қарсы 1-типті аражабындарға және 3-типті бөлгіштерге қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.
      Лифті шахтасы мен лифтінің машина бөлімшесі арасындағы қоршау құрастырылымдарының отқа төзімділік шегі нормаланбайды.
      249. Лифті шахталарының қоршауларында басқыш шабақтарынан басқа, олардан дәлізге және басқа үй-жайларға шығатын есік ойықтары отқа төзімділік шегі ЕІ 30 кем болмайтын өртке қарсы есіктермен немесе отқа төзімділік шегі ЕІ 45 кем болмайтын жанбайтын материалдардан жасалған қалқалармен қорғалған болуы керек, лифті шахталарының өрт кезінде автоматты жабылатын есік ойықтары, не ғимараттағы, құрылымдар мен құрылыстардағы лифті шахталары дәліздерден, басқыш шабақтарынан және басқа үй-жайлардан өртке қарсы 1-типті аражабындары және 3-типті бөлгіштері болатын тамбурлармен немесе холлдармен бөлінуге тиіс.
      250. Биіктігі 28 м және одан артық ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда олардан шығатын жерлерде ауа тіреліп тұратын тамбур-шлюздары болмайтын лифті шахталары өрт кезінде лифтінің шахтасында артық қысым жасау жүйесімен жабдықталған болуы керек.
      251. Автоматты өрт сигналын беру немесе өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда лифтілердің кабинасының қозғалысының өрт кезінде негізгі төмен түсіру алаңына автоматты түрде оралуын, кабина есіктерінің ашылуын және шахтаның ашық күйінде ұсталуын қамтамасыз ететін жүктемесі мен бағытына тәуелсіз бұғаттауы болуға тиіс.
      252. Басқыштардың және басқыш шабақтарының көлемдік-жоспарлық шешімдері мен құрастырылымдық атқарылуы өрт кезінде адамдарды ғимараттан, құрылымдар мен құрылыстардан қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге және өрттің қабаттар арасына таралуына кедергі жасауға тиіс.
      253. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың цокольдық және жер асты қабаттарында лифтіге кіру өрт кезінде ауаның артық қысымы болатын 1-типті тамбур-шлюз арқылы іске асырылуы керек.
      254. Ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстардың және өрт сөндіру бөліктерінің, өрт сөндіру бөліктерінің аудандарының отқа төзімділігі және ғимарат пен құрылым ішінде өрттің таралуының алдын алудың басқа тәсілдері олардың функционалдық өрт қауіптілік кластарына байланысты Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген осы Техникалық регламенттің, құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуға тиіс.

3.3.5. Көшіру жолдарына, көшіру және апатты шығуларға қойылатын талаптар



      255. Ғимараттар, құрылымдар және құрылыстардың көшіру жолдары мен шығулары адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз етуге тиіс. Көшіру жолдары мен шығулардың есебі оған қолданылатын өрт сөндіру құралдарын есепке алмай жүргізіледі.
      256. Адамдар көп болатын, оның ішінде балалар және қозғалыс мүмкіндігі шектеулі тұрғындар тобы бар үй-жайды орналастыру, көшіру жолдарының құрастырылымдық элементтерінде өрт қауіпті құрылыс материалдарын қолдану осы Техникалық регламент талаптары, Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелеріне және белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес анықталуға тиіс.
      257. Ғимараттан, құрылым және құрылыстан көшіру шығуларына мыналарға:
      1) бірінші қабат үй-жайынан сыртқа:
      тікелей;
      дәліз арқылы;
      вестибюль (фойе) арқылы;
      басқыш шабағы арқылы;
      дәліз және вестибюль (фойе) арқылы;
      дәліз, рекреациялық алаң және басқыш шабағы арқылы;
      2) біріншіден басқа, кез келген қабат үй-жайынан:
      тікелей басқыш шабағына немесе 3 типті басқышқа;
      тікелей басқыш шабағына немесе 3 типті басқышқа алып келетін дәлізге;
      тікелей басқыш шабағына немесе 3 типті басқышқа шығуы бар холлға (фойе);
      пайдаланылатын төбе немесе 3 типті басқышқа алып келетін арнайы жабдықталған төбе учаскесіне;
      3) сол қабатта орналасқан және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығулармен қамтамасыз етілген көршілес үй-жайға (А және Б санатты Ф5 класты үй-жайдан басқа) алып келетін шығулар жатады.
      Егер техникалық үй-жайда осы өрт қауіпті үй-жайға қызмет көрсету бойынша жабдық орналасқан болса, тұрақты жұмыс орны жоқ техникалық үй-жайдан А және Б санатты үй-жайға шығу көшіру болып саналады.
      258. Жертөле және цокольдық қабаттан көшіру шығуларын тікелей сыртқа қарастырған жөн және ғимарат, құрылым, құрылыстың ортақ басқыш шабағынан оңашалануы керек.
      259. Сондай-ақ:
      1) бірінші және екінші қабаттар арасында жертөле еденінен бастап басқыш маршының аралық алаңдарына дейін басқыш маршы арасында орналасқан, басқыш шабағының қалған бөлігінен 1 типті өртке қарсы арақабырғамен бөлінген, сыртқа жеке шығуы бар тамбурға ортақ басқыш шабағы арғыны жертөледен шығулар;
      2) В4, Г және Д санатты үй-жайы бар жертөле және цокольдық қабаттардан В4, Г, Д санатты үй-жайға және Ф5 класты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан вестибюльге шығулар;
      3) Ф2, Ф3 класты ғимараттың жертөле немесе цокольдық қабаттарда орналасқан фойе, гардероб, темекі шегетін орын және санитарлық үй-жайдан және 2 типті жеке басқыштармен бірінші қабат вестибюліне шығулар;
      4) үй-жайдан тікелей 2 типті басқышқа, осындай басқышқа алып келетін дәліз немесе холлға (фойе, вестибюль) шығулар;
      5) теміржол және автомобиль көлігі кіруге (шығу) арналған қақпадағы ашылатын есіктер көшіру шығулары болып саналады.
      260. Ғимарат, құрылым және құрылыста апатты шығуларға:
      1) балкон (лоджия) бүйірінен бастап терезе ойығына (әйнектелген есіктер) дейінгі 1,2 м кем емес немесе балконға (лоджия) шығатын әйнектелген ойық арасында 1,6 м кем емес шет жатқан аралық қабырғасы бар балкон немесе лоджияға;
      2) Ф1.3 класты ғимараттың аралас секциясына немесе аралас  өрткесіндісіне алып келетін ені 0,6 м кем емес өтпе;
      3) балкон немесе лоджияны қабатпен қосатын, сыртқы басқышпен жабдықталған балкон немесе лоджияға;
      4) 4,5 м кем емес және 5,0 м жоғары емес өлшемдері 0,75 х 1,5 м кем емес есік немесе терезе арқылы, сондай-ақ өлшемдері 0,6 х 0,8 м кем емес люк арқылы таза еден белгісі бар үй-жайдан тікелей сыртқа шығатын. Сонымен қатар шұңқыр арқылы шығу шұңқырдағы басқышпен, ал люк арқылы шығу үй-жайдағы басқышпен жабдықталуға тиіс. Аталған басқыштар еңісі нормаланбайды;
      5) өлшемдері 0,75 х 1,5 м кем емес есік немесе терезе арқылы, сондай-ақ өлшемдері 0,6 х 0,8 м кем емес люк арқылы тік немесе еңіс басқышпен С0 және С1 класты оттөзімділіктің I, II және III деңгейлі ғимарат, құрылым және құрылыс төбесіне алып келетін шығулар жатады.
      261. Көшіру шығуларының ойығында жылжымалы және көтеру-түсіру есіктері, айналмалы есіктер, турникет және адамдардың еркін өтуіне кедергі келтіретін басқа заттарды орнатуға тыйым салынады.
      262. Үй-жайдан, қабаттар және ғимараттан көшіру шығуларының саны мен ені ол жерден көшірілетін адамдардың максималды ықтимал санына және адамдар ықтимал болатын алыс жерден бастап (жұмыс орны) жақын жердегі көшіру шығуына дейінгі шекті рұқсат етілген аралыққа байланысты анықталады.
      Өрт қауіптілігінің түрлі атқарымдығы бар ғимарат бөліктері өртке қарсы тосқауылмен бөлінеді және өзіндік көшіру шығуларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
      263. Үй-жайдан көшіру шығуларының саны алыс жатқан нүктеден бастап (жұмыс орны) жақын жердегі көшіру шығуына дейін шекті рұқсат етілген аралыққа байланысты белгіленуі керек.
      264. Ғимарат, құрылым және құрылыстан көшіру шығуының саны ғимарат, құрылым және құрылыстың кез келген қабатынан көшіру шығуының санынан кем болмауға тиіс.
      265. Ғимарат қабатындағы пәтердің жалпы ауданы 500 м кем болған кезде (секция типті ғимаратқа арналған секция) атқарымдық өрт қауіптілігі Ф1.3 класты ғимаратта және көшіру шығуынан басқа, 15 м артқы биіктікте орналасқан әрбір пәтер қабатынан бір көшіру шығуында апатты шығу қарастырылуға тиіс.
      Ғимараттар көшіру шығуының саны ғимараттың кез келген көшіру шығуы санынан кем болмауға тиіс.
      266. Көшіру жолы осімен өлшенетін үй-жайдың алыс жатқан нүктесінен бастап (Ф5 класты ғимарат, құрылым және құрылыс үшін - алыс жатқан жұмыс орнынан бастап) жақын арадағы көшіру шығуына дейінгі шекті рұқсат етілген аралық атқарымдық өрт қауіптілігі класы және ғимарат, құрылым және құрылыстың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаты, үй-жайдың көшірілетін, геометриялық параметрлері және көшіру жолдарының саны, құрастырылымдық өрт қауіптілігінің класы және ғимарат, құрылыс және құрылыстың оттөзімділік деңгейіне қарай белгіленеді.
      267. 2 типті басқышпен үй-жайға көшіру жолының ұзындығын оның үш еселенген биіктігіне тең анықтау қажет.
      268. Көшіру жолдарына лифт, эскалаторлар, сондай-ақ:
      1) лифт шахтасынан шығулары бар дәліздер арқылы, егер лифт шахтасының есігін қоса алғанда, лифт шахтасының қоршау құрастырылымы өртке қарсы тосқауылдарға қойылатын талаптарға жауап бермесе лифт алдындағы тамбур және лифт холлы арқылы;
      2) басқыш шабағы алаңы дәліз бөлігі болып табылған кезде басқыш шабақтары арқылы, сондай-ақ көшіру болып табылмайтын 2 типті басқыш орналасқан үй-жай арқылы;
      3) пайдаланылатын төбені немесе құрастырылым бойынша пайдаланылатын төбеге ұқсас арнайы жабдықталған төбе учаскесін қоспағанда, ғимарат төбесіне;
      4) екіден артық қабатты (ярустерді) қосатын, сондай-ақ жертөле мен цокольдық қабаттардан алып шығатын 2 типті басқышқа;
      5) жер асты және жер үсті қабаттардың арасындағы қатынасқа арналған басқыш және басқыш шабақтарына алып келетін учаскелер кірмеуі керек.

3.3.6. Өрт-құтқару бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ететін өрт қауіпсіздігі талаптары



      269. Ғимарат, құрылым және құрылыс үшін:
      1) арнайы немесе біріккен атқарымдық кірулер мен өтулері бар  өрттехникасы үшін ғимараттар, құрылым және құрылысқа өрт өтулері және өту жолдары;
      2) ғимарат, құрылым және құрылыс төбесіне және қабатына  өрттехникасын және өртке қарсы қызмет бөлімшесінің жеке құрамын көтерудің сыртқы өрт басқышы және басқа құралдары;
      3) шаруашылықтық немесе арнайы біріккен, құрғақ құбыр және  өртсыйымдылығын (сұйыққойма) қоса алғанда өрт қарсы су құбыры;
      4) өртке қарсы қызмет бөлімшесінің жеке құрамының ғимарат, құрылым және құрылыс ішінде жылжу жолын өртке қарсы қорғау жүйесі;
      5) адамдарды жеке және ұжымдық қорғау құралдары құрылғысымен қамтамасыз етілуге тиіс.
      270. Биіктігі 10 м және өрт сөндіру машиналарының өтетін жерінің үстінің бетінен бастап, төбенің қаңқасына және сыртқы қабырғаның төбесіне (жақтау) дейінгі белгіден артық болатын ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда басқыш шабақтарынан тікелей немесе шатырдың асты арқылы, не 3-типті сатылар бойынша немесе сыртқы өрт сөндіру сатылары бойынша төбеге шығатын жерлер қарастырылуға тиіс.
      271. Төбеге шығатын жерлер санын (бірақ біреуден кем болмайтын шығу) және олардың орналасуын ғимараттың, құрылым пен құрылыстың функционалдық өрт қауіптілігіне және өлшемдеріне байланысты қарастыру керек:
      1) шатыр жабыны және біреуден кем болмайтын шығуы болатын ғимарат, құрылым және құрылыстың әрбір толық және толық емес 100 м ұзындығында, Ф1 - Ф4 кластарының ғимараттары үшін шатырсыз жабыны болатын ғимарат, құрылым және құрылыстың төбесінің 1 мың м 2 ауданының толық және толық емес ұзындығында;
      2) Ф5 класының ғимарат, құрылым және құрылыстарының периметрі бойынша әрбір 200 м сайын өрт сөндіру басқыштары бойынша.
      Қарастыруға рұқсат етілмейді:
      1) егер ғимараттың негізгі қасбетке қарама-қарсы жағынан ені 150 м аспаса, өртке қарсы су құбыры желісі болатын болса, ғимарат, құрылым және құрылыстың негізгі қасбетінде өрт сөндіру сатылары;
      2) ауданы 100 м 2 артық болмайтын жабыны болатын бір қабатты ғимарат, құрылым және құрылыстың төбесіне шығатын жерлер.
      272. Ғимарат, құрылым және құрылыстың шатыры астында, Ф 1.4 класының ғимараттарын қоспағанда, өлшемі 0,6 х 0,8 м кем болмайтын есіктер, люктер немесе терезелер арқылы стационарлық басқыштармен жабдықталған төбеге шығатын жерлер қарастырылуы керек.
      273. Басқыш шабақтарынан төбеге немесе шатыр астына шығатын жерлерді өлшемі 0,75 х 1,5 м кем болмайтын, өртке қарсы 2-типті есіктер арқылы шығатын жер алдындағы сатылық жайылмалар бойынша қарастыру керек. Аталған жайылмалар мен алаңдар жанбайтын материалдардан орындалып, 2:1 артық болмайтын еңісі және 0,9 м кем болмайтын ені болуға тиіс.
      274. Биіктігі 15 м артық болмайтын, Ф1 - Ф4 кластарының ғимарат, құрылым және құрылысында бекітілген болат асылмалы басқыштар бойынша өлшемі 0,6 х 0,8 м, өртке қарсы 2-типті люктер арқылы басқыш шабақтарынан шатыр астына немесе төбеге шығу орнатуға рұқсат етіледі.
      275. Техникалық қабаттарда, оның ішінде техникалық еден астыларында және техникалық шатыр астыларында өту биіктігі 1,8 м кем болмауға; барлық ғимарат, құрылым және құрылыс қасындағы шатыр астыларында - 1,6 м кем болмауға тиіс. Осындай өтетін жерлер ені 1,2 м кем болмауы керек.
      Ұзындығы 2 м артық болмайтын жеке учаскелерде өтетін жердің биіктігін 1,2 м дейін, ал енін - 0,9 м азайтуға рұқсат етіледі.
      276. Үйдің төбесінде бөлмелері болатын ғимарат, құрылым және
құрылыстарда шатыр асты қуыстарын қоршайтын құрастырылымдарда люктер
қарастыру керек.
      277. Биіктігі 1 м артық төбеден құлайтын жерлерде (оның ішінде төбеге жарық аэрациялық қолшамдарды көтеру үшін) өрт сөндіру сатыларын қарастыру қажет.
      Егер төбенің ауданы 100 м 2 артық болатын әрбір учаскесінде төбеге шығатын жерлер болса немесе төменгі учаскенің биіктігі 10 м аспайтын болса, биіктігі 10 м артық болатын төбеден құлаған кезде өрт сөндіру сатыларын қарастырмауға рұқсат етіледі.
      278. 10 м бастап 20 м дейінгі биіктікке көтеру үшін және төбе биіктігінен құлау орындарында П1 типті өрт сөндіру сатыларын, 20 м артық биіктікке көтеру үшін және биіктігі 20 м артық төбеден құлайтын орындарда - П2 типті өрт сөндіру сатыларын.
      Өрт сөндіру сатылары жанбайтын материалдардан дайындалып, терезелерден 1 м жақын болмай орналастырылуға және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамының әскери киімде және қосымша жабдықпен қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрастырылымдық орындауы болуы керек.
      279. Басқыш жайылмалары арасында және басқыш жайылмаларының қоршауларының тұтқалары арасында ені 75 мм кем болмайтын саңылау қарастырылуға тиіс.
      280. Функционалдық өрт қауіптілік класы Ф1.1, биіктігі 10 м артық болатын ғимарат, құрылым және құрылыстарының, Ф1.3 класының биіктігі 50 м артық ғимарат, құрылым және құрылыстың, функционалдық өрт қауіптілігінің өзге кластарының биіктігі 28 м артық, екі қабаттан артық жерасты автотұрақтары болатын ғимарат, құрылым және құрылыстың әрбір өрт сөндіру бөлігінде өрт сөндіретін бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілер қарастырылуы керек.
      281. Төбесінің еңісі 12%-дан артық болмайтын ғимарат, құрылым және құрылыстарда, сыртқы қабырғаның (жақтау) ернеуіне немесе төбесіне дейінгі 10 м артық биіктігін қоса алғанда, сондай-ақ төбесінің еңісі 12 %-дан артық, ал ернеуге дейінгі биіктігі 7 м артық ғимарат, құрылым және құрылыстарда осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес, төбеде қоршау қарастырылуы керек.
      Ғимараттың биіктігіне қарамастан, аталған қоршауларды пайдаланылатын жалпақ төбе, балкон, лоджия, сыртқы галереялар, сыртқы басқыштардың ашық жайылмалары мен алаңдары үшін қарастыру керек.
      282. 75 м артық жоғарғы қабаттың еденінің белгісі болатын ғимарат, имарат және құрылыстың жабынында өрт сөндіретін тікұшақтың көліктік-құтқару кабинасы үшін, өлшемі 5 х 5 м кем болмайтын алаң қарастырылуға тиіс. Аталған алаңдар үстінде антенналар, электр сымдары мен кабельдер орналастыруға тыйым салынады.

3.3.7. Құрылыс-құрастыру және отты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

      283. Құрылыс-құрастыру және отты жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілген осы Техникалық регламенттің, құрылыс нормалары мен ережелерінің, "Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері" және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге нормативтік құжаттар талаптары сақталуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет