Өрт бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы


II. Өрт кезіндегі тәртіп ережелері



бет11/17
Дата03.01.2022
өлшемі64.27 Kb.
#450717
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Әкежан

II. Өрт кезіндегі тәртіп ережелері

1. Өртті немесе түтінді бірінші байқаған адам меңгерушіге, болған оқиға туралы бәрін құлақтандыратын шаруашылық меңгерушісіне хабарлауға тиіс.

2. Өрт сөндіру командасын өртті немесе түтінді бірінші байқаған адам балабақшаның мекенжайын, не жанып жатқанын және кім сөйлесіп тұрғанын айтып, 101 телефоны арқылы шақырады.

3. Өрт сөндіру командасын оны шақырған адам көшедегі қақпа алдында күтіп алады. Қарсы алушы қысқа жолмен келген өрт командасының бастығына жол сілтейді, сонымен бірге балаларға төніп тұрған қауіп жайлы айтады.

4. Өрт сөндіру кезінде өкпек жел мен ауаның күшті ағынына жол бермеуге тырысу керек. Сондықтан жанып жатқан үй-жайда терезенің ашылуына шектеу қою қажет. Мүмкіндігінше тезірек электр сымдарының жүйесін тоқтан ажыратып, ажыратқышты өшіру керек.

5. Өрт сөндіру командасын шақырумен және өртті сөндіру бойынша шаралар қабылдаумен бір мезгілде дайындыққа, тура қауіп төнген жағдайда балаларды тікелей көшіруге кірісу қажет.

6. Балаларды көшіруге балабақша меңгерушісі немесе оның орынбасары басшылық жасауға тиіс. Көшіру балабақшаға жақын үй-жайда жүргізіледі (жатақхананың, мектептің ғимараты).

7. Бірінші кезекте тәрбиеленушілерді өрт жағдайында олардың өміріне ең үлкен қауіп төніп тұрған үй-жайлардан көшіру қажет. Жоғары қабаттардан ең бірінші кіші жастағы балалар шығарылады.

8. Егер баспалдақ түтіндеп тұрса, түтін кіріп тұрған есікті қатты жабу керек, түтін шығу үшін терезені ашып, таза ауа ағынымен қамтамасыз ету қажет.

9. Жанып жатқан үй-жайға кірмес бұрын, ылғал жамылғымен, пальтомен, плащпен, қатты матаның кесегімен басты орау керек.

10. Түтіндеп жатқан үй-жайдың есігін таза ауаның тез кірген ағынынан жалын атпас үшін абайлап ашу қажет. Қатты түтіндеген үй-жайда еңбектеп немесе бүгіліп қозғалу керек, тұншықтырғыш газдан қорғану үшін ылғал матамен тыныс алған жөн.

11. Егер жанып жатқан үй-жайда өздігінен қозғала алмайтын бала болса, оны сулы жамылғыға немесе одеялоға орап, мұрны мен аузын ылғал матамен жауып, қауіпсіз жерге алып шығу керек.

12. Егер баланың киімі жанып жатса, үстіне сулы жамылғы, одеяло, қалың мата жауып, ауаның кіруіне жол бермей, жануды тоқтату үшін денеңізге қатты қысыңыз. Жанып жатқан киімді өрт сөндіргіштің көмегімен өшіруге тырыспаңыз, ол химиялық күйік алуға алып келеді.

13. Жанып жатқан аймақтан балаларды іздеуді үй-жайды толық тексерген кезде және ешкім жоқ екеніне анық көз жеткізгенде тоқтату керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет