II. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары
1. Аумақты ұстау:
1.1. Мекеме аумағы үнемі таза ұсталуға тиіс және жүйелі түрде қоқыстан, құрғақ бұтақтан, қағаздан және т. б. тазартылуға тиіс.
1.2. Ғимараттың барлық кіреберісіне еркін кіруге рұқсат берілуі керек. Ғимарат пен өрт сөндіру кезінде су көздеріне баратын жолдар мен подъездер, сондай-ақ өрт сөндіру мүкәммалдары мен жабдықтардың маңайы әрқашан бос болуы керек.
1.3. Жолдың жекелеген учаскелерінің немесе өрт сөндіру машиналарының өтуіне кедергі келтіретін жолдардың жөндеуге жабылғаны туралы дереу өрт сөндіру күзетіне хабарлау керек.
1.4. Ғимарат жанында алау жағуға үзілді-кесілді тыйым салынады.
2. Ғимарат пен үй-жайды ұстау:
2.1. Ғимараттың топтық, қызметтік, қоймалық және көмекші үй-жайлары уақтылы жиналып, таза ұсталуға тиіс.
2.2. Өтетін, кіретін жолдар, тамбурлар, дәліздер еркін болуға тиіс. Көшіру жолдарының есіктері ғимараттан шығу бағытында ашылуы керек.
2.3. Баспалдақ алаңының есіктері, сондай-ақ әрқашан жарамды күйде болуға тиіс өздігінен жабылатын құрылғы ойықтарда нығыздалуы керек.
2.4. Өртке қарсы кедергілерді (қабырғалар, қалқан, аймақ, белдеу) әртүрлі коммуникациялар кесіп өткенде тосқауылдардың саңылаулары мен құрылымдарының барлық қалыңдығы жанбайтын материалдардан саңылаусыз жасалуға тиіс.
2.5. Өрт күзетімен келісілген жобасыз үй-жайды қайта жоспарлауға тыйым салынады.
2.6. Отқа төзімділігі 1, 2, 3-ші деңгейдегі өндірістік ғимараттарда антресоль, қалқан, тұрмыстық бөлме, қоймалық және кеңселік үй-жайларды жанғыш материалдардан тұрғызуға жол берілмейді.
3. Электр қондырғылары:
3.1. Жұмыс аяқталғанда жабылатын және кезекші персонал бақыламайтын барлық үй-жайларда (мақсатына қарамастан) электр қондырғылары мен электр құралдарының бәрі тоқтан ажыратылуға тиіс (кезекші және апаттық жарықтандыруды, өрт сөндіру, өрт және күзет дабылының автоматты қондырғыларын, сондай-ақ технология талабы бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін электр қондырғыларын қоспағанда).
3.2. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде:
дайындаушы кәсіпорынның ұсынымына (нұсқаулығына) сәйкес келмейтін жағдайларда немесе өртке алып келуі мүмкін ақаулығы бар болғанда электр аппараттары мен құралдарын пайдалануға, сондай-ақ зақымдалған немесе оқшаулау қорғаныш қасиетін жоғалтқан сымдар мен кабельдерді пайдалануға;
зақымдалған розеткаларды, ажыратқыштарды, басқа да электрге бекітілетін бұйымдарды қолдануға;
электр лампалары мен шамдалдарды қағазбен, матамен және басқа да жанғыш материалдармен тыстауға, сондай-ақ оларды түсірілген қалпақтармен (шашыратқыш) пайдалануға;
электр үтіктерін, электр плиткаларды, электр шайнектерді және басқа да электрлік қыздырғыш құралдарды жанбайтын материалдардан жасалған тіреусіз пайдалануға;
желіге қосылған электрлік қыздырғыш құралдарды, теледидарды, радиоқабылдағыштарды және т. б. қараусыз қалдыруға;
стандартты емес (қолдан жасалған) электрлік қыздырғыш құралдарын пайдалануға, калибрлік емес еритін тіреуіштерді немесе қысқа тұйықталу мен шамадан тыс жүктемеден сақтайтын басқа да қолдан жасалған қорғаныс аппараттарын қолдануға тыйым салынады.
3.3. «Кірудің» жарық көрсеткіштері жарамды және үнемі қосулы болуға тиіс.
3.4. Терморегулятормен жабдықталмаған электр пештерін, электр каминдерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
4. Өртке қарсы сумен жабдықтау желілерін ұстау:
4.1. Өртке қарсы сумен жабдықтау желілері жарамды күйде болуға және өрт сөндіруге қажетті норма бойынша су шығынын қамтамасыз етуге тиіс. Олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеруді жылына екі реттен (көктемде және күзде) сиретпей жүргізген жөн.
Өрт гидранттары жарамды болуға тиіс, ал қыс кезінде жылытылып, қар мен мұздан тазалануы керек.
Су өтетін желілер мен гидранттар учаскелерін өшіргенде немесе желідегі қысымды талап етілгеннен төмен азайтқанда бұл туралы аудандық өрт күзеті бөлімшесіне хабарлау қажет.
4.2. Ішкі өртке қарсы су өтетін сымдардың өрт сөндіру крандарын түтіктермен және ұңғылармен толымдап, ал өртке су себетін түтік құбырды кран мен ұңғыға қосу керек.
Алты айда бір реттен сиретпей жаңа қатпарға зығырдан жіп орау керек.
4.3. Әкімшілік, қойма және қосымша үй-жайлар өрт бола қалған жағдайда дереу өрт сөндіру көмегін шақыру үшін өрт сөндіру және байланыс (өрт сөндіру сигнализациясы, телефон) құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
4.4. Өрт сөндіргіштерді орналастыру, қызмет көрсету және қолдану тәртібін дайындаушы кәсіпорынның нұсқаулығы көрсеткішіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қолдану керек.
4.5. Өрт сөндіргішті нұсқаулығындағы жазу оның корпусында анық көрінетіндей орнату керек.
4.6. Өрт техникасын шаруашылық, өндірістік және өрт сөндірудің қалыптасуына оқыту мен өрт сөндіруге қатысы жоқ басқа да қажеттіліктерге пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |