Өрт бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы


Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық



бет12/17
Дата03.01.2022
өлшемі64.27 Kb.
#450717
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Әкежан

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық

I. Жалпы талаптар

1. Осы нұсқаулық ҚР Үкіметінің 09.10.2014 ж. № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережелерінің (бұдан әрі – Ережелер) талаптарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдағы (бұдан әрі – МДҰ) қауіпсіздіктің негізгі талаптарын белгілейді.

2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауаптылық МДҰ басшысына жүктеледі.

3. МДҰ меңгерушісі:

3.1. МДҰ қызметкерлерінің Ережелерді оқып-үйренуі мен орындауын ұйымдастыруға.

3.2. Өртке қарсы нұсқама жүргізуді және өрт сөндіру-техникалық минимумы бойынша сабақ өткізуге.

3.3. МДҰ жатын бөлмелеріндегі, ойын бөлмелеріндегі және қосалқы үй-жайлардағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйін, байланыс құралдарының, өрт дабылы мен өртпен күрестегі техникалық құралдардың бар-жоғы мен жарамдылығын кезең-кезеңмен тексеруге.

3.4. МДҰ үй-жайларында қатаң өртке қарсы режим орнатуға (техникалық құжаттаманы сақтау орнын анықтау, тексеру тәртібін белгілеу, жұмыс аяқталғаннан кейін топтық бөлмелердің, қосалқы үй-жайлардың жабылуы), жұмыскерлердің оны үнемі қатаң сақтауын қадағалауға.

3.5. Электр құралдарының, электр қондырғыларының, техникалық құрал-жабдықтың, жылыту, желдету құралдарының жарамдылығын тексеруге және өртке алып келуі мүмкін ақаулық табылған жағдайда, дереу оны жою жөніндегі шаралар қабылдауға.

3.6. МДҰ-ғы өрт қауіпсіздігіне жауапты адамды бұйрықпен тағайындауға міндетті.

4. МДҰ-ғы әрбір қызметкер өрт қауіпсіздігі ережелерін нақты білуге, қатаң сақтауға және орындауға, өртке немесе жануға алып келуі мүмкін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

5. Ереженің бұзылуына кінәлі тұлғалар, бұзушылық сипатына және оның зардаптарына қарай тәртіптік, әкімшілік немесе сот тәртібімен жауапқа тартылады.

6. Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы өртке қарсы алғашқы (кіріспе) нұсқамадан еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе нұсқамада жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлер өтуге тиіс.

Қайталама нұсқамадан жұмыс орнында меңгерушінің ӘЖ және ӘШБ жөніндегі орынбасары өткізеді.

Өртке қарсы нұсқамадан өтпеген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет