Өрт бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы


Дабыл: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек. Құтқару



бет16/17
Дата03.01.2022
өлшемі64.27 Kb.
#450717
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Әкежан

Дабыл: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек.

Құтқару: Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жинаулары қажет. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді жабу керек.

Жиналыс: Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгендер сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Сосын әр сынып жетекші түгендеу жүргізеді.

Өрт кезіндегі тәртіп

ЕРЕЖЕСІ: Өрт болып жатқан бөлменің  есігін жауып кетіңіз. Өрттен қашқанда басқа адамға да айтыңыз.Әсіресе өрт жайлы мұғалімге айтыңыз. Эвакуация жасаңыз.

Егер өрт қауіпті болмаса өзіңіз өрт сөндіру құралдарын қолданыңыз.

Оқушылармен және студенттермен тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларымен және өрт шыққан жағдайдағы iс-әрекеттермен танысу сабақтарын ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныптармен, сондай-ақ мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде өртке қарсы тақырыпта әңгiмелесулер өткiзу қажет. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауiпсiздiгi қағидаларын зерделеу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткiзу қажет.

Зертханаларда тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етiледi. Үй-жайға сұйықтықтар жабық қауiпсiз ыдыста жеткiзiледi.

Егер сорып шығатын шкафта орындалатын операцияларға қатысы жоқ заттар, материалдар мен жабдық болса, сондай-ақ олар жарамсыз және желдеткiш жүйесi iске қосылмаған болса, онда олармен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.

Сорып шығатын шкафтардың тез тұтанатын заттармен жұмыс жүргiзiлетiн ағаш бөлiктерi оттан қорғайтын лакпен сырланады немесе жанбайтын материалдармен боялады.

Қолданылған тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар жұмыс соңында арнайы жабық ыдысқа жиналып, бұдан әрi пайдаға асырылуы үшiн зертханадан шығарылады.

Тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды кәрізге төгуге жол берiлмейдi.

Тез тұтанатын сұйықтықтармен және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жүргiзiлген ыдыстар тәжiрибеден кейiн өртке қауiпсiз ерiтiндiлермен жуылады.

Балалар мекемелерiнiң көп қабатты ғимараттарында кiшi жастағы балалардың топтары (сыныптары) екiншi қабаттан жоғары орналастырылмайды.

Сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықты орналастыру кезiнде адамдарды кедергiсiз эвакуациялау және өрт сөндiру құралдарын алуы қамтамасыз етiледi.

Оқу сыныптары мен кабинеттерiнде шкафтарда, сөрелерде немесе тұрақты орнатылған тiреулерде сақталуы тиiс оқу процесін қамтамасыз етуге қажеттi жиһаздар, аспаптар, үлгiлер, керек-жарақтар, құралдар ғана орналастырылады.

Оқу сыныптары мен кабинеттерiндегi парталар (үстелдер) саны жобада белгiленген саннан аспауы тиiс.

Сабақтар аяқталғаннан кейiн кабинеттердегi, зертханалардағы және шеберханалардағы өрт, жарылыс және өрт қауіпті барлық заттар мен материалдар жеке үй-жайларда орналастырылған жанбайтын шкафтарға (жәшiктерге) қойылады.

Жұмыс аяқталғаннан кейiн үздiксiз жұмыс iстейтiн аппараттар мен электр құралдарынан басқа, қолданыстағы электр тұтынушыларды сөндіріп, барлық үй-жайларға тексерiс жүргiзiледi.

Балалар тәулiк бойы болатын мектеп ғимараттары мен мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде телефон байланысымен қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсету персоналының тәулiк бойы кезекшiлiгi белгiленедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет