Қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске
асыратын оқу-тәрбие ұйымы («Білім туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 1-бабының (38-3 тармағы).
Бүгінгі күні Қазақстанда STEAM білімінің белсенді дамуы басталды.
Жаңа білім саясатын іске асыру үшін жаңа технологияларды, ғылыми жаңалықтарды және математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEAM элементтері білім беру бағдарламаларына енгізілуде.
STEAM аббревиатурасы: S – science, T – technology, E – engineering, A –
art, M – mathematics, немесе жаратылыстану ғылымдары, технология,
инженерия, өнер, математика болып анықталады.
Қысқаша айтқанда, қазіргі заманғы әлемде ең жоғары сұранысқа ие болуда. Бүгінгі таңдағы STEAM-нің дамуы әлемдік білім берудегі негізгі трендтердің бірі болып табылатыны таңқаларлық емес.
STEAM пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолданып оқушыларды оқыту идеясына негізделген. Бес пәннің әрқайсысын бөлек оқытудың орнына STEAM оларды бірыңғай оқыту схемасына біріктіреді.
Сондықтан STEAM-білім беру немесе NTTM (жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы) қазіргі әлемде басым бағыт. Ғылыми және инженерлік мамандарға деген қажеттілікті технологиялық прогреске және инновациялық экономиканың өсуіне бағдарланған мемлекет, сондай-ақ «мамандардың жетіспеушілігі» бар IT-компаниялар екенін мойындайды.
Инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін жетілдіріп, оның келесі мүмкіндіктерін беретіндей көп атқарымды және қолданысқа жарамды болуын қарастыру қажет: - − оқушының оқу материалдарын қаншалықты табысты меңгергенін
- − танымдық іс-әрекет салаларында оқушылардың жетістік динамикасын қадағалап отыруға мүмкіндік беруі;
- − критериалды бағалау жүйесінің талаптарына түзетулер енгізу үшін
- жеке дамыту жұмыстарының нәтижесін ескеріп отыру;
- − оқушының жеке қажеттіліктеріне және оқу бағдарламасының мазмұнын игеру қарқынына байланысты бағалау талаптарына енгізілуі мүмкін
Сұрақтар
1.Арнайы сыныптардағы оқу үдерісінің түріне қарай мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспары және арнайы оқу бағдарламалары.
2. Білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістері мен технологиялары.
3. Инклюзивті білім беру аясында пән бойынша балаларды үйде оқыту мәселелері.
4.«Ағылшын тілі» пәні сабақтарында пәндік терминологияны қолдану дағдыларын жетілдіру және бекіту.
Тапсырмалар
1. Оралман-балалар, аз ұлт отбасыларынан шыққан балалар, соның ішінде мигрант, босқындардың балаларын оқытуда білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша жоба дайындаңыз.
2. Инклюзивті білім беруде оқушылардың жетістіктерін бағалау ерекшеліктерін зерделеңіз.
3. Қосымша білім беру аясында «English club», «Поэзия сүйер қауым», «Шетел музыкасын сүйер қауым» клубтарының, «Балалар театрының» жоспарын әзірлеп, ойыңызды ортаға салыңыз (өз таңдауыңыз бойынша).
Достарыңызбен бөлісу: |