«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»


Инклюзивті білім алу бағытындағы негізгі құндылықтар



бет17/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Инклюзивті білім алу бағытындағы негізгі құндылықтар:
- әр бала – жеке тұлға;
- барлық оқушы білім алуға қабілетті;
- әр баланың қызығушылықтары, қабілеттері мен оқу қажеттілігінің бірегей ерекшеліктері бар;
- кез келген жағдайда оқушыны кемсітуге тыйым салу;
- әркімнің қоғам өміріне қатысу құқығы;
- бір-біріне төзімділік;
- «Алуан түрліліктегі үйлесім» деп түсінілетін толеранттылық рухында
тәрбиелеу (Толеранттылық принциптерінің декларациясы // ЮНЕСКО, 1995 ж.).
Инклюзивті мектептің принциптері:
- барлық қызметкерлер инклюзияның құндылықтарын бөліседі, оң көңілкүймен және өз міндеттерін түсінеді;
- кемсітпеушілік;
- адамның тәуелсіздігі мен жеке дербестігін құрметтеу;
- қол жетімділік;
- қоғамға толық қосу және тарту;
- мұғалімнің, арнайы педагогтың, психологтың, мектеп әкімшілігінің, басқа да мамандардың, ата-аналардың және оқушының өзінің бірлескен (командалық) жұмысы.
Инклюзивті тұрғы – ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды
жаппай мектепте оқыту қиындықтарына бейімдеу емес, бүкіл мектепті
реформалау және осындай білім алушылардың ерекше білім беру
қажеттіліктерін ескеру және әрбір баланы оқу процесіне тарту үшін оқытудың өзге де педагогикалық тұрғыларды қолдану.
Мектептің әрбір педагогы инклюзия – жалпы білім беретін мектепте
ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың физикалық жағынан ғана емес екенін түсінуі және қабылдауы тиіс. Бұл мектептің өзін, мектеп мәдениетін және білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым-қатынас жүйесін өзгерту, педагогтар мен мамандардың тығыз ынтымақтастығы, ата-аналарды баламен жұмыс істеуге тарту.
Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен
мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге
асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі («Білім туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 1-бабының 39-тармағы).
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру
қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады («Білім туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет