«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»



бет7/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Тәжірибелік маңыздылығы

  • Тәжірибелік маңыздылығы
  • Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:

  • - жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
  • - оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
  • - бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
  • - өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
  • - оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Критериалды бағалаудың пайдасы:
Мұғалімдер үшін:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушылар үшін:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әректінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата – аналар үшін:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет