«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»


Функционалдық сауаттылық дегеніміз



бет4/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Функционалдық сауаттылық түсінігі


«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды.Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі

Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға 7 фактор әсер етеді:

1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

2) оқыту нысандары мен әдістері;

3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;


5) мектепті басқару моделі қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі;
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Сұрақтар:
1.Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру (дәлелдер келтіру, жалпы сыныптық, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, диалог әдісі, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды ұсыну, эссе жазуға үйрену).
2. Жалпыеуропалық құзырет аясында бастауыш сыныпта агылшын тілін оқытудың және сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері. 1-3 сыныптарға арналған оқу жоспары бойынша сабақтарды жоспарлаумен байланысты ұсыныстар.
Тапсырмалар:
1. Негізгі орта білім беру сатысында (9 сынып) «Шетел тілі» пәнін оқытуда функционалдық сауаттылықты, мәдениетаралық қатысым қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындаңыз. Осы сатыда ұсынылатын бақылау жұмыстарының мазмұнын талдаңыз.Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормаларымен танысыңыздар.
2. «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жалпы орта білім сатысында (10-11 сыныптар) шетел тілінде бейіндік оқытуды жүзеге асырудың ерекшеліктерін сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет