Орта мерзімді жоспарлау


Орта мерзімді жоспарлау бойынша



бет12/13
Дата04.09.2023
өлшемі0.61 Mb.
#476460
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
A есебі Калиаскарова

Орта мерзімді жоспарлау бойынша:


Орта мерзімді жоспарлаулауға тізбектелген 4 сабағымды енгіздім. Олар: «Зерттеу: түсінігі, кезеңдері, формалары» - 1 сағат, «Түбі бір түркі халықтары» топтық зерттеу жоба жұмысы – 3 сағат. Осы 4 сабақ аясында «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы бойынша ұсынылған 7 модульді кіріктіріп, сабақтарды өткізуді жоспарладым. Бағдарлама модульдері: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; оқытудағы барқару және көшбасшылық.
Бұл жоспарлаған 4 сабақ 24 сағаттан тұратын «Қарама-қайшылықтар мен ынтымақтастықтар» атты 2-ші юниттен алынды. Бұл юнитте жалпы түркі мемлекеттерінің пайда болуы, құрылуы, дамуы, әлсіреуі қарастырылады. Осы юнитте өтетін тақырыптар және оқушылардан алынатын қорытынды бақылау жұмыстары басты бір идеядан бағыт алуы тиіс. Ол, юниттің зерттеу идеясы: белгілі бір уақыт аралығындағы қарама-қайшылықтар мен ынтымақтастықтар нәтижесінде өзгеріске ұшыраған елдердің ортақ құндылықтары сақталуы мүмкін. Яғни, осы идея юниттің соңыеда мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде дәлелденуі қажет. Мен орта мерзімді жоспарлауда көрсеткен 4 сабаққа дейін оқушылар «Түркілер бастауын қайдан алады?», «Түрік қағанатының құрылуы», «Түрік империясы күшеюі», «Түрік империясы әлсіреуі», «Түрік империясы ыдырауы», «Атлах шайқасының себептері», «Атлах шайқасының салдары», «Атлах шайқасының тарихи маңызы» атты тақырыптарды қарастырып, талдап, оқып шықты. Ендігі кезекте мен осы тақырыптарды байланыстыра отырып, юниттің зерттеу идеясын басты нысанға алып, оқушыларға «Түбі бір түркі халықтары» топтық зерттеу жоба жұмысын жүргізуді жоспарлап, қажетті дағдыларға үйретуіміз қажет болды.
Оқушыларға зерттеу дағдылары мен әдістерін үйретіп алғаннан кейін, жобаның «орта ғасырдағы түркі халықтары бүгінгі түркі тілдес халықтардың ұлт ретінде қалыптасуына қаншалықты ықпал етті?» атты проблемалық сұрағына жауап беру үшін оқушыларды топқа бөліп, әрқайсына тиісті зерттеу нысандары беріледі. Оқушылар зерттеу нысанын ұсынылған елдер мен аймақтардың ішінен таңдап алады: Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Татарстан, Ұйғыр Автономиясы. Яғни, зерттеу барысында осы мемлекеттердің бүгінде өмір сүруіне ортағасырлық түркі мемлекеттері қалай әсер еткенін зерттеу арқылы, өнім жасап дәлелдеуі керек.
Жұмыс барысында оқушыларға екі тапсырма беріледі. Олар: топтық жұмыста «Орта ғасырдағы түркі тілдес халықтардың бүгінгі түркі тілдес халықтардың қалыптасуына ықпалы» тақырыбына журнал және жекелеме жұмыста зерттеу жұмысы бойынша рефлексивті есеп дайындайды. Жұмыстың негізгі орындалу кезеңдері жүйелі түрде түсіндіріліп, ұсынылады.
Осы орта мерзімді жоспарлауда жеті модульдің барлығы көрініс алады. Мысалы, бірінші «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша топтық жұмыста оқушылардың «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар: дағдылар мен міндеттердің сәйкес келуі (алаңдау, ағын, зерігу) ескеріліп, жоспарланған (МАН, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2016); екінші «сыни тұрғыдан ойлануға үйрету» модульі бойынша оқушылар таңдалынып алынған зерттеу нысандарына ақпарат жинау арқылы зерттеу сұрағын құрастыру, ақпаратты сұрыптау, тұжырымдау жұмыстарын атқарып, қажетті дағдыларын дамытады; «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульі бойынша оқушылар зерттеу жұмысы барысында рефлексивті жазба күнделігін жүргізу арқылы жұмыс процессіне өзіндік баға береді, талдама жазады; «оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану» модулі бойынша оқушылар зерттеу нысандарына қажетті ақпаратты жинақтауда әр түрлі интернет ресурстарын пайдаланады және де өнімді дайындауда журнал жасайтын әр түрлі цифрлық программаларды, білімді тексеруге арналған онлайн ойындарды пайдалану дағдыларын дамытуды; «талантты және дарынды балаларды оқыту» модульі бойынша зерттеу барысында топта жұмыста идеяларды дамытып, жобаға жаңа ерекшеліктер қоса алады және рефлексивті жазба жұмысында ерекше идеялар жаза алады; «оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модульі бойынша топтарға бөлу барысында алдын-ала мектеп психологтарымен жүргізілген бақылау барысында алынған ақпараттар мен осы сабақтарға дейінгі мұғалімнің жеке бақылауына сүйене отырып психологиялық ерекшеліктері сәйкес, бірін-бірі дамытып, бірлесіп жұмыс жасай алатын оқушыларды бір топқа біріктіру жұмысы жоспарланды; «оқытудағы барқару және көшбасшылық» модулі бойынша зерттеу барысында топта рөлдерді бөлуде, мұғалім тарапынан берілген ақпаратты топ мүшелеріне түсіндіруде сынып ішінде ұйымдастырушы, орындаушы, интеллектуал көшбасшылары анықталады (МАН, «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2016) деп жоспарланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет