-Бүгінгі сабақта толқындық қозғалыс деген не, қандай шамалармен сипатталатынын білетін боласыздар.
Тербелістердің ортада таралу процесін толқындық қозғалыс деп, ал өзара байланысып тербелетін материялық нүктелер жиынтығын толқын деп атайды.
Толқындық қозғалыс кезінде кеңістіктің бір аумағынан екінші аумағына бөлшектер емес энергия тасымалданады.
Пайда болу табиғатына қарай толқындар механикалық және электромагниттік болып бөлінеді. Механикалық толқындарға механикалық тербелістердің серпімді ортада таралу процесі жатады. Ал электромагниттік толқындар бір-бірімен байланысқан айнымалы электр және магнит өрістерінің кезекпен өзгеруі.
Ортаның бөлшектері толқындардың таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеліс жасаса, толқындар көлденең деп аталады.
Ортаның бөлшектерінің тербеліс бағыты толқындардың таралу бағытына сәйкес келсе толқындар бойлық деп аталады.
|