ОрталығЫ «Физиканың негізгі заңдары» қолданбалы курс



бет2/28
Дата20.02.2024
өлшемі321.75 Kb.
#492509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
«Физиканың негізгі заңдары» 11 СЫНЫП КОЛДАНБАЛЫ КУРС (1)

Курстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі.
Курстың өзектілігі физиканың негізгі заңдарын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Курстың мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, техникамен және ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету; пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және іздемпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі физикалық мәселелерді өз білім, білік, дағдыларын пайдаланып тиімді
шеше білуді үйренуге, мақсаткерлік, еңбекқорлық, жауапкершілік секілді қасиеттерін қалыптастыруда жұмыстар жүргізу.


Міндеті:


  • Мектеп оқулығындағы теорияларды кеңінен қарастыру;

  • Осы теорияларды пайдаланып деңгейлік есептерді шығару;

  • Деңгейлік есептерді шығарудың тиімді әдістерін меңгерту;

  • Оқушылардың білімін тереңдету және жүйелеу;



Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:


  • физикалық заңдардың қолданылу шегі болатынын түсіну;

  • практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп алған нәтижені бағалай алуға және осы заңдылықтарға есептер шығара білуге үйрену.



Күтілетін нәтиже:


  1. Оқушылардың білімі, іскерлігі мен есеп шығару дағдысы анықталады;

  2. Физиканың негізгі заңдарын есеп шығаруға қолдана біледі;

  3. Физикалық заңдардың оқылуы мен формулалардың жазылуын біледі;

  4. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;

  5. Ұлттық бірыңғай тестілеу есептерін өз бетімен шығара алады.

Қолданбалы курстың мазмұны 11 сынып. Барлығы 68 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет