Осы мақсатқа жету үшін алдымызға талапқа сәйкес келесі міндеттерді қойдық



бет4/16
Дата22.11.2022
өлшемі94.1 Kb.
#465465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Ельдар Хамитов ООД

1.4. Өрт сөндіру құралдарын таңдау




Өрт сөндірудің нормативті параметрлері болып табылады:



  • берілген жанғыш заттар мен материалдарды сөндіруге әртүрлі өрт сөндіру заттарының жарамдығы;

  • берілген әдіспен берілген заттар мен матреиалдарды сөндіру үшін қажетті өрт сөндіру заттарының үдемелі мөлшері;

  • сөндіру уақыты;

  • өрт сөндіру заттарын берудің интенсивтілігі.

  • зауытта сақталатын қоймасында жанғыш материалдарға төмендегілер жатады:

  • стеллаждардың ағаш төсенділері;

  • тауарлардың жанғыш орамасы;

  • тігін және жеңіл тамақ өнеркәсібінің өнімдері.

Өртті сөндіру үшін әртүрлі өрт сөндіру құралдарды пайдаланады. Суды және ылғалдандыру сулы ерітінділерін шатырды, көрші бөлмелерді қорғауға және т.б. өрттерді сөндіру үшін пайдаланады.
Қойманың аз ғана ауданында көп мөлшерде жанғыш материалдардың сақталуы, өрттің тез тараулына алып келеді. Статистика бойынша тауарлар сақталатын қоймаларда өрттің сызықтық таралу жылдамдығы 0,5-1,2 м/мин аралығында.
Өртті сөндіру үшін жанып жатқан материалдар мен заттарды суыту әдісі тиімдірек. Суыту жылдамдығы өрт сөндіргіш заттың түріне, жылу қабылдау коэфициентіне және температура айырмашылығына байланысты. Сыйымдылығы өте үлкен сұйықтықтарды қолданған ыңғайлы. Осындай өрт сөндіргіш зат түріне су жатады. Су өртке қарсы қызметінде қолданылатын ең көп тараған өрт сөндіргіш б.т. су өзінің арзандығы мен жеткіліктігіне қоса жылу сыйымдылығы өте жоғары, жоғары булану жылуы, қолдануға ыңғайлылығы, суды шашыранды, жинақы және өте жінішке шашыранды ағын қылып шашуына көмектеседі. Негізгі өрт сөндіргіш қасиетіне судың жанып жатқан затты жану температурасынын төмен температураға дейін суыта алуы жатады. Су жылуды бойына сіңгірген соң, жылуды булануға жібереді. Судың жылу сыйымдылығы 4,19 Дж/кггард. Өрт сөндіру кезінде су буға айнала отырып (1 литр судан 1700 литр бу шығады), су байланысқа түсетін заттарды айырады.
Судың төмен жылуы жанып жатқан материал бетінде сенімді жылу изоляциясын жасайды. Судың өте жоғары термиялық тұрақтылығы оны (1700 Со-та бөліне бастайды) көптеген қатты заттарды өшіруге қолдануға мүмкіндік береді, аз тұтқырлықты және сығылуы да аз ғана, бу мен газдардың концентрациясын баса алады, аэрозольдарды жұтады. Өрт сөндіру мақсатында қолдануға жеткілікті, көптеген заттар мен материалдар инертті келеді.
Судың негізгі кемшіліктеріне электр өткізгіштігі, жоғары беттік тартылуы (0,07275 Дж/м2) жатады және соңғы кемшілігіне байланысты жанып жатқан материалдарды нашар сулайды. Беттік тартылуын сіңдіргіш заттарды қосу арқылы төмендетуге болады. Сіңдіргіштерді судың беттік тартылуын сіңдіргіштерді қосу арқылы 0,0364 Дж/м2 дейін төмендетуге болады. Осы түренде су жақсы сіңгіш қасиетке ие болады. Сіңдіргіш заттар араласқан су қоспалары, судың шығындалуын 30-50 %-ға төмендетеді.
Ең көп тараған сіңдіргіш ретінде КТ-1 көбіктендіргіші есептеледі, оның суға қатысты тиімді мөлшері 3,5-4 %.
Өрттің сәтті өшіруіне әсер ететін маңызды факторға судың берілу интенсивтілігі жатады. Өрт сөндіргіш заттардың берілу интенсивтілігін 0,2 л/см2 тең деп аламыз.
Қорытынды: «Береке бірлік» ЖШС-да өртті сөндіруге өрт сөндіргіш зат ретінде сіңдіргіш қосылған суды аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет