Осы мақсатқа жету үшін алдымызға талапқа сәйкес келесі міндеттерді қойдық


Құрылыс конструкцияларының күйінің өрт жағдайында өзгеруі



бет6/16
Дата22.11.2022
өлшемі94.1 Kb.
#465465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Ельдар Хамитов ООД

2.2 Құрылыс конструкцияларының күйінің өрт жағдайында өзгеруі


Өнімдер сақталатын қоймадағы өртті сөндіру кезінде есікті, терезені жабу-ашу арқылы газ ағындарының бағытын өзгертуге болады.


Өнімдер сақталатын қоймадағы өртті сөндіру кезінде жалын стеллаждар бойымен тарап, тірек конструкцияларының деформациясына, ал бұл өз кезегінде жабын конструкцияларының құлауына алып келеді.
Өнімдер сақталатын қоймадағы өртті сызықтық таралу жылдамдығы 0,5-1,2 м/мин аралығында. Жану процесі ауаның көп келуінен интенсивті түрде дамиды. Өрттің даму көлеміне қарай бөлмедегі температура қатты жоғарылайды және металлды фермаларға зиянын тигізеді. Металл фермалардың қорғансыз жерлерінің өрт төзімділігі 0,25 сағат шамасында. Демек, ӨСБ-11 бірінші бөлімшесі келгенше, яғни өрт п.б. 12 минут өткеннен кейін, өрт сөндіруге жұмылдырылған оқпандармен қатар, тірек конструкцияларын мұздатуға қуатты су оқпандарын беру керек. Суытуға берілген судың берілуі 0,01-0,3 л/с м2.
Өрт кезінде бетонның қасиеттері.
Бетон — құрылыс материалдарының негізгі түрі. Оны қасиеттерін: тығыздығын, жылу өткізгіштігін, мықтылығын өзгертуге болатындығына байланысты және одан түрлі жиналмалы, құрастырмалы монолитті конструкциялар, бұйымдар жасауға болатынына байланысты өте бағалы материал б.т. Бетон құрылыс өнеркәсібінің азаматтық, өндірістік, гидротехникалық, жылу энергетикалық, жол және басқа да ірі салаларында кеңінен қолданылады.
Қарастырылып отырған нысанның тірек конструкциясы ретінде қарапайым темірбетондар қолданылады.
Бетонның жоғары температура әсер еткендегі күйі оны құрайтын негізгі параметрлер цемент тасы және толтырғыштарға әсер етуіне байланысты.
Жоғары температураның әсерінен қатып қалған цемент тасы құрамындағы барлық судың түрінен (еркін, физикалық және химиялық байланысқан) айырылады, ал бұл цемент тасының құрылысының бұзылуына, беріктігінен біртіндеп айырыла бастайды, негізінен кальций алюминаты. Одан әрі 550 °С-қа жеткенде кальций гидроқышқылының дегидратациясы жүреді және кальций оксиді түзіледі. 900 °С-қа дейін қыздырғанда цемент тасы толығымен беріктігінен айырылады. Цемент тасының қызуға төзімділігін арттыру үшін портландцементке белсенді майда құмдақ қосымшаларды қосу арқылы жетеді. Бұл қосымшалар (мысалы, шамот, цемянка және т.б.) цемент тасының қызу арқылы дегидратталған минералдарымен затты күйінде реакцияға түсе алады. Реакциялар нәтижесінде сусыз қосылыстар: анортит, ранкинит және т.б. түзіледі.
Құмдақты қосымшалардың үлестік мөлшері арласқан цемент ерітіндісінің 30 %-нан кем болмауы тиіс.
Келтірілген құмдақты қосымшалардың жоғары температурадағы күйлерін сол қосымшалардан жасалған тас материалдарынан байқауға болады.
Байқағанымыздай цемент тасы қызғанда отыра бастайды, ал толтырғыштар температураның әсерінен кеңейе бастайды. Толтырғыштың температуралық ұлғаю коэфиценті көп болған сайын, бетон ішіндегі кернеу артады, соның әсерінен цемент тасы мен толтырғыш арасындағы байланысы әлсірейді. Цемент тасы үшін ең көп тараған толтырғыштарға силикат және карбонат тау породалары жатады. Бұрын байқалған қасиеттерді бақылағанда кремний диоксиді бар (кварц) тау породалары, яғни силикат породалары 575°С-та көлемі секірмелі түрде ұлғаяды, ал карбонат породаларының, мысалы әк тастар салыстырмалы түрде температуралық деформациясы аз болады. Сондықтан әк тас арласқан бетон, силикат арласқан бетонға қарағанда өрт жағдайында температура әсеріне төзімді келеді. Бұл факт нормаларда көрсетілген. ҚР ҚНжЕ сәйкес карбонатты толтырғыш негізінде жасалған құрылыс бетондары, силикатты толтырғыш негізінде жасалған бетондарға қарағанда нормалық өрт төзімділігі 10 %-ға жоғары.
Темірдің өрттегі күйі.
Металлдардың бәріне ортақ бір қасиет бар. Ол металл қызғанда жұмсарып, суығында қатайуы. Егер де металлдар бұл қасиетінен құр болғанда, кең көлемдегі қолданысқа жетпес еді. Бірақ металлдардың бұл қасиеті өрт кезінде үлкен кемшілігі де болады. Өрт кезінде металлдар температура әсерінен деформацияланып, металлдан жасалған конструкциялар құлай бастайды.
Тірек қызметін атқаратын болат және темірбетонды конструкциялардың өрт төзімділігін анықтау үшін құрылыс болаттарының физикалық-механикалық қасиетін білу қажет.
Өрт кезінде конструкция температурасы уақыт бойынша өзгеретіндіктен mt коэфицент мәні де өзгереді. Беріктігінің өзгеруінің температуралық коэфициентінің мәні критикалық болып есептеледі, егер металлдың беріктік шегі қызған кезінде конструкция бойындағы жұмыстық кернеу мәніне дейін төмендесе, бұл жағдайда конструкция құлайды. Осындай жағдайға келтірген температура мәні критикалық мән деп есептеледі.
Өрт кезінде Т0,625 болғанда, яғни қосымша беріктік қасиеті 1,6 тең болғанда 25Г2С маркалы аз легирленген болат жақсы қасиеттер көрсетеді. Осы болаттан А-ІІІ классына жататын, асқын температурасы 570 °С арматура жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет