Осы мақсатқа жету үшін алдымызға талапқа сәйкес келесі міндеттерді қойдық


Өрт кезіндегі жарақаттанғандарды көшіру уақытының есебі



бет9/16
Дата22.11.2022
өлшемі94.1 Kb.
#465465
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Ельдар Хамитов ООД

Өрт кезіндегі жарақаттанғандарды көшіру уақытының есебі.

Сол мәліметтерге сүйене отырып мобильді емес адамдар шамамен 30% болады (үрей қорытындысында), көшіру уақытын есептеуге болады:


1.Көшіру жолдарының ұзындығын табамыз:


Ғимараты 2п қабатты, яғни 2 қабаттан бірінші қабатқа дейін баспалдақ маршы бойымен жүріп өту қажет, ең алысы нүктеге дейінгі арақашықтық 120 м тең.
2.Мобильді емес жарақаттанғандардың санын табамыз:

Nн.п. = (Nобщ /100)*30 = 30адам


мұндағы:


Nн.п – мобильді емес жарақаттанғандардың саны
Nобщ – жарақаттанғандардың жалпы саны.



  1. Бір жарақаттанғанды көшіру уақыты тең:

τэ = 2*Lэ.п./ Vп.п. = 2*65/95 = 1,36 мин.


τэ – бір жарақаттанғанды көшіру уақыты;


Lэ.п – көшіру жолдарының ұзындығы;


Vп.п – жарақаттанғандарда тасымалдау жылдамдығы.

Егер 30 секундтан үзіліс жасаса, онда жұмыс қабілеттілікті 10 минутқа дейін сақтауға болады.



  1. Он минут ішінде екі құтқарушы 7 жарақаттанғанды шығарады:

Nэ.п. = τрэ = 10/1,36 = 7,35





  1. Бөлмедегі орташа көлемді температураның өсуін ескеруімен жарақаттанғандарды көшіру уақыты 4 мин-қа дейін қысқарады.

  2. Сонда: Nэ.п. = τрэ = 4/1,36 = 3 оқпан

  3. Жарақаттанғандарды көшіруді жүргізу үшін персонал санын анықтаймыз:

Nл.с. = Nн.п. / Nэ.п. = 30/3 = 10 пар – 20 адам




2.5. Өрттің дамуы және сөндіру ерекшеліктері

Өрт – сауда кешендерінде қызмет көрсету қызметкерлер жоқ кезде пайда болады және өрт бөлімшелері жеткенше үлкен көлемді алып үлгіреді. Зауыт кешендерінің қоймаларында сақталатын материалдардың қажетін ескере өшіру заттарының және тәсілдерінің қатаң түрде дұрыс таңдалуын қажет етеді. Бөлімшелердің қимылдары темір есіктерді, ауыр жапқыштарды және темір торларды бұзудың қиындығына байланысты жиі-жиі үлкен кедергілерге тап болады.


Зауытта өрт пайда болғанда барлау жұмыстарының негізгі тапсырмаларымен қатар ӨСЖ адам өміріне қауіпті жағдайларды анықтап, қажетінде оларды құтқару, эвакуациялау жұмыстарын жүргізу қажет және өрттің таралу бағыттарын, бағалы тауарлардың эвакуациясын, оларды орналастыру орындарын, қызмет көрсету персоналының тасу құралдарының жарамдылығын анықтау қажет.Өртке келгенде дереу қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады және барлау кезінде олармен міндетті түрде кеңеседі. Өрт дамуы кезінде барлауды бірнеше бағытта жүргізеді, яғни сауда залы беткейінен, әкімшілік және қосалқы бөлмелер жағынан жүргізеді. Егер зауытта тұрғын үй ғимаратының бірінші қабатында орналасса, онда барлауды екінші қабаттағы пәтерлерде жүргізеді. Жанып жатқан зауыттың бөлмелері арқылы өтіп жатқан сантехникалық коммуникация және вентиляциялық каналдарды мұқият тексереді. Қоймада өрт болғанда барлау арқылы және қызмет көрсету персоналынан сұрастыру арқылы материалдардың сақталу қасиетін, жалынның көршілес секцияларға таралу мүмкіндігін, сақталатын заттар мен материалдардың эвакуациялау тәртібін анықтаймыз.
Өрт автомобильдерін және жеңдердің сызықтарының жайылуын зауыт, өртті тез өшіретіндей және қоймаларды қорғайтындай етіп орналастырады.
Оқпандарды енгізетін негізгі кірістер ретінде зауыт қоймасы жағындағы терезелер, есіктер, баспалдақ торлары, ал зауыттың ауласы жағынан қызмет кірістері, стационарлы өрт сатылары болады. Жең таралу жаиылымдарын салуға резиналы жеңдер қолданылады. Өртті сөндіруге әдетте жабылмалы РСК-50 және шашыратқыш оқпандар қолданылады, ал дамыған өрт жағдайларында және шашыратқыш оқпандар қолданылады, ал дамыған өрт жағдайларында және конструкция жанғыш материалдан болғанда РС-70 оқпаны қолданылады.
Қоймалардағы өртті сөндіруге есіктер, қақпалар, терезелер арқылы РС-70, РСК-50 және шашыратқыш оқпандар енгізіледі. Терезедегі темір торларды арнайы қайшымен немесе өрт машинасымен алып тастайды.Өрт бөлімшелерінің өртке келгенде ең басты маңызды тапсырмаларына сауда кешенінің жанып жатқан бөлмелерінен тауарларды дер кезінде аман алып қалу болып табылады. Эвакуациялау жұмысын ұйымдастыру үшін ӨСЖ тәжірибелі командирді тағайындап, оның қарамағына күш пен құралдардың бір бөлігін береді. Материалдарды эвакуациялауға қызмет көрсету персоналын, жауынгерлік бөлімдерді және оқу орындарын тартады. Эвакуациялау кезінде барлық қолда бар транспорт механизмдерін, жүк лифтілерін, көтергіштерді, электрокарларды және т.б. қолданады.
Бірінші кезекте аса бағалы тауарларды, су тигенде жарамсыз болып қалатын заттар, жарылуға, токсигенді заттар бөлуге бейім материалдар эвакуацияланады.
Бүкіл зауыт ауласына немесе қауіпсіз орындарға көшіреді және басына күзет орнатады. Зауытта және қойма бөлмелеріндегі өртті сөндіруге су, сулатқышы бар су, ауа-механикалық орта еселікті көбік және арнайы өрт сөндіру заттары қолданылады. Су оқпандарының санын, су ағынының интенсивтілігіне қарай анықтаймыз. Ол 0,2 л/(м2с), тең. Ал ауа-механикалық генераторлар санын, көбік жасайтын ерітіндінің сумен арласқандағы көбігінің берілу интенсивтілігіне қараймыз. Ол 0,1 л/(м2с). Зауыт, бөлмелерінде және басқа да биік, көлемді бөлмелерді өшіруге компактілі су ағыны, ал дүкен қоймаларында – шашыранды су ағынын қолданады. Мата, талшықты мата, тігін материалдарын өшіргенде – суалтқыштарды, ал жеңіл тұтанғыш заттарды, аэрозольді қаптамалардағы заттарды өшіргенде орта еселікті көбікті қолданады.
Қосымша бөлмелер жанғанда негізгі күштерді жанып жатқан бөлмелерге, ал резервтегі күшті зауытты қорғауға жұмылдырылады. Ал тұрғын үй ғимаратының бірінші қабатындағы зауыт кешені жанғанда негізгі күшті өрт сөндіруге, резервтегі күшті жоғарғы қабаттағы пәтерлерді қорғауға жұмсайды. Қоймалар жанғанда негізгі күшті оны өшіруге, қосымша күшті әрбір жертөледе пәтерге баратын технологиялық қуыстарға жұмсайды.
Су және көбік ағындарын стеллаждар, штабельдер және витриналар арасындағы өтпе жолдар бойымен шашады. Зауыт кешендерінде өрт сөндіргенде ескеретін жайт, судан жарамсыз болып қалатын тауарлар сақталатын бөлмеге құйылған артық су үлкен материалдық шығынға алып келеді. Сондықтан сөндіру жұмыстарына жабылмалы оқпандар, шашыратқыш оқпандар қолданылады. Жанбайтын стеллаждардағы, штабельдердегі материалдарды брезенттермен, жабындармен жауып қояды. Еденге қойылған материалдар мен тауарларды суға малтпас үшін, оларды қоршап ағаш үгінділерінен төбешік жасайды. Өрт сөндірумен бір мезгілде құйылған суды жинау жұмыстары да жүргізіледі. Ұрыс алаңдарын зауыт кешенінің зауыт бөлмелерінің жағынан, қойма, қосылмас бөлмелер жағынан, көп қабатты ғимараттарда баспалдақ торларынан, көршілес жатқан ғимараттар жағынан ұйымдастырады. Қатты түтінденген бөлмелерде өртті ГТҚҚ звенолары көмегімен өшіреді және оларды ауыстырып тұруға резерв құрады. Өрт сөндіру кезінде мүмкін болатын жарылыстардан, жалын ұшқындарын, стеллаждар мен штабельдерден қорғану шараларын ойластыра білу керек.




3 Жылжымалы өрт техникасымен өрт сөндіруді ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет