Осы мақсатқа жету үшін алдымызға талапқа сәйкес келесі міндеттерді қойдық


Жарақаттанғандарды көшіру бойынша ұсыныстар



бет8/16
Дата22.11.2022
өлшемі94.1 Kb.
#465465
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Ельдар Хамитов ООД

2.4. Жарақаттанғандарды көшіру бойынша ұсыныстар

Барлық зауыт кешендерінің мекемелері адамдар көп жұмыс жасайтын нысандарға жатады, ал өртке қарсы қызметінің ең басты міндеті – бұл жарақаттанғандардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мәселені шешу өзінің спецификациясының барымен үлкен қиындық туғызады.
Көшіруге қажетті уақыт - өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде туындайтын өрттің қауіпті факторларының пайда болу факторлары. Көшіруге қажетті уақытты анықтау үшін өрттің қауіпті факторының шекті мағынасын білу қажет, сонымен қатар бұл мағыналардың өрт кезінде туындау уақытын анықтауды білу.Өрттің қауіпті факторлар қатарына орта температурасы, сәулелі ағындар, улы жану өнімдері және түтіндеу қорытындысында көру жоғалуы жатады.
Ресей федерациясының ТЖК МӨҚҚ Мәскеу Академиясында жарақаттанғандарды көшіру бойынша кейбір параметрлерді анықтау бойынша бірқатар эксперименттер жүргізілді. Мобильді емес адамдарды көшіруді зерттеу бойынша эксперименттің бірінші сериясының қорытындысы бойынша (қысылмаған бос жағдайда қозғалыс параметрлері анықталды), зембілде жатқан адамдарды тасу жылдамдығы және қозғалыс жылдамдығына зембілдің адаммен мәнге сәйкес салмағының әсері туралы мәлметтер алынды.
Мақсатқа келесі мәліметтерді алу қойылды:

  • зембілде адамдарды тасудың шекті жылдамдығын (бұл қозғалыс жүгіріп орындалады деп жобаланды);

  • көшіру жылдамдығының жағдайын келтіріп зембілде адамды тасу орташа жылдамдығын;

  • баспалдақ бойымен жоғары қозғалу жылдамдығын;

  • баспалдақ бойымен төмен қозғалу жылдамдығын;

  • қозғалыс жылдамдығының төмендеуіне зембіл салмағының әсерін;

  • зембілда көлденең адамды тасуға болатын шекті арақашықтықты.

Көлденең бойынша қозғалыс кезіндегі қажетті параметрлерді анықтау үшін сәйкес түрде эксперимент өткізу үшін алаң белгіленді және таңдалды. Жүргізуші бұйрығы бойынша зембілде жатқан адамдарды тасу үшін №1 бақылау нүктесінде адамдардың қозғалысы басталды. Тасымалдау қозғалысты жалғастыру мүмкін болмағанша жасалады. Бақылау аймағында қозғалыс уақыты белгіленіп отырған бақылау бекеттері арқылы шеңбер бойымен қозғалыс болды. Шеңбер ұзындығы 100 м құрайды, пункттер арасындағы арақашықтық – 50 м, қозғалыс уақыты ұзындығы 50 м әр аймақта белгіленіп отырды. Қозғалыс уақытының мәнін алып, аймақтағы қозғалыс жылдамдығы анықталып отырды. Әр бақылау аймағындағы қозғалыс жылдамдығын салыстыра отырып жұмыс уақытына байланысты құлау жылдамдығының көлемі анықталды. Содан басқа зембілде жатқан адамды тасудың мүмкін шекті арақашықтығы анықталады. Осындай схема бойынша бір қатар эксперименттер жүргізілді.
Баспалдақ бойымен қозғалыс жылдамдығы қозғалыс уақытына жол ұзындығын бөлумен анықталды. Жұмыс қабілеттілік келесі түрде анықталды. Зембілде адамдарды көшіретін адамдар мобильді емес адамдарды 2 қабатқа (келесі циклдерде 4, содан 6 және 8 қабаттарға, басқа серияларда төмен) орналастырады және кезекті мобильді емес адамға қайтып оралады, қозғалу мүмкіндік шегіне жеткенге дейін. Бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан әр бақылау нүктесінде қозғалыс (жылдамдық) уақыты белгіленіп отырды. Әр шеңберде жылдамдықтарды салыстыру қорытындысы бойынша жылдамдық көлемінің төмендеуі анықталып отырды.Жүргізілген эксперимент қорытындысы бойынша келесі мәліметтер алынды:шекті жылдамдықтың (жугіру) орташа мағынасы – 140 м/мин;
адыммен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы -95 м/мин;
баспалдақ бойымен төмен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – 65 м/мин;
баспалдақ бойымен жоғары қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – м/мин;
шамамен 350 м құрайтын адамды зембілмен тасығандағы көлденең бойынша орташа арақашықтық.Алынған мәліметтердің анализі мобильді емес адамдарды көшірудің физикалық аспектілері туралы келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.Үзіліссіз қозғалыстың шекті уақыты – адамдарды зембілде тасу – 2-3 мин. құрайды; көп емес үзілістермен (5-10 с) – 5 мин; ұзақ үзілістермен (30 с дейін) – 10 мин.
Жұмыстың 10 минуты өткеннен кейін жұмыс қабілеттіліктің тез төмендеуі бақыланады, қорытындысында жұмыс жасауға болады, бірақ ағза функциясының бұзылуына қауіп төнуімен байланысты немесе ұзақ үзілісті қажет етеді. Қозғалыс жылдамдығының төмендеуі 1 мин жұмыс ішінде (адамды зембілда тасу) шамамен 10% құрайды.Жүкті тасу адам қозғалысының жылдамдығына қатты әсер етеді, осының қорытындысы болып адамдардың физикалық дайындық деңгейінен қозғалыс жылдамдығы байланыстылығы табылады.
Барлық эксперименттерді жүргізуде Ресейде МӨҚҚ Мәскеу Академиясының I-IV курс курсанттары анықтаған, сондықтан алынған жылдамдықтардың мағынасы мобильді емес адамдарды шынайы көшіру процессі үшін сипатты болмайды. Дұрыс қолданулар үшін және алынған мәліметтерді салыстыру үшін дұрыстау коэффициентін енгізу қажет.
Физикалық дайындық тәлімдемесінде келтірілген күшті кешенді жаттығуларды орындау бойынша нормативтерді қайта есептеу және анализ түсіндірілуінде, орташа (көшірілетін адам кез-келген жыныста және жаста болуы мүмкін) жылдамдықтың алынған мәліметтерін 0,58 коэффициентіне көбейту керек.
Көшіру жолдарының өлшемдері мен жарақаттанғандарды көшіру жылдамдығының арасында тікелей байланыс бар. Бұл байланыс негізінен мобильді емес адамдарды көшіру кезінде бақыланады. Коммуникациялық жолдар жолдар өлшемі мен зембілдер арасындағы байланыс меңгерілген және жобалы шешімдерде өзінің бейнесін табады, бірақ жобалау үшін және басқа тексеру шешімдері үшін мұндай мәліметтер жоқ. Бұны орындау үшін моделдеу әдісімен зерттеу жүргізілді.
Эксперименталды қондырғы өз алдына 1:25 масштабты белгі салынған жалпақ ағаш бетін ұсынады, масштабты номенклатуралардың моделі және қоршау конструкциялары орындалған.Баспалдақ маршы бойымен жолдың көлденең қозғалысы кезінде «адам – зембіл – адам» жүйесінің маневрлеу жүйесі зерттелді.Бізді қызықтыратын баспалдақ торларының жоспарлау шешімі ғимараттан ғимаратқа өзгермейді. Көлденең аймақ бойынша қозғалыс жолдарының коммуникациялық схемасы әртүрлі, бірақ барлық кездесетін схемаларды қарастыру мүмкін еместігінен барлық ғимараттардың жоспарлы схемасында кездесетін көбіне типтілер бізбен қарастырылды.
Көлденең аймақ. Ауызша баяндамада ұсынылған көлденең жол бойымен қозғалысты модельдеу кезінде алынған қорытындылар кестеде келтірілген.Зембіл 1800 айналу үшін дәліздің минималды ені 2,4 м құрауы керек.Баспалдақ бойымен қозғалу. Бірқатар құжаттардың нормативті талаптарын орындау кезінде «...баспалдақ алаңының ені марш енінен кем болмауы керек» және ҚНжЕ 2.02-05-2002 «баспалдақ марштарының арасындағы арақашықтық 75 мм кем емес» кедергісіз зембілерді тасымалдау үшін баспалдақ маршының ені 1,2 м кем болмауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет