Осы сабақ білім алушылардың


БИНГО Қалыптастырылатын дағдылар



бет20/194
Дата26.01.2023
өлшемі2.71 Mb.
#468775
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   194
белсенди адистер-1

БИНГО


Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс істей білу.



Жалпы сипаттама

Бұл әдіс жаңа топтардың мүшелерін жақындастыратын, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе қарым-қатынас дағдыларын дамытудың амалы ретінде пайдаланылады. Ол қозғалып жүріп-тұруды, қарым-қатынас жасауды және басқа да көптеген жағдайларды талап етеді.




Сыныпты жоспарлау
Қозғалу және қарым-қатынас жасау ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік керек.


Жұмыс алгоритмі



  1. Әр адамға тоғыз, он екі немесе он алты шаршыға бөлінген Бингоға арналған карточка беріледі.




  1. Әрбір шаршыда тақырыпқа қатысты тапсырма көрсетіледі. Мысалы:



Топқа арналған тапсырмалар:

  • Көздері көк үш адамды табыңдар.

  • Америкаға барған үш адамды табыңдар.




  • Бөлме иті бар үш адамды табыңдар.



Тақырыбы: Саламатты өмір салты

  • Мектепке велосипедпен баратын үш адамды табыңдар.

  • Органикалық тамақ ішетін үш адамды табыңдар.

  • Күніне үш литрден астам су ішетін үш адамды табыңдар.




    1. Оқушылар әрбір пікірге сәйкес келетін адамды тапқан кезде, осы адамға қарастырылып отырған мәселелер бойынша өздерінің қосымша екі сұрағын қоя алады. Бұл егжей-тегжейлі талқылау жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы:



Тақырыбы: Саламатты өмір салты



  • Органикалық тамақ ішетін адамды табыңдар. Болжалды қосымша сұрақтар:




  • Қандай органикалық тамақ ішесіз?




  • Сіз неге органикалық тамақ ішесіз?




    1. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында мұғалім оқушылардан қайсысы естерінде қалғандығы немесе қосымша сұрақтар арқылы басқа адамдардан нені білгендігі туралы сұрайды.




    1. Егер де Бингога арналған карточканы істеуге немесе көшірмелеуге мүмкіндік болмаса, мұғалім нөмірленген сөйлемдерді тақтаға, диаскопиялық проекторға немесе флипчартқа жазады. Одан кейін оқушылар қарсы отырған адамның нөмірін және атын жазады.

26




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   194




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет