ҚҰПИЯ
Қалыптастырылатын дағдылар:
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс құпияны табу, шешім қабылдау немесе уақиғаның болжалды түсініктемелерін қарастыру үшін оқушылардың проблемаларды шешу және шешім қабылдау дағдыларын пайдалануларына ықпал етеді. Бұл тапсырмадан кейін жауап алу жүргізілу керек. Бұл тәсіл оқушыларға мәселені білу және түсіну негізінде дәйекті айғақтар, нақты дәлелдерді келтіруге мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау
Бұл тапсырма айнала немесе жартылай айнала отырған үлкен топта немесе партада отырған шағын топта өткізілуі мүмкін.
Жұмыс алгоритмі
Оқушыларға белгілі бір сұрақ бойынша 20-дан 30-ға дейін тұжырымдар беріледі. Егер де барлық сынып тартылса, онда әрбір оқушы бір тұжырым алады және оны барлық топқа оқып береді. Шағын топтағы оқушыларға бірнеше тұжырым беріледі.
Тұжырымдарды талқылау барысында шешім топ болып қабылданған жағдайда, оқушылар барлық факторларды талқылап, оның мәнін анықтау үшін әрбір айтылған пікірді қарастырулары керек.
Тақырып: Қазіргі заманғы тілдер – Тақырыпты таңдау (үйретіліп жатқан тілдегі сөз тіркестері).
Оқушылар үйреніп жатқан тілдерінде жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін емтиханға қандай тақырып таңдауы керектігін талқылайды:
География мұғалімі Жәнібек өте көңілді.
Жәнібек апта бойы географиядан үй тапсырмасын орындаған жоқ.
Жәнібек алдағы уақытта бай болғысы келеді.
Командалық талқылауға берілген уақыт біткен соң, оқушылар өз шешімдеріне түсініктеме беріп, орынды болса нақты дәлелдерді келтіре отырып, оларды тармақтар бойынша негіздеп шығады.
Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында оқушылар шешім қабылдауға түрткі болған немесе шешілетін проблеманы анықтауға көмектескен үдерістерге назар аудара алады. Жауап алу жүргізу барысында қолдануға ұсынылатын сұрақтар:
Топ бұл шешімге қалай келді? Келіспеушіліктер болды ма? Келісімге қалай қол жеткізілді? Шешімдер әділ негізделді ме? Шешімдер дұрыс баяндалды ма?
Топ ішінде рөлдер таратылды ма және олар қаншалықты дұрыс қолданылды?
Достарыңызбен бөлісу: |