Осы сабақ білім алушылардың



бет18/194
Дата26.01.2023
өлшемі2.71 Mb.
#468775
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   194
белсенди адистер-1

ҮШІНШІСІ АРТЫҚ


Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблеманы шешу;

  • бірлескен жұмыс;

  • ақпаратты басқару.



Жалпы сипаттама

«Үшіншісі артық» – пайдалы әдіс, оны тақырыпты бастапқы зерделеу кезінде немесе білімін бекіту тәсілі ретінде тақырыпты талқылаудың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Бұл әдіс оқылатын салаға қарай оқушыларды сөздердің, сөйлемдердің, идеялардың, адамдар мен заттардың сипаттамасы туралы ойлануға итермелейді. Оқушылар осы заттардың арасындағы кез келген қарым-қатынасты тереңірек түсініп, оларды тиісінше жіктей білу үшін, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды.




Жұмыс алгоритмі

  1. Оқушылар жұпқа немесе топқа бөлінеді.




  1. Оқушыларға оқылатын сала мен тақырып төңірегінде бірқатар маңызды сөздер/идеялар/орындар/заттар беріледі. Бұл қатар, мысалы, диаскопиялық проекторда немесе үлестірме материалдағы тізім болмаса шәкіл түрінде ұсынылуы мүмкін.




  1. Оқушылар әрбір шәкіл немесе тізім бойынша артық элементті табуы тиіс. Дұрыс немесе қате жауаптың болмауы мүмкін, болмаса кез келген сөз артық болуы ықтимал. Сондықтан, оқушылар неліктен ол сөзді таңдағаны туралы дәйекті және нақты жауап бере отырып, тізімдегі басқа сөздердің арасындағы байланысты көрсетеді.



Тақырып: Қазіргі заманғы тілдер – Менің үйім (үйретіліп жатқан тілдегі сөздер)

Кереует, тоңазытқыш, теледидар, гардероб, перде, тұрақ, орындық, ванна, тумба.



  • Тұрақ артық болуы мүмкін, себебі ол бөлмені білдіретін жалғыз сөз;




Бұл тапсырма мәселені балалар үйреніп жатқан тілде талқылауға ықпал етеді.





  1. Қосымша тапсырма ретінде оқушылар қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты сөздерге қосу үшін мағынасы жақын басқа сөз ұсына алады. Сонымен қатар оқушыларға өздерінің артық сөздер тізімін не шәкілін ойлап табуға болады.




  1. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында оқушылардың тапсырмадағы сөздердің арасындағы байланысты қалай анықтағандығына және командалық жұмыстың оқушыларға басқа жағдайда байқамай қалатын түрлі байланыстарды көруге көмектескендігіне көңіл аудару керек.

24




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   194




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет