Қалыптастырылатын дағдылар:
ақпаратты басқару;
өзін өзі басқару.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады. Бұл әдіс игерілген білімге негізделеді және командалық жұмыс пен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады.
Жұмыс алгоритмі
БББ кестесіндегі «Білемін» бағанына оқушылар олардың белгілі бір тақырып немесе сұрақ бойынша нені білетінін жазады.
Егер оқушылар топтарда жұмыс істейтін болса, олар өздерінің бірлескен жауаптарын кестеге жазбай тұрып, алдымен «Стикер» тапсырмасын өткізе алады.
Содан кейін оқушылар «Білгім келеді» бағанына не білгілері келетіндігі туралы жаза отырып, өз білімдеріндегі олқылықтар туралы ойланады.
Тақырыпты меңгеру үдерісі аяқталғаннан кейін оқушылар соңғы «Білдім» бағанын толтырады. Бұл жерде олар бірінші екі бағанның дұрыстығын растайды және тақырып бойынша алған білімдерін өздерінің бұған дейін болған, «Білемін» бағанында жазылған білімдерімен салыстырады.
Тақырып: Танзания
Білемін
|
|
Білгім келеді
|
|
Білдім
|
|
Дамушы ел;
|
|
мектептер туралы;
|
|
тайпалық тұрмыс мал
|
|
Масай тайпалары;
|
|
импорт/экспорт;
|
|
өсіруге және
|
|
Килиманджаро тауы;
|
ең төмен күнкөріс деңгейі;
|
|
жаугершілікке
|
|
санитарлық қызметтердің
|
|
тайпалық тұрмыс;
|
|
негізделген;
|
|
жетіспеушілігі;
|
|
басқа географиялық
|
Нгоронгоро кратері.
|
|
Сафари.
|
|
пайдалы объектілер.
|
|
|
|
Қалай оқу керектігін үйрену жөніндегі сынып сабақтары
Бұл бөлімде Уоткинс бірнеше автормен (2000) бірлесіп ұсынған сабақтар жинақталған. Қалай оқу керектігін үйренуге басты назар аударылған. Мақсаты оқушыларға зерделеуге, ойлануға және оқыту үдерістері туралы білуге көмектесу болып табылады.
Бұл сабақтарға негіз болған оқушылар мен оқыту қағидаттары төменде берілген:
Табысты оқушы – оқумен байланысты үдерістерді түсінетін және осы түсініктерін оқу барысында кеңінен қолдана алатын бала.
Тиімді оқытуға жататын үдерістер:
түрлі мәнмәтіндерде зерделенген мәселелер арасында байланыс орнату;
басқа біреудің өз бетінше оқуы және оқу стратегиялары туралы ойлар;
оқу үдерісін тиімді ету үшін оқыту жағдайлары қандай рөл атқарғандығы туралы зерделеу;
оқытудың алдағы мақсаттарын белгілеу;
оқу кезінде өзгелермен жұмыс істеу.
Оқушының оқуға деген жалпы бейімділігін дамытуға бағытталғандықтан, бұл тарауда сөз болатын әдістер белгілі бір пәндік салаға қатысты емес, олар оқыту үдерістері мен түрлі жағдайларда оқу туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Бұл тараудың көздеген мақсаты түрлі жағдайларда оқушыларды оқытуды жақсарту болып табылады. Олар оқушылар мен мұғалімдерге ыңғайлы болу үшін әзірленген, мұғалімдер бұл әдістерді орта және кіші буын оқушыларына қолдана алады, бірақ бастауыш сынып оқушыларына пайдалану үшін біршама жетілдірілуі қажет.
Тиімді оқытуды жоспарлау кезінде тапсырмалар мен үдерістер
белсенді тыңдауға;
бірлесіп оқуға;
оқу нәтижесі үшін жауапкершілік алуға;
оқу туралы білім алуға ықпал етуі тиіс.
Осыған қол жеткізу үшін сабақтар оқыту циклінің кезеңдері бойынша құрылған:
Орындау
|
Оқушылар ойлануды, өзара бірлесіп әрекет етуді және ұжымдық жұмысты
|
|
талап ететін түрлі тапсырмаларға тартылған.
|
Талдау
|
Оқушылар сабақ туралы ойланады және олардың жеке адам, сондай-ақ топ
|
|
мүшесі ретінде оқытылуына көмектесе немесе кедергі жасай алатын танымдық
|
|
және эмоциялық аспектілерге баға береді.
|
Зерделеу
|
Оқушылар оқытуды талдау барысында аңғарған нәрселері мен болжамдарын
|
|
пысықтап, талдайды. Бұл төмендегілерді қамтуы мүмкін:
|
|
не үшін
|
оқу кезіндегі мақсаттар
|
|
қалай
|
оқу кезіндегі стратегияларды орындау
|
|
не
|
оқу кезінде әсер туғызу
|
|
қалай
|
оқу кезінде эмоцияларды сезіну
|
|
қашан, кіммен, қайда
|
оқу жағдайы
|
|
Бұл оқушылардың жаңа стратегиялар жасауына және/немесе оқытудың ескі
|
|
стратегияларын қайта қарастыруына түрткі болады.
|
Қолдану
|
Оқушылар ойланады және өздерінің жаңа немесе қайта қарастырылған
|
|
стратегияларын оқудың түрлі жағдайларында қолдануды жоспарлайды. Тиімді
|
|
оқуды жалғастырудағы мұғалімнің рөлі маңызды.
|
Жоғарыда аталған төрт кезеңде мұғалім атқаратын әрекеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |