Осы сабақ білім алушылардың


Орындау Мұғалім сабаққа, тапсырмалар мен үдерістерге белсенді тарту үшін оқушыларды ынталандырады және қолдайды. Талдау



бет37/194
Дата26.01.2023
өлшемі2.71 Mb.
#468775
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   194
белсенди адистер-1

Орындау Мұғалім сабаққа, тапсырмалар мен үдерістерге белсенді тарту үшін оқушыларды ынталандырады және қолдайды.


Талдау Мұғалім оқушылардың мәселе төңірегінде ойлануын, оны талқылау барысын және кері байланысты үйлестіреді және жаңа болжамдар мен бақылаулардың, стратегияларды бағалаудың пайда болуын ынталандырады.


Зерделеу Мұғалім оқушыларға талдау барысында пайда болған бақылаулар мен



51


болжамдарды атап көрсете отырып, нағыз стратегияларды салыстыруға және қарама-қарсы қоя білуге, олардың келесі деңгей үшін қалай өзгеретіндігін анықтауға көмектесе отырып, олардың оқу үдерісіне қолдау көрсетеді.


Қолдану Мұғалім оқыту трансфертін, нақты жағдайлар мен мәнмәтіндерге сәйкес стратегияларды жоспарлап, мақсаттарды анықтауды алға тарта отырып, оқушыларға жаңа болжамдар негізінде болашақты өзгеше жоспарлауға көмектеседі.

Алда келтірілген әдістер сипаттамасында ол әдісті қай кезде қолдану тиімді екенін көрсету мақсатында осы төрт кезең ерекшеленіп, қою бояумен беріледі.




БІЗ ҚАЛАЙША ЖАҚСЫ ОҚИМЫЗ?

Бұл әдіс Г.Гиббс зерттеуіне негізделген (1981) «Оқушыларды оқуға үйретеміз: оқушы


көзқарасы», Мильтон Кейнс: Open University баспасы.
Бұл кіріспе жаттығу оқушыға:



  • өзінің оқуы туралы ойлай бастауға;

  • өзінің оқуына әсер ететін аспектілерді айқындауға;

  • оқушы ретінде өзі туралы кейбір сәттерді аңғаруға;

  • өз оқуын қалай жақсарту туралы пікірталасқа араласуға көмектеседі.



Талдау:



  1. Өз бетіңізше өткен кезеңдердегі аса жақсы емес деген оқу тәжірибеңізді еске түсіріңіз. Бұл мектеп, спорт немесе әуестенетін ісіңіз болуы мүмкін – сіз оқуға, білуге сонша ұмтылғаныңызбен де, бұл жақсы тәжірибе бола алмады. Мүмкін сіз оқудан көңіліңіз қалғаныңызды сезген боларсыз, немесе өзіңізге қажет деген нәрсені оқымаған шығарсыз.

Оқуыңызды егжей-тегжейлі еске түсіріңіз және содан кейін оқу тәжірибеңіздің нашар болуына не себеп болғанын ойлаңыз. Бұған себеп болған аспектілерді жазып алыңыз [3 минут].





  1. Енді оқу тәжірибеңіз сәтті болған оқиғаны еске алыңыз – өзіңізге қажетті нәрсені үйреніп алған, немесе сізге білім алған қатты ұнаған болар, не сіз оқуға аса құныққан жағдайларды және т.б. еске түсіріңіз. Бұған не себеп болды? Кейбір аспектілерді жазып қойыңыз. [3 минут]




  1. Жұп болып бір-біріңізге таңдап алған тәжірибеңіз туралы әңгімелеп беріңіз. Тәжірибе неліктен сәтті болғаны немесе сәтті болмағаны туралы түсіндіріңіз.

Екеулеріңіз айтқандардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табыңыз. Жұптағы адамыңыз бен сіздің тәжірибелеріңізде ұқсас аспектілер болды ма? Пікірлеріңіз бір-біріне қарама-қайшы келетін ұстанымдар болды ма? [10 минут]





  1. Топ болып әр қатысушының кейбір түсініктемелерін жинақтаңыз. Содан кейін тәжірибе неліктен жақсы болатынын және неліктен онша жақсы болмайтынын сұраңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   194




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет