Баламаларды ұсыну және зерттеу
Әдетте баламаны ұсына алу қабілетін креативті ойлау қабілетімен байланыстырады. Оқушылар ойлаудың немесе бірдеңені орындаудың бір ғана жолы бар деп түсінбеулері керек. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:
«Көзқарасты» өзгерту. Оқушылар мінездері әртүрлі адамдарға арнап диалог құрады (мысалға, алдымен олар әйелдердің пікірі тұрғысынан диалог құрады, содан кейін осындай диалогты ер адамдардың пікірі бойынша құрады).
Бір проблеманы шешудің әртүрлі әдістерін іздеу. Мысалы, математика немесе жаратылыстану ғылымдары сабағында оқушылар бір тапсырманы, проблеманы шешудің әртүрлі тәсілдерін іздестіреді.
Рефлексивтік скептицизмді дамыту
68
Оқушылар оқу барысында өздерінің дәлелдеу және дәйектеу жүйесіне негізделген жеке пікірлері мен идеяларын қалыптастыруы тиіс. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар:
Талқылау барысында мұғалімдер оқушыларға:
негізделмеген деп санаған мәлімдемелермен келіспеуге;
расталмаған болжамдарға күмән келтіруге;
пікірлер мен көзқарастарының алдын ала пішілмей, дұрыс болуына;
түсініксіз нәрселерді түсіндіруді сұрауға;
басқалардың өз көзқарасын ұстануға құқығын (тіпті онымен келіспесе де) сыйлауға көмектесулері қажет.
Оқушылардың сенімін нығайту
Ешқашан жете бағаламауға жол бермеңіз;
Әрқашан оқушыларға, олардың пікірлеріне қызығушылық білдіріңіз;
ғасырдағы британ философы Стефан Тулмин былай деген: «Орынды, тәжірибеге негізделген дәлелдемелер әдетте алты бөліктен тұрады». Аталған бөліктерді сипаттау үшін ғалым мынадай терминдерді пайдаланған:
Достарыңызбен бөлісу: |