Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі пәні


Тақырып 13. Қазақстанның құстар әлемі



бет19/22
Дата30.09.2023
өлшемі98.41 Kb.
#479310
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Тақырып 13. Қазақстанның құстар әлемі


Мақсаты: Қазақстанның территориясындағы құстардың түрлерімен танысу
Тапсырма: құстардың коллекциялық материалдарынан бір отрядқа жататын құстарды анықтау, отрядтың басты белгілерін жазу. Оқытушының нұсқаулығымен құстың бір түрін анықтау.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Құстар жылықанды омыртқалы жануарлардың ерекшеленген тобы. Олардың өкілдеріне тән белгі – қауырсыннан жамылғысы, ол қоршаған ортаның қолайсыз температурасынан сақтайды және ұшқанда маңызды рөл атқарады. Ұшуға қабілеттілігі құстардың ең маңызды ерекшелігі (қазіргі кездегі құстардың мұндай қабілеттілігінің болмауы – қосымша құбылыстар). Барлық құстар жұмыртқа салады. Жоғарғы аяқтары қанатқа айналған және құстар әдеттегідей ұшуға қабілетті. Алайда ұшпайтындары – түйеқұстар, пингвиндер және бірнеше аралдық, өркендеу кезінде ұшуға қабілеттілігін жоғалтып алған, эндемиктер бар. Құстар асқорыту және тыныс алу жүйелерінің ерекше құрылысымен өзгешеленеді, ол олардың ұшуға бейімделгенімен байланысты. Кейбір құстар, әсіресе, қарғалар және тотықұстар, тез үйренуге бейім, басқалары «қолқа түскен» «құралды» пайдалана біледі, үшіншілері өмірден алған дағдыларын ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады.

Тақырып 14. Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылықтың аңдары, оларды есептеу тәсілдері.


Мақсаты: Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылықтың аңдары, оларды есептеу тәсілдерін қарастыру
Тапсырма: Қазақстандағы терісі бағалы аңдардың түрлері. Қызыл кітапқа енген терісі бағалы аңдардың түрлері.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Қазақстан жерінде құнды тері, дәмді ет, дәрі – дәрмектік шикізат беретін жабайы аңдар мен құстардың алуан түрлері тіршілік етеді. Мұнда біздің елімізде кездесетін 1244 түрлі омыртқалы жануарлардың (балықтардан басқа) жартысына жуығы тараған.Бұларға сүт қоректілердің 158 түрі, құстардың 485 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 52 түрі және қос мекенділердің 12 түрі жатады.Жер бетінде тараған омыртқалы жануарлардың арасында халық шаруашылығына аса маңыздыларының біріне терісі бағалы аңдар мен кәсіптік тұрғыдан ауланатын жабайы тұяқты жануарлар жатады.
Қазіргі кезде Қазақстан бойвнша жыл сайын 700 – 800 мың сомның бағалы жабайы аң терісі дайындалады. Өлкемізде таралған барлық сүтқоректілердің ішінде 50 – ге жуық түрі әр түрлі маусымда терісі үшін ауланатын аңдардың қатарына жатады.Негізгі ауланатын хайкандарға ондатр, ақтиын, суыр, зорман, кәдімгі саршұнақ , қызыл түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян (3 түрі). Күзен (2-3 түрі) сияқты аңдар жатады.Сирек кездесетін, бірақ терісі аса бағалы бұлғын, құндыз, сілеусін, қара және сары күзен сияқты аңдарда бар.Сонымен қатар ауыл шаруашылығына зиянды су тышқаны, бұзаубас, ұшар, аламан сеікілді ұсақ кеміргіштер де ауланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет