Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі пәні


№ 8 дәріс тақырыбы: Қазақстандағы өсімдіктер ресурстарын аудандастыру және оларды зерттеу жұмыстарының болашағы



бет9/22
Дата30.09.2023
өлшемі98.41 Kb.
#479310
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

№ 8 дәріс тақырыбы: Қазақстандағы өсімдіктер ресурстарын аудандастыру және оларды зерттеу жұмыстарының болашағы


Аудандастыру – территорияны бөлу әдісі және үрдісі. Аудандастыру және аудан құрастыру, олардың қарым-қатынасы. Аудандастырудың мақсаты және оның аудандастырудың нәтижесіне тигізер әсері. Аудандастыру кеңістіктің дискреттік көрсеткіші. Аудндастыру мен территориялық дифференциация. Аудандастыру және таксономия. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды ғылыми түрғыдан қамтамасыз ету жүмыстарында физикалық географиялық аудандастырудың алатан орны. Біртекті ғылыми ауданндастырудың табиғи ортаны салалық және комплекстік түрғыдан тиімді пайдалану жүмыстары үшін дүрыс пайдалану жолдары-территорияның ресурстық және экологиялық ахуалына баға беру, табиғи ортаның ресурстарын тиімді пайдалану мен оны жақсарту шаралары. Территорияның зерттелу деңгейіне, оның жер бедерінің пішінінің күрделілігінежәне қойылған мақсатқа байланысты аудандастырудың нақтылық деңгейін анықтау. Физикалық географиялық аймақтарға сипаттама беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді дүрыс тандай білу. Ұқсастық пен айырмашылық деңгейлеріне байланысты аймақтарды топтастыру. Қолданбалы мақсаттағы аудандастыру картасын күрастыру және жіктелген топтарға жазбаша сипаттама беру.

№ 9 дәріс тақырыбы: Жануар әлемінің ресурстары. Қазақстан жануарларының ресурстары және олардың биоценоздар мен шаруашылықта алатын орны


Жануарлар әлемінің зоналық және аймақтық ерекшелiктерi. Жануарлар әлемінің пайда болуының негiзгi факторлары. Фаунаның зоналығы және зоогеографиялық аудандастыру. Өзендер және суаттардың жануарлар әлемі.
Қазақстанның су ресурстары – Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.
Өзен ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3- ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көлемі 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3- ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көлемі 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Соңғы кезде су ресурстарының сандық және сапалық сарқылуы жүріп жатыр. Адамзат өз қажеттілігіне негізінен гидросфера жалпы көлемінің 1% құрайтын тұщы суды пайдаланады. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит, жер асты және мұздықтардың суын тұщыландыруды қарастыру керек. Бұлардың ішінде жер асты суларының біршама болашағы бар.
10 дәріс тақырыбы: Су жануарларының ресурстары
Каспий тілтісті дөңгелек ауыздылар класының өкілі. Балықтәрізді жануарлардың ұзындығы 2 см , салмағы 200 г дейін. Аузы түтік тәрізді, көптеген мүйізді тістері болады, оны сорғыш ретінде пайдаланады. Уақытының көбін Каспий теңізінде тұзды суында өткізеді, ал уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне көтеріледі. Су температурасы 110о-қа төмендегі көбею үшін, қоныс аудару басталады. Уылдырығын өзеннің құмды, топырақты таяз жерлеріне шашады. Уылдырық шашудың ауыр жолын игеру үшін , жолға шығар алдында денесінің 34% май болады. Бұрын бұл жануарларды ұстап, кептіріп, майын жарық үшін пайдаланған болатын, қазір тамақ үшін пайдаланады.
Майқап- Қазақстандағы талбырттардың бір өкілі. Оңтүстік Алтай өзендері мен Марқакөл көлін мекендейді.Бұл қарақоңыр жалтыраған жжыртқыш балықтың салмағы 2,5 кг. Бентос балық немесе суға түскен сүтқоректілермен қоректенеді. 4 жылдан кейін жынысты жетіледі. Көктемде құмды және ұсақ тасты таязх суларда уылдырықтарын шашады. Кәсіптік түр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет