Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі пәні


№ 4 дәріс тақырыбы: Қазақстанның илік заттары өсімдіктері және оларды тиімді пайдалану. Қазақстанның қош иісті (ароматты) өсімдіктері



бет7/22
Дата30.09.2023
өлшемі98.41 Kb.
#479310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

№ 4 дәріс тақырыбы: Қазақстанның илік заттары өсімдіктері және оларды тиімді пайдалану. Қазақстанның қош иісті (ароматты) өсімдіктері.


Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор.Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын,татымды дәмі бар, дәрілік, бояулық, сәндік, қош иісті өсімдіктер аз емес. Көптеген түрлі өсімдіктер жабынының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады, ал кейбіреулері өте қиын, күресуге бой бермейтін арамшөптер. Тұқымдасты 21 тұқымдастармағына бөледі.
Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceal. Түрлерінің саны 3 мыңдай (115 туыс), олар Солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климаттыелдерінде кеңінен тарқалған. Қара қарақат (Тасжарғандар тұқымдасы) Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орал өзенінің бассейніне дейін тараған, ал оңтүстік-шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғалды жерді жақсы көреді, өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғалды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қара қарақатқа тән бір ерекшелік жапырағы мен жас бұтақтарының төменгі жағында болатын сары бездің болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде тамыз айларында пісіп жетіледі. Түқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық ай-мағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта, көкөністерді консервілеуде жапырағы хош иіс беруге кеңінен қолданады.

№ 5 дәріс тақырыбы: Қазақстан флорасындағы балды өсімдіктер.


Азық қорын тиімді пайдалану ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы Совет үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылқтағы жалпы табыстың-кірстің 35-50 % ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекамдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30 % пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануға негізделген. Сондықтан ара- шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Көп өсімдіктердің гүлдері қос жынысты бірақта жиі гүлде біздер тек аталықты немесе тек аналықта көреміз мұндай гүлдер біржынысты деп аталады. Егерде аталық және аналық гүлдері өсімдіктің бір индивидінде орналасса оларды бір үйлі ал егерде әртүрлі индивидтерге орналасса екі үйлі деп атайды. Бірүйлі өсімдіктерге мысалы , асқабақ, емен, қияр сияқты өсімдіктер жатады. Ал екі үйлі өсімдіктерге Тал (Salix), терек (Populus- Тополь), кенешөп (Сannabis- канопля), құлмақ (Humulus- Хмель) жатады. Кейбір өсімдіктердің қосжынысты гүлдерімен қатар біржынысты гүлдері бар. Ол гүлдердің екі типіде әртүрлі комбинацияда кездеседі. Мұндай өсімдіктер көп үйлі немесе көп некелі деп аталады. Өсімдіктердің бұл тобына үйеңкінің (Acer- клен) түрлері, Шаған (Fraxinus - ясень), қарамық (Fagopyrum- гречиха), қауын (Melo- Дыня), күнбағыс (Helianthus- Подсолнечник) және т.б жатады. Жеміс тек гүлдерде пайда болады, гүлдерде жемістік болады. Жемістің пайда болуы үшін аталықта тозаңдар пісіп жетіліп әртүрлі жолдармен, аналықтың аузына барып түсуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет