Основные Негізгі: Байқау әдісі Тікелей қабылдау


Психологияның негізгі міндеті



бет2/9
Дата09.07.2023
өлшемі33.61 Kb.
#475607
1   2   3   4   5   6   7   8   9
психология сынақ

Психологияның негізгі міндеті психикалық іс әрекеттіі оның даму барысымен байланысты зерттеп,тану.Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні,осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні,психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқандығы айқындалады.
Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді:
Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі (4-5 ғ.ғ. біздің дәуірге дейінгі 19 ғ-дың 60-шы ғ.ғ.). Бұлшамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Арестотельден (348-322) басталатын философиялық ілім тарихы.
Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процесстерге бөлінетіндігін айтса, келесі бір грек ғылымы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет де п түсіндіреді.
Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.
Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (19 ғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін)көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.
XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым.
Тақырып: Психологияның түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет