Функциялық ассиметрия анализатордың бiр жағының жетекшi, доминантты болып табылатынын бiлдiредi.
Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау.Заттардың көлемi мен түрiн қабылдауда олардың көздiң тор қабығында бейнеленуiнiң үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен кескiн, кiшi заттарға кiшi кескiн сәйкес келедi. Адамның көз құрылысының ерекшелiгiне байланысты алыста орналасқан зат, көлемi жағынан бiрдей болғанымен, жақын қашықтықтағы затқа қарағанда, кiшi болып бейнеленедi. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау көру, сипап сезу және бұлшықеттiк-қимылдық түйсiктердiң күрделi үйлесiмi негiзiнде жүзеге асады.
Заттардың аумақтылығы мен қашықтығын қабылдау.Заттардың аумақтылығын немесе тереңдiгiн қабылдауда бинокулярлық көру (немесе екi көзбен көре қабылдау) негiзгi рөл атқарады.
Тақырып: Психологияның негізгі зерттеу әдістері, салаларына толық тоқталу.
Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.
Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.
Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады.
Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент- әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.
Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады.
Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу.Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |