Основные Негізгі: Байқау әдісі Тікелей қабылдау



бет6/9
Дата09.07.2023
өлшемі33.61 Kb.
#475607
1   2   3   4   5   6   7   8   9
психология сынақ

Қабылдаудағы иллюзия. Түрлi себептерге байланысты шындықтағы объектiлердi қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан-алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың сынған сияқты көрiнуi физикалық қасиеттермен түсiндiрiлсе, кейбiр нәрсе жөнiндегi жаңсақ пiкiрлер әр түрлi ерекшелiктерiне байланысты.
Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжiрибесiнiң мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейдi. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып, оның бұрыңғы тәжiрибесiнде кездескен болса, онда адам оларды дұрысырақ, тереңiрек қабылдайды.
Апперцепция тұрақты және уақытша болып екi түрге бөлiнедi. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, бiлiмi мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Апперцепция затты түрлi жағынан бағалай алу, адамның оны өзiнше талқылап, өзiнше өз көзқарасын бiлдiре алуы. Әртүрлi иллюзиялардың негiзiнде адам жаңсақ пiкiрде болады. Оны уақытша апперцепция дейдi.
Тақырып: Түйсік туралы жалпы ұғым, түйсіктің заңдылықтары мен түрлері.
Түйсіктің заңдылықтары.
Түйсіктердің қарқындылығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен икемделу деңгейіне тәуелді болып қалмастан,бір уақытта сезім мүшелеріне әсер етіп жатқан басқа да тітіркендіргіштерге байланысты.Басқа сезу мүшелеріне түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализаторларының өзгеріске келуі түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады.Мысалы:күшті дыбыстық әсер :ысқырық ,көру түйсігін артырады.Кейбір иістердің көру мен есту сезімдерін көтеруі не әлсіретуі ғылымда дәлелдеген.Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір біріне жүйелі ықпал жасап отырады.Өзара ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер ,талдағыштар сезімін жоғарлатады,ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді,бұл жалпы заңдылық.
Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы сенсибилизация деп аталады.Сезгіштік деңгейінің жоғарлауы екі сипатта көрініс береді:1) ұзаққа созылған ,тұрақты ,ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты.2)уақытша ,субъекті кейпіне ,физиологиялық не психологиялық себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды,яғни қосарласқан түйсңк пайда болады.Бұл құбылыс психологияда синестезия деп аталады.Мысалы:кейбір адамдар біреудің ас,тағам жөнінде әңгімесін ести отырып бұған қоса түрлі дәмдер мен дастархан бетіндегі түрлі түстерді де сезінуі мүмкін.
Бірінші жағдайда көз түк көрмей қалады,көздің күшті жарыққа үйренуі үшін біраз уақыт керек болады,ал екінші жағдайда аса жарық жерден қараңғы бөлмеге кірген адам алғашқыда көруден қалып,осы жағдайға икемделуі үшін оған 20-30 мин уақыт керек.Мұндай құбылыс сезім мүшелеріміздің бәріне тән.Осыдан ,сезім мүшелерінің тітіркендіргештерге біртіндеп икемделуін адаптация деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет